На головну

Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 3 страница

  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Халық Банкінің» АҚ инновациялық банктік қызметін саралай отыра жобаның барлық қолданылу мерзіміндегі іс-әрекеттің мәліметтерімен хабардар бола отыра, біз банктің іс-әрекетідегі бұл бағыттың мақсатқа сәйкестілігін анықтадық. Байқауға болады, сараптама жасау мерзімінде Халық Банкінің» АҚ инновациялық банктік қызмет жүйесі ашылған шоттардың айналымы оң серпінде, сондай-ақ жүйеде 2013 жылды қоспағанда табыстың көбейгені байқалады. Интернет-банкингті қолдануға кеткен шығындар кірістің 6,6%-ын (2012ж) 9,9%-ын (2011ж) құрайды. Интернет-банкинг қызметінен түскен банк табыстарын бағалау 5-ші кестеден көреміз.

Жоғарыда келтірілген есептеулерге сүйене отырып, инновациялық банктік қызмет түрлерін Халық Банкінің» АҚ-ның енгізуі кірісті және табысты болды, барлық салымдар екі жылдан кем уақытта ақталды және жүйенің табыстылығының барлық көрсеткіштерінің үнемі өсуі байқалды.

Кесте 5 - Интернет-банкинг қызметінен түскен банк табыстарын бағалау (млн. теңге)

Банк Жүргізілген төлемдер көлемі Табыс көлемі
«Халық Банкі» АҚ 52,60
«Казкоммерцбанк» АҚ 100,72
«БТА банкі» 20,98
Жалпы төлемдер нарығын интернет банкинг арқылы бағалау 69222,22 193,67
     

Қазақстандағы Интернет-банкинг арқылы өтетін төлемдердің 90%-ы үш банк арқылы жүзеге асады, олар: Казкоммерцбанк, БТА Банк және «Халық Банкі» АҚ. Әр банк арқылы жүргізілген төлемдердің көлемін біле отырып (төмендегі кестені қараңыз), жалпы жүргізілген төлемдердің көлемі $ 461,5 млн.-ға (69,2 млрд. теңге) тең екенін бағалауға болады.

Интернет-банкинг қызметі арқылы төлем жүргізуге алынатын комиссия көлемінің бағасын 0,28% деңгейде қарастыра келе (жүргізілген төлемдер көлемі мен олардан түскен табысты жариялаған «Халық Банкі» АҚ- нің ақпараты бойынша есептелді), Интернет-банкинг қызметінен түскен жалпы табыс көлемін 193,7 млн. теңге немесе шамамен 1,3 млн. АҚШ долларына тең екенін бағалауға болады.

Қашықтықтан банктік қызмет көрсетудің даму болашағы қазіргі техника мен технологияның, интернеттің және ұялы байланыстың кең таралуы қарқынды даму жағдайында, банктік қызмет көрсетуге деген сұраныстың жоғарылауы жағдайында өте зор.

Сарапшылар интернет банкингке деген қызығушылықтың күн санап өсуін болжап отыр.

Интернет-банкинг жүйесі қазіргі уақытта шоттарды, депозит, несие, пластикалық карталарды басқаруға және интернетке қосылған кез-келген компьютерден төлемдер төлеуге мүмкіндік береді [4].

Жақын арада қашықтықтан банктік қызмет көрсетудің клиентке ыңғайластырылып, өзінің қызметтерін жаңа арналарда белсенді дамытуы күтілуде. Қашықтықтан банктік қызмет көрсету болашағы зор және маңызды бағыт болып табылады.

2.3 Электрондық банк қызметтері нарығын талдау

2014 жылғы жағдай бойынша электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы қашықтан көрсетілетін банк қызметтерін 27 екінші деңгейдегі банк және «Қазпочта» АҚ көрсетті. Көрсетілген ұйымдардың ішінде 24 банк және «Қазпочта» АҚ төлем карточкалары пайдаланылатын қызметтерді және 13 банк олар пайдаланылмайтын қызметтерді көрсетеді [19].

Өткен жылы төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық банк қызметтерін көрсететін банктер санының 3-ке ұлғайғанын атап өткен жөн, ал төлем карточкалары пайдаланылатын электрондық банк қызметтерін көрсететін банктердің саны өзгеріссіз қалды. Бұл ірі емес банктердің жылдам ақы төлеу терминалдарын орнату жөніндегі іс-қимылдарымен түсіндіріледі. Осындай динамикаға қарамастан, жақын болашақта (заңнамалық базаны ешбір түбегейлі өзгертпестен) жылдам ақы төлеу терминалдары бар банктер саны айтарлықтай өседі екен деуге болмайды, себебі нарықтың көрсетілген сегменті бәсекелестікті ескере отырып, бұрынғысынша банктер үшін тартымсыз болып қала береді.

Сонымен қатар өткен жылы саны 4%-дан аз ұлғайған банкоматтар желісінің ұлғаюына деген қызығушылықтың төмендеуі байқалады. Соңғы 3 жылда банкоматтар санының өсу қарқынының төмендегенімен, 2013 жылы олардың өсуі төмен болды. Мұндай жағдайда оған себеп отырған нарықтың банкоматтармен толып кетуі екені сөзсіз, сондай-ақ эквайрингтік қызметті болжамды монополияландыру жөнінде айтылған ұсыныс та әсер етті. Алайда, банк дүңгіршектерімен қалыптасқан ахуал қарама-қайшы, олардың саны 2 есе ұлғайды (1 678-ден 3 982-ге дейін), бұл банктердің бірінің клиент тарту жөнінде жүргізген саясатының салдары болды. Бұл ретте банк дүңгіршектері бір рет қана орнатылмай, 2013 жыл бойы орнатылды.

Банкоматтарға түскен салмақ 2013 жылы салыстырмалы түрде жоғары болған жоқ, орташа алғанда күніне бір банкоматта 53 транзакция жүргізілді, 2012 жылмен салыстырғанда 2 транзакцияға көп. Мұндай өзгеріс орнатылатын банкоматтардың өсу қарқынының баяулауы тұрғысынан түсінікті. Бұл ретте банк дүңгіршектері бойынша мұндай көрсеткіштер айтарлықтай өзгерді, бір банк дүңгіршегіне 2012 жылы 97 транзакциядан келсе, 2013 жылы 178 транзакцияға дейін жасалған. Банк дүңгіршектеріне түскен салмақтың өсуі салдарынан олардың функционалдық мүмкіндіктері де кеңейді, атап айтқанда, қолма-қол ақы төлеу терминалы ретінде пайдалану мүмкіндігін енгізу.

Соған қарамастан кезекті кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстандағы барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргізілген транзакциялардың негізгі үлесі дәстүрлі қондырғылар - банкоматтар мен POS-терминалдарға тиесілі болды.


Сурет 3 - Қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер жалпы көлемінің үлесі

Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19]

Сурет 4 -Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргізілетін транзакциялар жалпы көлемнің үлесі

Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19]


2013 жылдың басында қабылданған Үкіметтің қаулысы төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемге қабылдау желілерінің дамуына оң әсер етті, осыған сәйкес дара кәсіпкерлер қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асырған кезде есеп айырысу үшін төлем карточкаларын қабылдауға, тиісінше POS-терминалды орнатуға міндеттенеді [20]. Мәселен, кәсіпкерлерде орнатылған POS-терминалдар санының өсуі 40 117 бірлікке дейін жетіп, 46,8%-ды құрады. Банктер POS-терминалдарды орнатуға шарт жасасқан кәсіпкерлердің саны 2014ж.01.01. жағдай бойынша өткен жылы 61,6%-ға ұлғайып, 22 904 бірлікті құрады. Сондай-ақ POS-терминалдар орнатылған сауда нүктелерінің саны елеулі өсіп (58,0%), 33 709 бірлікті құрады [19].

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау желісі дамуының көрсетілген көрсеткіштері 2008 жылдың соңында Қазақстан экономикасындағы дағдарыстық көріністің байқалу сәтінен бастап қана емес, сондай-ақ электрондық банктік қызметтер нарығы мониторингін жүргізудің көз жетерлік кезеңінде рекордтық болды. Оған қоса, POS-терминалдарды орнату бойынша талаптарды соңына дейін орындағысы келмейтін кәсіпкерлердің психологиясын ескере отырып, салық органдары мен қаржы полициясы органдары тарапынан жағдайды тиісті түрде бақылау болғанда төлем карточкаларына пайдалана отырып төлемдерді қабылдау желісінің дамуы көрсеткіштерінің бұдан әрі өсуін күтуге болады.

Сонымен қатар, қазір кезде кәсіпкерлерде орнатылған POS-терминалдарға жүктеменің төмен болып отырғандығын байқауға болады. Мәселен, 2013 жылы бір POS-терминал бойынша орташа күніне 2-ден артық транзакция жасалған жоқ. Осындай оптимистік емес көрсеткіштерді POS-терминалдардың қолайлы орналаспауымен түсіндіруге болады. Бөлшек төлемдердің негізгі массасы иелері дара кәсіпкерлер болып табылатын және әдетте, қазіргі кезде POS-терминалдар жоқ үлкен емес дүкендерде және сервистік пункттерде жүзеге асырылады. Яғни, жоғарыда көрсетілген Қаулының талаптарын орындау арқылы төлем карточкаларын төлемге қабылдау желісі дамып қана қоймай, сондай-ақ төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүргізілетін төлемдердің көлемі елеулі өсетін болады.

Өңірлер бойынша электрондық банктік қызметтерді жүзеге асыру желілерінің бөлінуі айтарлықтай өзгермеді. Өңірлердің басым көпшілігінің негізгі көрсеткіштер бойынша үлесінің азаюы немесе ұлғаюы 1% аспады. Банк дүңгіршектерінің жағдайы керісінше болды, Оңтүстік Қазақстан облысында олардың үлесі 6,3%-ға, Қарағанды облысында - 4,4%-ға және Алматы қаласында 3,7%-ға өскен, бұл жоғарыда аталған жекелеген банктің іс-қимылдарына байланысты болды. Бұрынғыдай, негізгі көрсеткіштер бойынша нарықтың кемінде 20% Алматы қаласына тиесілі (кесте 6).

Кесте 6- Өңірлер бойынша электрондық банктік қызметтер түрлері

Облыстың/қала-ның атауы POS-терминалдар Кәсіпкерлер Сауда орындары Банкоматтар Банк дүңгіршектері
Ақмола 1 085
үлесі % 2,5% 2,6% 2,4% 3,5% 1,9%
Ақтөбе 1 769 1 114
үлесі % 4,0% 3,5% 3,5% 5,4% 3,3%
Алматы 1 305
үлесі % 3,0% 2,7% 2,9% 4,0% 4,7%
Атырау 2 042 1 298
үлесі % 4,6% 4,0% 4,1% 5,8% 2,5%
ШҚО 2 698 1 213 1 858
үлесі % 6,1% 5,7% 5,9% 8,0% 4,4%

6-ші кестенің жалғасы

Жамбыл
үлесі % 2,0% 2,0% 2,0% 3,6% 2,5%
БҚО 1 480 1 034
үлесі % 3,4% 3,1% 3,3% 3,9% 2,5%
Қарағанды 3 282 1 577 2 233
үлесі % 7,4% 7,4% 7,0% 8,6% 16,5%
Қостанай 2 298 1 147 1 809
үлесі % 5,2% 5,4% 5,7% 4,1% 7,3%
Қызылорда
үлесі % 1,5% 1,3% 1,3% 2,7% 1,6%
Маңғыстау 1 548 1 022
үлесі % 3,5% 3,7% 3,2% 4,9% 2,9%
Павлодар 2 080 1 009 1 462
үлесі % 4,7% 4,7% 4,6% 6,2% 5,6%
СҚО 1 184
үлесі % 2,7% 2,7% 2,7% 3,0% 1,8%
ОҚО 2 318 1 118 1 737
үлесі % 5,3% 5,3% 5,5% 6,2% 12,3%
Алматы 13 905 6 892 10 488 1 787
үлесі % 31,5% 32,4% 33,1% 20,0% 21,2%
Астана 5 579 2 896 4 094
үлесі % 12,7% 13,6% 12,9% 10,2% 9,3%
Қазақстан Респ. 44 095 21 280 31 691 8 939 3 531
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19]

Қаралатын кезеңдегі ерекшеліктердің бірі жергілікті желілердің төлем карточкаларын шығаруға және пайдалануға байланысты жағдай болып табылады. Электрондық банктік қызметтер нарығына мониторинг жүргізілген кезең бойы жергілікті желілердің үлес салмағы төмендеп келді, VISA және MasterCard халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларының үлесі тиісінше ұлғайып отырды. Қаралатын кезеңде айналыстағы төлем карточкалары мен оларды пайдалана отырып жасалған транзакцияларды қоса алғанда, жергілікті жүйелердің үлесі 2013 жыл бойы өсіп отырды (кесте 4) [21].

Алайда, желтоқсан айында халықаралық жүйелердің төлем карточкаларының үлкен көлемде шығарылуына байланысты жағдай өзгерді және жергілікті жүйелердің үлесі бір жыл бұрынғы көрсеткіштерден төмен болып қалды. Сонымен бірге, абсолюттік көрсетуде жергілікті жүйелердің көрсеткіштері төмен болып қалғанын атап өткен жөн.

Кредиттік төлем карточкаларының (93,5%) басым санының эмитенті бір банк болып табылады. Осы банк те жалғыз болып табылады, оның эмиссия құрылымындағы негізгі үлесін кредиттік төлем карточкалары құрайды, бұл тұтынушылық кредиттеу нарығындағы күштердің шоғырлануына себепші.

Осы уақытта айналыстағы төлем карточкалары санының айтарлықтай өсуіне қарамастан, төлем карточкаларын теңбе-тең пайдалану сияқты осындай маңызды көрсеткіштің төмендемейтіндігін атап өтуге болады, ол 2013 жылы орташа алғанда 42,4% болды, 2012 жылмен салыстырғанда ол айналыстағы карточкалардың жалпы санының 46,8% құрайды. Бұл төлем карточкалары нарығының сапалы өсуін көрсетеді, мұнда эмитент банктер төлем карточкаларын кейіннен оларды төлем құралы ретінде пайдаланатын ұстаушыларға береді.

Кесте 7 - Төлем карточкалары жүйелер жиыны

Төлем карточкалары жүйелері Айналыстағы төлем карточкалары (мың бірлікпен) 2012/2013 ж.ж.төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің көлемі (млн. теңге)
01.01.13ж. 01.01.14ж. 2012ж. 2013ж.
жергілікті 558,0 732,8 193 529,0 263 062,0
жергілікті карточкалардың үлесі 4,6% 4,4% 3,5% 4,0%
халықаралық 11 581,8 15 811,4 5 369 028,0 6 274 241,7
халықаралық карточкалардың үлесі 95,4% 95,6% 96,5% 96,0%
Барлығы: 12 139,8 16 544,1 5 562 557,0 6 537 303,7
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19]

Тұтастай алғанда, соңғы екі жылда төлем карточкаларын шығарудың жыл сайынғы өсуі 25% асады, бұл ретте кредиттік төлем карточкаларының үлесі үдемелі қарқынымен өсіп келеді, 2013 жылы оның үлесі 21,0% құрады, салыстыру үшін 2012 жылы үлесі 17,6% болды. Кредиттік төлем карточкаларының 96,0% Алматы қаласына тиесілі екенін атап өткен өте маңызды, өйткені бұның ірі мегаполис болуымен қатар, мұнда негізгі іскерлік белсенділік те шоғырланған.

Кредиттік төлем карточкаларының (93,5%) басым санының эмитенті бір банк болып табылады. Осы банк те жалғыз болып табылады, оның эмиссия құрылымындағы негізгі үлесін кредиттік төлем карточкалары құрайды, бұл тұтынушылық кредиттеу нарығындағы күштердің шоғырлануына себепші.

Осы уақытта айналыстағы төлем карточкалары санының айтарлықтай өсуіне қарамастан, төлем карточкаларын теңбе-тең пайдалану сияқты осындай маңызды көрсеткіштің төмендемейтіндігін атап өтуге болады, ол 2013 жылы орташа алғанда 42,4% болды, 2012 жылмен салыстырғанда ол айналыстағы карточкалардың жалпы санының 46,8% құрайды. Бұл төлем карточкалары нарығының сапалы өсуін көрсетеді, мұнда эмитент банктер төлем карточкаларын кейіннен оларды төлем құралы ретінде пайдаланатын ұстаушыларға береді.

Ахуал төлем карточкаларын аймақтар бойынша бөле отырып біршама өзгерді. Алматы қ. үлесі, бірінші кезекте кредиттік төлем карточкаларының ұлғаюы есебінен 33,2%-дан 39,7%-ға дейін ұлғайды. Алматы қ. кейін төлем карточкалары нарығының ең көп өсуі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі (22,2%), бұл айналыстағы төлем карточкаларының саны бойынша осы облыстың 5-орыннан 3-орынға (Алматы және Қарағанды облысынан кейін) түсуіне себепші болды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ахуалдың көрсетілген өзгеруін 2,7 млн. тұрғын саны бойынша Қазақстанда 1-ші орын алатын осы аймақтағы демографиялық ахуал тұрғысынан толық түсіндіруге болады. Сонымен қатар, аймақтағы тұрғындар санының төлем карточкаларының санымен арақатынасы кезінде, Алматы облысынан кейін Оңтүстік Қазақстанда ахуал ең нашар болып тұр - 1 төлем карточкасы 3 адамға тиесілі [19].

Кесте 8 - Төлем карточкаларының айналымы

Облыстың/қаланың атауы Айналыстағы төлем карточкаларының саны (бір.) Аймақтың үлесі Аймақ тұрғындарының 1 төлем карточкасына шаққандағы саны
Ақмола 358 072 2,2%
Ақтөбе 615 245 3,7%
Алматы 520 741 3,1%
Атырау 554 435 3,4%
ШҚО 967 030 5,8%
Жамбыл 469 209 2,8%
БҚО 415 326 2,5%
Қарағанды 1 021 740 6,2%
Қостанай 507 986 3,1%
Қызылорда 420 596 2,5%
Маңғыстау 503 273 3,0%
Павлодар 618 029 3,7%
СҚО 287 125 1,7%

8-ші кестенің жалғасы

ОҚО 996 052 6,0%
Алматы 7 360 059 44,5% 0,2
Астана 929 189 5,6%
Қазақстан Р. 16 544 107 100,0%
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19]

Бүгінгі күні төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің қарқынды өсуі туралы айтуға болады, олардың саны және сомасы 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда тиісінше 31,8% және 27,5% ұлғайды. Қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар саны және сомасы тиісінше 9,9% және 17,1% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі көп емес - қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып транзакциялардың жалпы санынан 25,0% және жалпы сомасынан 10,0% деңгейде. Алайда, қолма-қол ақшасыз транзакциялар санының ұлғаюының оң динамикасын көрсетуге болады, атап айтқанда 2012 жылы олардың үлесі 21,8%, ал 5 жыл бұрын 17,3% болды.

Кесте 9 - Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар

Кезең 2012 жылғы қаңтар-қараша 2013 жылғы қаңтар-қараша
саны (мың транз.) сомасы (млн. теңге) саны (мың транз.) сомасы (млн. теңге)
Қолма-қол ақшасыз төлемдер 41 214,7 769 412,3 54 099,2 921 774,2
Қолма-қол ақшаны беру 146 431,2 4 793 144,8 160 977,0 5 615 529,5
Барлығы: 187 645,9 5 562 557,0 215 076,3 6 537 303,7
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19]


Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 2 страница | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 4 страница

Коммерциялық банк қызметіндегі инновациялық банк өнімдерінің рөлі | Сурет 2 - Банк қызметіндегі инновацияны енгізу ортасы | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 1 страница | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 5 страница | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 6 страница | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 7 страница |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати