На головну

Тауар сараптамасының негізгі элементтері

  1. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
  2. Адами ресурстармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарын анықтаңыз
  3. Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
  4. Айналма қисықтардың негізгі элементтерінің есебі және оларды бөлу.
  5. Аккордық енбекақының мәнін ашыңыз, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
  6. АТМ тораптарының негізгі принциптері
  7. Аттестациялық үдерістің негізгі кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.

Бұйымдарды тұтыну қасиеттері сараптамасының мазмұны мен функцияларын анықтауда ең қарапайым қисынды үлгіні құрастырудан бастаған жөн. Жалпы, ол мынадай функционалды жүйені көрсетеді:

- тиісті білімі мен құралдары бар маман-сарапшы, белгілі бір белгілері бойынша эталон үшін таңдалып алынған бұйымдарға сапалы-санды талдауды басқа бұйымдармен салыстыра отырып жүргізеді;

- қабылданған белгілермен салыстыру негізінде бұйымның тұтыну құндылығы анықталады (бағаланады);

- белгілі бір әдістердің жиынтығын қолдана отырып, қорытындыда сапалы немесе санды нысанда бейнеленген кейбір жалпылама нәтижені алады.

Сонымен, жүргізілген сараптаманың субъектісі, объектісі, белгілері әдістері мен рәсімдері және оның нәтижесі осы үлгінің негізгі элементтері болып табылады. Енді осы элементтердің әрқайсысын қысқаша қарастырайық:

Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптама субъектісіне, әдетте, бұйымның тұтыну қасиеттеріне зерттеу (таңдау және бағалау) жүргізген білікті маман-сарапшылар тобы жатады. Сараптама комиссиясы бұйым сапасын бағалаудың (көрсеткіштер номенклатурасын анықтау, көрсеткіштің коэффициенттік салмағын табу және т. Б.) жеке операцияларын орындау үшін де, тауарлардың сапасына кешенді баға берумен аяқталатын барлық бағалау операцияларын орындау үшін де құрылуы мүмкін.

Адамның өнімді тікелей пайдалануы (тұтынуы) кезінде пайда болатын бұйымның тұтыну қасиеті сараптама объектісіболып табылады. Олар бұйымның тиімді қолданылуын, оның қоғамдық және мәдени құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын,іс жүзінде пайдалылығын, пайдаланудың қолайлылығын және эстетикалық жетілуін сипаттайды. Бұйымның тұтыну қасиеттерінің жиынтығы негізгі жеті топқа бөлінеді: саяси, функционалдық, эргономикалық, эстетикалық, тұтыну сенімділігі, пайдаланудың қауіпсіздігі мен экологиялылығы. Бұйым түрлеріне, талдау мақсаты мен тереңділігіне, бағалауға байланысты тұтыну қасиеттерінің негізгі топтар тізбесі де әр түрлі болуы мүмкін.

Бұйымның тұтыну қасиеттерін талдау және бағалау кезінде қолданылатын белгілер жалпы және нақты болып бөлінеді. Жалпы белгілер - бұл қоғамда қалыптасқан құндылықтар, құндылық көзқарастар, бағдарлар және нормалар. Нақты белгілер дегеніміз - бұл нормативтік құжаттарға жазып алынған бұйымның осы түрінің сапасының нақты талаптары.

Маман-сарапшының пікірін есепке алуға негізделген сараптамалық әдіс бұйымның тұтыну қасиетін талдау кезінде, сондай-ақ қорытынды бағалау нәтижелерін алу кезінде қолданылатын жетекші әдіс болып табылады. Қазіргі уақытта әдістің үш негізгі түрі қолданылады:

- жетекші сарапшының әдісі;

- комиссия (топ) әдісі;

- аралас әдіс.

Жетекші сарапшының әдісі (бір маман талдайды және бағалайды) әр түрлі пікірлермен келіспеудің күрделі рәсімдері мен статистикалық өңделуін талап етеді. Алайда, сараптаманың нәтижесі едәуір көлемде сарапшының білім деңгейі мен құзыретіне байланысты болады.

Сараптама комиссиясының әдісі (талдауға және бағалауға мамандар тобы қатысады) ұжымның объективті пікірін алуға мүмкіндік береді, көп уақытты және сараптаманы ұйымдастыруға және дайындауға ұзақ жұмысты талап етеді.

Бұйымдардың тұтыну қасиеттерінің сараптамасын жүргізу рәсімі,әдетте, күрделі сипатта болады және сарапшының жасаған белгілі бір операцияларының реттілігін көрсетеді. Осы операциялардың саны, тәртібі, сондай-ақ олардың мазмұны сараптаманың мақсаттарымен, бағаланатын бұйымның ерекшелігімен және сапалық сараптама жүргізілетін бұйымның өмірлік цикілі кезеңімен анықталады.

Бұйым сапасына сараптамалық баға беру кезінде негізгі операциялар: даярлық, негізгі және қорытынды болып үш кезеңге топтастырылады.

Даярлық кезеңінде сараптама комиссиясын құру, оның құрылымымен құрамы туралы шешім қабылданады, сараптаманың мақсаттары тұжырымдалады, жұмыс тобы қалыптасады.

Негізгі кезеңіне сараптамалық жұмыс процесінде және сараптамалық топтармен атқарылатын операциялар жатады. Жұмыс тобы сараптамалық топқа кіретін сарапшылар санын белгілейді, бағалау әдістері мен тәсілдерін таңдайды, сауалнамалар дайындайды, сарапшылардан жауап алуды жүзеге асырады және т. Б.

Қорытынды кезеңіне жұмыс тобы нәтижелерін өңдеу және сараптама комиссиясының жинақталған пікірін дайындау мақсатында осы мәселелерді талдау жатады.

Ерекше тәсіл арқылы жазылып алынған бұйымның тұтыну қасиеттерін сапалы және санды бағалау сараптаманың нәтижесі болып табылады. Қорытынды бағалау сарапшылардың жинақталған пікірлері, әрбір жеке сарапшының бағалау нәтижесімен келіспеуі және оның сараптама комиссиясының ұйымдастырушысымен бекітілуі негізінде жасалады.

Сарапшылардың пікірлерін жинақтау үшін дауыс беру және есептеу тәсілі қолданылады. Дауыс беру кезінде сарапшылардың пікірін қорытындылау көпшілік дауыспен, ал есептеу кезінде санаумен есептелінеді.

___________________



Сараптамалардың жіктелуі | Кеден сараптамасының даму тарихы

Сараптама ғылыми-практикалық зерттеудің ерекше түрі ретінде | Сауарлардың сапасы | Кедендік сараптама, кеден сараптамасының заты мен объектісі | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі | Сурет. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері | Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. | Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати