На головну

Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы.

  1. В) сатып аларда және сатылғаннан кейінгі логистикалық қызмет көрсету

Дүниеде ең кең таралған микрологистикалық концепция "just-іn-tіme" - JIT ("дәл мерзімде") концепциясы болып табылады. «Дәл мерзімде»жеткізу жүйесі-құрамдас бөлшектерді н/е тауарларды өндірістік тұтыну орнында н/е сауда кәсіпорнындағы сату кезінде қажетті көлемде ж/е қажетті уақытта өндіру ж/е жеткізу жүйесі. Бұл концепция 1950ж. соңында пайда болды, бұл кезде Тойота Моторс Жапон компаниясы ж/е басқа да Жапонияның автомобиль өндіруші фирмалары белсенді түрде KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе бастады. Бұл концепцияға "Just-іn-tіme" атауын кейінірек американдықтар берді, олар бұл әдісті автомобиль өндірісіне пайдаланды. JIT концепциясының алғашқы мақсаты - автомобильдерді жинаудың өндірістік үрдісінде материалдың, бөлшектердің ж/е жартылай фабрикаттардың қорларын ұстамау. Тойота Моторс фирмасы JIT концепциясын қолдана отырып 1960 жылдары жаңа автомобильдерді жеткізудің негізгі логистикалық циклының уақытын бір айға дейін қысқартуға мүмкіндік алды, сол кездегі алдыңғы қатарлық американдық автомобиль өндіруші фирмалардағы цикл 6-9 айды құрады. Дайын өнімдерді салыстырмалы қысқа өндірістік циклда аз партиялармен өндіру олармен байланысты материалды ресурстармен жабдықтау циклын ынталандырады. Теория жүзінде базалық JIT жүйесі үшін идеалды тапсырыс мөлшері бір бірлік болып табылады, бірақ бұл өткізу мен тапсырыстарды өткізуге кететін шығындар проблемасына байланысты жүзеге асырылмайды.

ДМ жүйесі, дәстүрлі жабдықтау жағдайына қарағанда, тұтынушылардың төмен қормен жұмыс жасауын қарастырады. Сәйкесінше логистикалық үрдістің барлық қатысушыларына, соның ішінде тасымалдаушыларға да сенімділік талабы жоғарылайды. Сондықтан да егер дәстүрлі жабдықтау жағдайында тасымалдаушыны таңдауда 1-орында тасымалдау тарифтері тұрса, онда тасымалдау жүйесіндегі артықшылықтар жеткізу мерзімдерін бұзбаймын деп кепілдік бере алатын тасымалдаушыға беріледі.

ДМ жүйесін қолдану өндірістік, сондай-ақ тауар қорларын күрт қысқартуға мүмкіндік береді, қойма қуаттарына, персоналына деген қажеттілікті азайтады. Саудадаға ДМ жүйесі тауарларлың келесілердің біреуі бойынша жіктелуді білдіреді:

- Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасы -дүкеннің сауда залы;

- Өндіруш зауыттың дайын өнім қоймасы -дүкеннің сауда залы;

- Өріс -дүкеннің сауда залы.



Логистикадағы штрих кодтарды қолдану және олардың түрлері,тиімділігі. | орларды ұстауға кететін шығындардың Бөлу жүйесіндегі қойма санына тәуелділігі.
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати