На головну

Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері

  1. D) изоморфты және аморфты
  2. Азақстан Ұлттық банкінің өкілеттілігі және құқықтары
  3. Азақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен функциялары және оларды Агенттікпен бөлісуі.
  4. Азақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары
  5. Айналма қисықтардың негізгі элементтерінің есебі және оларды бөлу.
  6. Аналогтық коммутацияланған және бөлініп алынған желілер
  7. Басқарылушы жүйелердің математикалық модельдерін алу жолдары мен ЭЕМ алгоритмдарын құру және басқару

Психологиялық қасиеттері -тауарлардыңтұтыну (пайдалану) кезінде тұтынушының жанының жайлылығын қамтамасыз ету қабілеттілігі.

Жанның жайлылығы -ішкі жан дүниесінің тыныштығы, өзімен және қоршаған ортамен түсінбеушіліктің болмауы. Біреулер үшін жанның жайлылығы сүйікті, дағдылы зат болуы мүмкін, ал біреулер үшін ол үнемі жаңарып отыруы тиіс.

Психологиялық талаптар дәм, түс, дауыстың қаттылығы мен тембрі, бейненің айқындылығы және т.б. арқылы қабылданады. Мысалы, жер шары аймағында жеке ас өнімдерін қабылдау ұлттық, діни, отбасылық және басқа да салт-дәстүрлермен айқындалады. Француздар үшін деликатес болып саналатын бақа еті славян елдерінде тамақ ретінде қолданылмайды. Мұсылмандар шошқа етін арам деп жемейді, ал индустар сиыр етін жемейді, себебі Индияда сиыр - қасиетті мал.

Тұтынушы азық - түлік емес тауарларға, әсіресе күрделі техникалық тауарларға белгілі бір психологиялық талаптар қояды. Мысалы, тұрмыстық аудио және бейне техника адамның дыбыс және дәйекті ақпаратты қабылдауының психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы тиіс. Мәселен, дауыстың қаттылығы, кадр санының немесе уақыт бірлігіндегі жолдардың көп болуы шаршап-шалдығуға, нерв жүйесінің қатты қозуына әкеледі. Сондықтан бұндай тауарларды ұзақ және жиі қолдану денсаулық үшін қауіпті.

Психофизиологиялық қасиеттер - адамның психофизиологиялық мүмкіндіктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету, психологиялық және физиологиялық қажеттілігін кешенді қанағаттандыру қабілеттілігі. Органолептикалық қасиет осы қасиеттердің алуан түрлерінің бірі болып табылады, оның негізін адамның тауардың жеке қасиеттерін сезім органдары арқылы оның қажеттілігін болжайтын психофизиологиялық және физиологиялық және психологиялық жай-күйіне қатысты психофизиологиялық қабылдауын құрайды. Мысалы, шаршау, стресс, деприссия, әр адамда бірдей қажеттілікті тудырмайды. Кейбіреулер жүйкенің тозуын алкоголь сусындарының, шайдың, кофенің, темекі бұйымдарының, ал кейбіреулері тәтті тағамдардың (шоколад, кәмпит және т.б.) көмегімен шешуге тырысады.

Адамның физиологиясы тұрғысынан қарағанда, бұл өте түсінікті. Өте күшті дәм мен иісті сезу кезінде адам миының бір бөлігінің қозуы екіншісіне, яғни дәм мен иісті қабылдауды қамтамасыз ететін бөлігіне ауысады. Ежелгі дамыған елдер өздері сезбестен әр түрлі хош иістердің, хош иісті шөптердің көмегімен нерв жүйесін емдеген.

Бір түрлі ас өнімдерін әр адам әр түрлі қабылдайды, ең бастысы қанағаттандыру сезімін туғызады. Мәселен, шай ішуді жақсы көретіндер бір кесе шайдан, ал кофеқұмарлар - бір кесе кофеден қанағаттанады. Ресей тұтынушыларының көпшілігі тұздалған капустаны немесе тұздалған қытырлақ қиярларды ұнатады, ал солған қиярларды ақауы бар ас ретінде қабылдайды.

Эстетикалық қасиеттері - қоғамдық құндылықтар нысанының сезімде қабылданатын белгілерінде көрінетін тауарлардың қабілеттілігі. Заттардың эстетикалық қасиеттерін эстетика ғылымы зерделейді, ол табиғаттағы, заттардағы, көркем шығармашылықтағы және өмірдегі әдеміліктің мәні мен нысандары туралы ғылым.

Тұтынушылардың көбі әдемілікке және үйлесімділікке талпынады. Алайда, олар туралы әр адамның көзқарасы әр түрлі, бұл тек жер шарының әр түрлі аймақтарында тұратын және әр кезеңде өмір сүретін адамдарға ғана тән емес, сондай-ақ бір елде тұратын, тіпті бір отбасындағылардың көзқарастары да әр түрлі болады. Психологиялық қажеттіліктер мен олардың әр алуандылығы - эстетикалық қажеттілігі - жеке дара, сондықтан тауарлардың эстетикалық қасиеттерін қамтамасыз ету күрделі болады.

Сыртқы түрі - нысанды, түсті, сыртқы жағдайды, кейде тұтастылықты білдіретін көрсеткіш. Әр түрлі тауарларды эстетикалық тұрғыдан қабылдау үшін сыртқы түрдің атап көрсетілген бірлік көрсеткіштерінің маңыздылығы бірдей болмайды және тауарлардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Стиль - белгілі бір дүние тану арқылы енген көркем бейнелеу құралдарының тарихи ортақтастығы. Стильдің құрылуының негізгі шарты - дүние тану және оның көрсету құралдарының бірлестігі. Стиль кезеңдік және фирмалық стиль болып бөлінеді. Кезеңдік стиль - қоғамдық өмірдің ұзақ кезеңдеріндегі эстетикалық көрсеткіштердің өзіндік «түп қазығы» болады. Мысалы, романтикалық, готикалық, барокко, рококо стильдері.

Фирмалық стиль - фирма имиджін және оның шығаратын тауарларын анықтайтын бірыңғай анық бейнеленген стиль. Алайда, фирманың беделін дизайнның көмегімен бекіту, нарықтың белгілі бір сегментін ұстау үшін өз тауарларын белгілі етуді күшейту оның негізгі тағайындалуының бірі болып табылады. Шетелдің көптеген ірі фирмалары өзінің оң жыл, тіпті жүз жыл бойғы фирмалық стилін сақтауға талпынуы осыған дәлел болады, әсіресе, көркем безендендіруде әр түрлі орамдар мен маркалаулар пайда болды. Сыртқы эстетикалылығы оның жай-күйі, текстурасы, шығып тұрған детальдары бойынша бағаланады. Осы көрсеткіштердің үшеуі де бір мезгілде бағаланғанымен, сырттай эстетикалық тұрғыдан қабылдауға бірінші кезекте нысан мен түс әсер етеді.

Композицияның тұтастылығы сыртқы белгілердің ішкі құрылымға өзара тепе-теңдік байланысын бейнелейді және екінші деңгейдегі элементтердің негізгі элементтерге бағыныштылығын, бұйымның барлық бөліктерінің стильдік шешімдерінің бірлестігін болжайды. Эстетикалық тұрғыдан қабылдау кезінде композицияның тұтастылығымен қатар тауарлардың зақымдалуының болмауын сипаттайтын тауарлардың тұтастығы да бағаланады. Соңғысы нысанды (киім, аяқ киім детальдарының болмауы, ыдыстардың механикалық зақымдануы), түсті (мысалы, микробиологиялық бұзылуы) және сыртқы жай-күйді (мысалы, тесіктер, қиып кетулер, жарылып кетуі, үзілуі және т.б.) нашарлатады.

Сән - тұтынушылардың белгілі бір қоғамдық ортада тауарлардың сыртын безендендіруден туындаған немесе қалыптасқан талғамының пайда болуы. Сән стильге қарағанда, белгілі бір дүние тануды бейнелейтін жасанды-көркемдік құралдардың уақытша ортақтастығы. Сән, әдетте, заттық ортаның едәуір қозғалмалы элементтеріне таралады және ол адамның қоршаған ортаны өздерінің заты етуге, пайдаланатын тауарларын әдемірек және жайлы етуге табиғи талпынуы болып табылады. Сонымен қатар, сән адамның тауарға деген талғамын жасына байланысты өзгертіп отырады. Бұған дәлел ретінде жастарға, балаларға, орта және егде жастағы адамдарға арналған киімдердің, аяқ киімдердің, бас киімдердің, бұйымдардың болуын айтуға болады.

Сәнді эстетикалық тұрғыдан қабылдау субъективті болады және нақты тарихи кезеңге тән бағыттарға байланысты болады. Егер әйелдің ұзын көйлектері мен жіңішке өкшелі туфлилары сәнді болса, онда бұны тұтынушылардың көпшілігі эстетикалық қасиеттердің жоғары деңгейі ретінде оң қабылдайды. Егер сән кетсе, онда осы тауарларды жұртшылық теріс қабылдайды.

Экологиялық қасиеттері - тауарларды пайдалану немесе тұтыну кезінде қоршаған ортаға олардың зиян келтірмеу қабілеттілігі. Қоршаған ортаның ластануы адамның өміріне қауіпті. Осы жағдайларда экологиялық қасиеттердің маңыздылығы тез арта түседі.

Газдарда зиянды заттардың болуы автомобильдердің экологиялық қасиеттері болады, ал маталар мен киімдер үшін - бояғыштардың күштілігі, ұнтақ тәрізді тауарлар (ұн, крахмал, бор, цемент, кір жуғыш ұнтақтар) үшін - көлік құралдарының және оларды шашылып қалудан сақтайтын орамалардың сенімділігі экологиялық қасиеттер болады.

Қауіпсіздік- рұқсат етілген деңгеймен шектелген зиянның немесе залалдың қаупі кезіндегі жай-күйі (Рук. ИСО/ХЭК 2. (ИСО (ISO)) - Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым, ХЭК - Халықаралық электротехникалық комиссия.)

Тұтынушылық тауарлардың сапасына қолдану қауіпсіздік тауарларды пайдалану және тұтыну кезінде тұтынушылардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіптің болмауы ретінде анықталуы мүмкін.

Қауіпсіздік - барлық тұтынушылық тауарларда болуы тиіс маңызды құрал. Басқа қасиеттерге қарағанда, функционалдық немесе әлеуметтік тағайындалудың шығындалуына әкелетін жойылу немесе нашарлау, қауіпсіздік көрсеткіштерінің рұқсат етілген деңгейден артуы өнімді қауіп санатына әкеледі. Бұндай өнім жойылуға жатады, ал тұтынушылық қасиеттерінен айырылған басқа өнім түрі шартты түрде жарамдылыққа жатады және өнеркәсіптік қайта өңдеуге пайдаланылады немесе оның жойылған қасиеттері ақауларды тиісті түрде шеттеткеннен кейін қайта орнына келтірілуі мүмкін.

Тұтынушылық тауарлардың қауіпсіздігінің бірнеше түрлері бар (2-сурет).

Химиялық қауіпсіздігі - тұтынушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне токсиналық затттармен келтірілуі мүмкін зиянның болмауы.

Тауарлардың химиялық қауіпсіздігіне әсер ететін заттар мынадай топтарға бөлінеді: токсиналық элементтер (ауыр металдардың тұздары); нитраттар және нитриттар; пестицидтер; антибиотиктер; гормондық аспаптар; жоғары спирттер және альдегидтер; күрделі эфирлер; мономерлер; орамаларға арналған боямалар; тыйым салынған асқа қосындылар; тыйым салынған полимерлік материалдар (нақты тауарлар үшін).

Токсиналық элементтер тауарлардың қауіпсіздігіне елеулі әсер ететеді.

Радиациялық қауіпсіздігі - тұтынушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне радиоактивтік элементтермен (изотоптармен) немесе осы элементтердің ион шығаратын сәулесімен келтірілетін зиянды болдырмау.

Ас өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіші ретінде РКШ (рұқсат етілген концентрацияның шегі) кобальттың радиоактивтік изотоптары (Со 58,9), цезийдің (Сs 87,6) және стронцийдің (Sir 132,9), сондай-ақ радионуклидтердің ретінде РКШ (рұқсат етілген концентрацияның шегі) белгіленеді.

Механикалық қауіпсіздік -әр түрлі механикалық әсердің (соққыдан, үйкелуден, тесілуден, деформациядан) салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіруге жол бермеу.

 



Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Сурет. Тауарлардың қауіпсіздік түрлері және оларға әсер ететін әрекеттердің табиғаты

Сараптамалардың жіктелуі | Тауар сараптамасының негізгі элементтері | Кеден сараптамасының даму тарихы | Сауарлардың сапасы | Кедендік сараптама, кеден сараптамасының заты мен объектісі | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі | Сурет. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері | Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати