На головну

Сурет. Тауарлардың қауіпсіздік түрлері және оларға әсер ететін әрекеттердің табиғаты

  1. D) изоморфты және аморфты
  2. Автоматтандыру цехында немесе автоматтандыру өнеркәсібінде ұйымдастыру бөліміндегі техника қауіпсіздік сұрақтарын зерделеу
  3. Азақстан Ұлттық банкінің өкілеттілігі және құқықтары
  4. Азақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен функциялары және оларды Агенттікпен бөлісуі.
  5. Азақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары
  6. Айналдырғыштар түрлері
  7. Айналма қисықтардың негізгі элементтерінің есебі және оларды бөлу.

Механикалық қауіпсіздік көрсеткіші негізінен азық-түлік емес тауарлар: киімдер, аяқ киімдер (шұлық бұйымдары үшін - тігіс қалыңдығының коэффициенті, киім тігу бұйымдары үшін - тігістері мен жырықтарына қойылатын талаптар, аяқ киімдер үшін - ұшы мен сіресінің деформациясы көлемі, автоматтық құралдыр (қауіпсіздік белбеуінің, амортизаторлардың болуы, салонда және кузовта шығып тұрған детальдардың болмауы) үшін белгіленеді. Ас өнімдері үшін механикалық қауіпсіздік нормасы қойылмайды.

Электр, магнит және электромагнит қауіпсіздігі - күрделі техникалық тауарларды пайдалану кезінде электр, магнит және электромагнит алаңының әсерінен болуы мүмкін зиянға жол бермеу. Қауіпсіздіктің осы түрлері тек электр тауарларына тән, оларды қосу кезінде электр тогы көздерінде әр түрлі жиіліктегі және қуаттылықтағы электр, магнит және электромагнит алаңы пайда болады. Егер мүмкіндік деңгейі бұзылатын болса, бұл алаңдар адам ағзасына кері әсер етеді.

Адам ағзасына әсер ету деңгейі электр тауарларының түрлеріне және маркаларына, олардың жұмыс істеу ұзақтылығына және электрді пайдалану ережелерін сақтауға байланысты болады. Едәуір күшті электр және электромагнит алаңдарын тудыратын тұрмыстық құралдарға СВЧ-пештері, әсіресе, түрлі-түсті теледидарлар жатады.

Термикалық қауіпсіздік - тауарларды пайдалану және тұтыну кезінде жоғары температураның әсерінен тұтынушыға келтірілетін зиянды болдырмау. Жылыту құралдарын пайдаланған кезде, сонымен қатар дайын ас өнімдерін ыстық күйде беру және сату кезінде де термикалық қауіпсіздік сақталуы қажет.

Санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік - тұтыну тауарларының әр түрлі биологиялық зақымдануынан туындайтын қауіпті болдырмау. Оларға микробиологиялық және зоологиялық зақымдану жатады.

Микробиологиялық зақымдану (ауру) әр түрлі микроорганизмдерді тудырады. Сонымен қатар азық-түлікте әр түрлі ауыртпалықтағы улануды болдыратын әр түрлі заттар көгерген кезде болатын микотоксиндар, шіріген кезде болатын өлік және өзге де улар, ботулинустық, сальмонелланың, стафилококтың, ішек таяқшаларының токсиналары және т.б. жиналады. Екінші топтағы биологиялық зақымдануды зоологиялық деп атауға болады, себебі олар жануарлар әлемінің өкілдері (насекомдар, кеміргіштер, құстар) арқылы пайда болады. Бұндай биологиялық зақымданудың нәтижесінде тек тауардың бір бөлігін жануарлардың жеп қоюынан оның бүтін күйінің бұзылуынан тауар саны азайып ғана қоймай, сонымен қатар зақымдалған тауарлар насекомдардың, кеміргіштердің және құстардың экскременттерімен ластанады, сондай-ақ патогендік микроорганизмдермен инфикция болуы мүмкін, олар аусыл, сібір обасы, холера, псевдотуберкулез және басқа да ауруларды тудырады.

Өрт қауіпсіздігі - тауарларды сақтау және пайдалану кезінде олардың өртенуі немесе өздігінен өртенуі нәтижесінде тұтынушылардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіптің төнуіне жол бермеу.

Өртену көбінесе азық-түлік емес тауарларға тән, бірақ өрт қауіпсіздігі сақталмаса, барлық тұтыну тауарлары, оның ішінде азық-түлік өнімдері де өртенуі мүмкін. Алайда, этил спирті, мұнай өнімдері, лактар, бояулар, ерітінділер, жылу құралдарын жалынның ашық көздеріне жақын жерде, күннің көзінде сақтауға болмайтын фотокинотауарлар өрттілігінің күштілігімен ерекшеленеді.

Тұрмыстық электротехникалық құралдарды, автомобильдерді, электр жабдықтарын, теледидарларды, радиоқабылдағыштарды және т.б. пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор.

Сонымен қатар құрылыс материалдары және ағаштан, полимерлік материалдардан, қағаздардан, картоннан жасалған басқа да бұйымдар; киімдер мен аяқ киімдер, ас өнімдерінен - өсімдік майлары, ас мал майлары жоғары деңгейде өртенуге қабілетті.

Бидай өнімдеріне, кейбір көкөністерге (жуа, сарымсақ) ерекше көңіл бөлген жөн, олар өздері бөліп шығаратын жылудан өздігінен өртенуі мүмкін.

_______________



Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері | Кедендік сараптаманың жіктелуі

Тауар сараптамасының негізгі элементтері | Кеден сараптамасының даму тарихы | Сауарлардың сапасы | Кедендік сараптама, кеден сараптамасының заты мен объектісі | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі | Сурет. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері | Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. | Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати