На головну

Сауарлардың сапасы

  1. Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі

Ғылымда, техникада және технологияда сараптама негізінде өлшеу және өлшеу құралдары қолданылады, ал кейбір салаларда осы құралдардың орнын адамдар алмастырады, олар сараптамалық бағалар береді, себебі бұндай жағдайда объектілерді бағалау үшін объективті құралдар болмайды, немесе объектілердің өздері және олардың қасиеттері субъективті болады. Нарықтық қатынас, әсіресе, сыртқы сауда қызметі, нарыққа қатысушы тауарлар сараптамсына қатысты құралдардың болуын талап етеді.

Тауарларға сараптамалық зерттеу, оның ішінде сертификаттау да тәуелсіз аккредитациялау зертханасында, яғни, тауар бойынша екі адамның арасында даулы мәселе болғанда немесе тауар бойынша шешім қабылдау үшін арнайы білімдерді талап ететін жағдайда билік органы өз өкілеттігін орындауы кезінде нәтижелерінің объективтілігінің алғы шарттарын құрайтын өнімді өндірушіге (сатушыға) және оның тұтынушысына тәуелсіз үшінші тұлғада жүргізіледі. Тауарға тек сапалы қасиеттер ғана емес, сонымен қатар процестер (жұмыстар, қызмет көрсетулер), тауардың ерекше құқықтары, мысалы, сервистік қызмет көрсету жүйесі және сату жататын тауар ретінде қолданылатын мемлекеттердің фирмалық белгілерінің құқығы жатады. Тауар ретінде азық-түліктер, ресурстар, сондай-ақ ақпараттық және қаржылық тауарлар қолданылады.

Тауар сапасы:

- шартта көрсетілген сапалы көрсеткіштер жиынтығы;

- тауарды шартқа сәйкес тағайындау;

- тауардың үлгісіне немесе сипаттамасына сәйкестігі;

- осы тауар стандартына сәйкестігі.

Тауардың сараптамалық бағалау әдістері:

- сатушы мүддесін бейнелейтін шығындау әдісі;

- сатып алушының ниетін есепке алатын кіріс әдісі;

- мемлекет мүддесіне жауап беретін бақылау әдісі.

Сараптаманың міндеттері:

- сәйкестендіру;

- диагностикалық;

- сараптамалық алдын алу.

 



Кеден сараптамасының даму тарихы | Кедендік сараптама, кеден сараптамасының заты мен объектісі

Сараптама ғылыми-практикалық зерттеудің ерекше түрі ретінде | Сараптамалардың жіктелуі | Тауар сараптамасының негізгі элементтері | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі | Сурет. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері | Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. | Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати