Головна

Сараптамалардың жіктелуі

  1. Бұрғылау қондырғысының (БҚ) көрсеткіштері мен жіктелуі
  2. Кедендік сараптаманың жіктелуі
  3. Компьютерлік вирустардың жіктелуін көрсетіңіз
  4. Сараптамалардың негізгі кластары
  5. Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні
  6. Түсіру түрлері мен олардың жіктелуі.

Сараптамаларды жүйелендіруді ғылым салалары немесе қоғамдық тәжірибе бойынша жүргізу қабылданған.

Сараптамалар кластары: әскери, саяси, әлеуметтік, техникалық, экономикалық, криминалистикалық, медициналық, өнертану, саудагерлік, экологиялық. Әрбір сараптаманың өзіндік әдістемелік, техникалық және ғылыми-құқықтық ережелері болады.

Сараптама заты мен оның субъектілерінің түрлері өте көп.

Сотсыз (ведомстволық) сараптама сот өндірісінен бөлек тағайындалады және іс жүргізу нысанынсыз жүргізіледі. Сотсыз сараптама сот әділдігі үшін жүргізілмейді, оның нәтижелері қылмыстық іс қозғауға негіз болуы мүмкін. Осындай жағдайда сотсыз сарапатама материалдары іс материалдарына өзге құжаттар ретінде қосылуы мүмкін.

Зерттеу заты бойынша сараптамалардың жіктелуі:

- қатысушы сарапшылардың саны бойынша (жеке дара, комиссиялық);

- арнайы білімдерді қолдану сипаты бойынша (кешендік);

- жүргізілетін зерттеудің көлемі бойынша (негізгі және қосымша);

- жүргізу реттілігі бойынша (бастапқы, қайталама).

Сараптамалық зерттеулердің, яғни, сараптаманы жүргізу құралын белгілеуге жататын мән-жайлардың заты сараптамалардың алуан түрлеріне шектеу қою белгілері және тергеу сияқты сарапшының құзыреті болып табылады.

Жеке дара сараптаманы бір сарапшы жүргізеді. Комиссиялық сараптаманың мынадай ерекшеліктері болады:

- бір мамандықтағы бірнеше сарапшылар (мамандар) жүргізеді;

- оның өндірісінде зерттеудің едәуір көлемі, ерекше күрделілігі немесе іс бойынша сараптаманың маңыздығы орын алған.

Бірыңғай сараптама - оны жүргізу процесінде арнайы білімдерді қолданудың біртектестігімен сипатталады. Кешендік сараптама арнайы ғылыми білімдердің әр түрлі саласы және әр түрлі мамандықтардағы сарапшыларды тарту негізінде зерттеудің бір мән-жайын белгілеу қажет болған жағдайда қолданылады.

Қосымша сараптама - тек негізгі сараптаманы жүргізгеннен кейін тағайындалады. Сарапшы қорытындысының жеткілікті түрде айқын немесе толық болмауына байланысты сараптаманы тағайындаған адамның қорытындымен келіспеуі, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелердің туындауы. Қосымша сараптама тек екі рет ғана емес, үш рет те және т.с.с. болуы мүмкін. Сарапшы қорытындысының айқын болмауы оның тұжырымдамаларының нақты болмауы дегенді білдіреді және қорытындыға түсінік берумен шеттетіледі.

Сарапшының қорытындысын түсіндіру - бұл сарапшының таңдап алған әдістемесінің; олардың пайдаланған ғылыми-техникалық құралдарының; анықталған белгілерінің; сарапшының белгілерді және олардың жиынтығын бағалау белгілерінің; жеке терминдер мен тұжырымдамалардың мәні мен мағынасын ашу арқылы берген айғағы.

Егер сарапшы кейбір қойылған мәселелерді шешусіз қалдырса, олардың көлемін тарылтса, барлық объектілерді зерттемесе, онда қорытынды толық болмайды. Тапсырма көлемін тарылтудан туындаған қорытындының толық болмауы өздігінше сарапшының ой-пікіріне күдік келтірмейді.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткіліксіз негізде немесе оның растылығы күмән тудыратын болса, сол объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн тағайындалады. Қайталама сараптаманы тағайындау кезінде сарапшының алдында зерттеудің бұрын қолданылған әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ қойылуы мүмкін. Қайталама сараптама қаулысында алдыңғы сараптаманың нәтижесімен келіспеу себептері келтірілуі тиіс.

 



Сараптама ғылыми-практикалық зерттеудің ерекше түрі ретінде | Тауар сараптамасының негізгі элементтері

Кеден сараптамасының даму тарихы | Сауарлардың сапасы | Кедендік сараптама, кеден сараптамасының заты мен объектісі | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері | Тағайындау - тауалар сапасының анықтауыш қасиеттерінің бірі | Сурет. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерінің номенклатурасы және олардың сапа көрсеткіштері | Тауардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы. | Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері | Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати