На головну

Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні

  1. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
  2. Адами ресурстармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарын анықтаңыз
  3. Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
  4. Айналма қисықтардың негізгі элементтерінің есебі және оларды бөлу.
  5. Аккордық енбекақының мәнін ашыңыз, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
  6. АТМ тораптарының негізгі принциптері
  7. Аттестациялық үдерістің негізгі кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.

Химиялық сараптаматауар қасиеттері мен сапасының құжаттамасында баяндалғандардың сәйкестігін белгілеу, зерттелетін объектінің сапалық және сандық химиялық құрамын анықтау,есірткі құралдарына, күшті әсер ететін және улы заттарға қатыстылығын анықтау мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- объект қандай типке, түрге, маркаға жатады;

- оның құрамында бағалы металдар жоқ па;

- объектінің химиялық құрамы қандай;

- объектідегі компоненттердің құрамы қандай;

- тауардың сапасы ұсынылған құжаттамаға сәйкес келеді ме;

- СЭҚ ТН ЕурАэЭС бойынша тауардың кедендік атауын анықтау.

Классификациялық сараптама нақты тауарлардың СЭҚ ТН ЕурАэЭС көрсетілген талапқа жатқызу мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- объектіні зерттеуге ұсынылғанды сәйкестендіру;

- тауардың кедендік атауын СЭҚ ТН ЕурАэЭС бойынша анықтау.

Технологиялық сараптама тауардың Қазақстан Республикасының кеден «аумағында» немесе «аумағынан тыс» кеден режимінде қайта өңделу мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- объектінің шығу орнын анықтау;

- зерттелетін өнімде шикізатты сәйкестендіру:

- өнімнің немесе шикізаттың белгілі бір түрінің шығу орнын анықтау;

- белгілі бір объектіні өндіру кезінде шикізатты қолданудың толықтығын анықтау.

Сертификатталған сараптама тауардың сапасын анықтау мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- зерттелетін объект нақты нормативтік-технологиялық құжатқа сәйкес келеді ме;

- зерттеуге ұсынылған объектінің сапасы, маркасы, сорты қандай;

- тауардың сапасы ұсынылған құжаттамаға сәйкес келеді ме.

Материалтану сараптамасы тауардың заттардың, бұйымдардың және материалдардың нақты класына жататынын анықтау мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- зерттеуге ұсынылған бұйым қандай материалдан жасалған;

- материалдың физикалық, химиялық және механикалық қасиеттері қандай;

- зерттелетін материалдың жіктелуіне әсер ететін технологиялық белгілер қандай.

Саудагарлік сараптама тауардың сапасын, оның тауардың бағасына әсер ететін негізгі қасиеттері мен факторларын анықтау мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- жеке бірліктің бір топқа жататынын анықтау;

- зерттеуге ұсынылған тауардың сапасын анықтау;

- зерттелетін тауардың бар стандарттарға сәйкестігі;

- зерттелетін тауардың пайдасы мен қауіпсіздігін анықтау;

- зерттеуге ұсынылған тауардың тұтыну құнын анықтау;

- тауардың кедендік атауын СЭҚ ТН ЕурАэЭС бойынша анықтау;

- тауар қасиеттерінің нормативтік құжаттарға сәйкестігін анықтау.

Экологиялық сараптаматауарды әкелу немесе тауарды нақты кедендік режимге орналастыру мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- тауардың экологиялық және пайлалану қауіпсіздігін анықтау;

- озонды жою заттарының болуын анықтау.

Минералогиялық сараптама(геммологиялық сараптама) бағалы тастар табиғатын, олардың сапалық және құндық белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- зерттелуге ұсынылған тастар қандай атауларға ие;

- олар табиғи, жасанды немесе қайта өңделген бе: олардың салмағы, көлемі қандай;

- тастардың пайда болу көзін және олардың бағасын анықтау;

- коллекциялық материалдардың ғылыми-тарихи құндылығы қандай.

Өнертану сараптамасыөнер шығармашылығыныңжәне антиквариат затының тарихи, көркемдік-мәдени, ғылыми маңыздылығын анықтау мақсатында жүргізіледі мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- зерттелетін зат өнер және мәдениет шығармашылығына жата ма, ол антиквариат заты болып табылады ма;

- зерттелетін заттың шығу тегі қандай;

- осы заттың тарихи, көркемдік-мәдени, ғылыми маңыздылығы қандай.

Криминалистикалық сараптамакедендік сәйкестендіру белгілерінің бұзылуын,деректемелердің, құжаттардың жалғандығын

- мөр нысаны қандай тәсілмен жасалынған;

- мөр (мөртаңба), құжатта бар бедерлеме фабрика өндірісі тәсілдері бойынша жасалынған ба;

- мөрдің (мөртаңбаның) бедерлемесіне еліктеулік бар ма;

- еліктеу қандай тәсілмен жасалған;

- банкнот (чек) тиісті елдің ақша белгілері мен мемлекеттік бағалы қағаздарын өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорынмен жасалынған ба;

- қолжазба мәтіндері (қолдар) зерттелетін бірнеше құжаттарда немесе мәтіннің әр түрлі фрагменттерінде бір адаммен ғана орындалған ба;

- акциздік марка жалған емес пе;

- құжатта тазартулар, түзетулер бар ма.

Радиологиялық сараптамакеден шекарасы арқылы өткізу кезінде тауарлардыңжәнекөлік құралдарының радиациялыққауіпсіздігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

4. Сараптамалардың методологиясы (жалпы, жеке)

Сараптаманың барлық түрлері жататын ғылым мен қолданбалы экономикалық пәндердің дамуы адамдардың қолданбалы қызметінде қолданылатын методологияны құрумен байланысты. Білімнің осы немесе өзге де жеке салаларының бөлінуіне байланысты объективтік заңдардың жалпы және жеке болып бөлуіне қатысты сараптамалардың методологиясы жалпы және жеке болуы мүмкін.

Сараптаманың жалпы методологиясы дегеніміз -білімнің жалпы ғылыми теориясы, ол жалпы ғылыми білімнің даму заңдарын зерттейді.

Жеке немесе қолданбалы сараптама методологиясыэкономикалық ғылым заңдарына, нақты процестерді тану ерекшеліктеріне негізделеді және бір жағынан, теориялық жалпыламаларда, осы ғылымның қағидаттарында, ал екінші жағынан, зерттеудің қолданбалы әдістерінде байқалады.

Сараптамада қолданылатын зерттеудің жалпы ғылыми әдістері материалистикалық философия әдістеріне негізделеді.

Сараптаманың нақты ғылыми методологиялық тәсілдері- бұл сараптамалық зерттеудің ерекше тәсілдері, практикаға қол жеткізу негізінде әзірленген, сондай-ақ экономикалық және заң ғылымдарының дамуы.

Есептік - талдау тәсілдері - бұл экономикалық талдау, статистикалық есептер, экономикалық - математикалық әдістері.

Құжаттық әдістемелік тәсілдер - бұл ақпараттық моделдеу, нормативтік - құқықтық реттеу, есептік құжаттарды зерттеу.

Сараптаманың нәтижелерін жинақтау және іске асыру - бұл сарапшының қорытындысындағы нәтижелерді жүйелі баяндау, сараптаманың нәтижелерін іске асыру.

Осылайша, сараптама әдістері дегеніміз - бұл сараптама құжаттарында көрсетілген тауарлардың тұтынушылық қасиеттеріне сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде қолданылатын әдістемелік тәсілдердің жиынтығы.

Кеден сараптамаларын жүргізу үшін сараптамалық зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады, олардың бір бөлігі кеден мақсаттары үшін арнайы әзірленген:

Органолептикалық әдістерсапалық және диагностикалық белгілері мен көрсеткіштеріне жататын заттарға (өнімдерге) тән ерекшеліктерді адамның сезінуі немесе сезімімен қабылдауын талдауға негізделген. Бұл әдістерді бұрыннан ас өнімдерін, хош иісті заттарды, кейбір тұтынушылық тауарларды, сондай-ақ бағалы тастарды бағалау кезінде қолданған.

Бағалы материалдарды сатып алуға мәміле жасасқан кезде зергерлер бұрыннан бағалаудың және диагностиканың дәйекті әдістерін пайдаланған. Нақтылығы мен сенімділігі шектелген, әрі сарапшының біліміне, тәжірибесіне және физиологиялық мүмкіндігіне байланысты болғанымен, органолептикалық талдау әдістері дәстүрлі классикалық болып саналады.

Органолептикалық әдіс - ең қарапайым және үнемді әдіс, ол түрлі материалдарға, өндірістік және тұтынушылық тауарларға, ас өнімдеріне тез әрі нұсқан келтірместен диагностика жүргізіп, бағалауға мүмкіндік береді.

2. Есептеу әдістері тауарлардың (материалдардың) диагностикалық және сапалық белгілері мен кейбір басқа да параметрлерінің арасындағы теориялық және эмпирикалық тәуелділікті белгілеуге негізделген. Мысалы, белгілі бір массадағы зергерлік тастарды қою диаметрі мен олардың тығыздығы арасында тәуелділік белгіленеді, ол өлшеу және кейін есептеу арқылы олардың жедел диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.

3. Құралдар әдістер - техникалық құралдардың көмегімен материалдардың физикалық - химиялық қасиеттері мен әр түрлі белгілерін анықтайтын көрсеткештеріне негізделеді. Белгіленетін белгіге қатысты тиісті әдістеме және аппаратура қолданылады. Құралдар әдістерінің сезімталдығы, нақтылығы және сенімділігі органолептикалық және есептік әдістерден едәуір асып түседі.

 



Сараптамалардың негізгі кластары | Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы

Кедендік сараптама, кеден сараптамасының заты мен объектісі | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі | Сурет. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері | Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. | Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері | Сурет. Тауарлардың қауіпсіздік түрлері және оларға әсер ететін әрекеттердің табиғаты | Кедендік сараптаманың жіктелуі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати