Головна

Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 2 страница

  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

2.1 «Халық банк» АҚ-ның қаржы-экономикалық сипаттамасы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 90 жылдан аса табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі. Соңғы жылдары еліміздің қаржы нарығында бірнеше озық банктер өздерінің сенімділігімен тұрактылығын жариялады, олардың ішінде АҚ «Халық банкі» өзінің орынын алады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен оның еншілес ұйымдары (бірлесіп - «Халық» Тобы) қаржылық нарықтың көптеген сегменттерінде банктік және ілеспе қызметтердің қайсысында болмасын ауқымды даму әлеуеті бар Қазақстан Республикасының әмбебап қаржылық тобы болып табылады. Тұрлаулы қаржылық ахуал, ауқымды әрі тұрақты клиенттік база, айқас сатылымдарды қоса алғанда қаржылық өнімдердің кең көлемді жиынтығы, кеңінен тармақталған инфрақұрылым, сонымен қатар бірінші кезекте клиенттердің барлық санаттары тарапынан елеулі сенім ресурсы болуына байланысты іскерлік бедел - міне бұлар «Халық» Тобының (Топ) бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ететін шешуші көрсеткіштер болып табылады [22].

Қаржылық Топтың түпқазығы - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Банк) болып табылады. Банк дағдарыс кезеңінің қиындықтарын сәтті еңсеріп, одан жаңғыра түлеп шықты және өзінің Қазақстандағы үздік банк ретіндегі айқындамасын айтарлықтай нығайтып алды әрі шетелдіктердің үлесі жоқ банктер арасында халықаралық ең жоғары рейтингтерге ие болды.

Банк дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде көрсетілген мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланды және қызметінде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуі арқасында еліміздегі қаржылық институттардың ішінде бірінші болып мемлекетке кіріс әкеле отырып, өз капиталына салынған мемлекет қаржысын мерзімінен бұрын қайтарды.

Осынау елеулі оқиға Банк пен Топтың 2010-2012 жылдарға айқындалған стратегиялық мақсаттарды сәтті орындауының дәлелі болды және Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалдың жақсару және бизнес жүргізу мүмкіндіктерінің артуы жағдайында Банктің және Топтың дамуындағы жаңаша кезеңге көшу басталатын сәт болып табылады.

Топтың үш жылға арналған стратегиялық мақсаты қаржылық қызметтер нарығы сегменттерінің барлығында көшбасшылық орынды сақтау және нығайту және соның нәтижесінде негізгі бәсекелестермен салыстырғанда бизнестің артықшылық берілген бағыттарында барынша жоғары өсім қарқынын сақтауға саяды.

Топтың үш жылға арналған шешуші басымдықтары ретінде мынадай негізгі бағыттар бойынша мақсаттар айқындалған [20]:

Банктік қызмет - «Қазақстандағы №1 банк»

Қаржылық нәтижелер - Банктің пайдасын жоғарғы деңгейге жеткізу, Банк капиталының рентабельділігі (ROE) және шығындар тиімділігі (cost / incomе) көрсеткіштерін тиімді деңгейде ұстау, пайыздық маржа деңгейін (NIM) тұрақтандыру, пайыздық табыстардың барынша жоғарғы деңгейде өсуін, комиссиялық табыстардың және клиенттерге валюта сату/сатып алу түсімінің жыл сайынғы өсімін кемінде 10% деңгейінде қамтамасыз ету.

Акционерлік құнды ұлғайту - Банк акционерлік капитал құнын бизнестің мақсаттық өсім қарқынын және негізгі қаржы нарықтарында шешуші позицияларды нығайтуды қамтамасыз ететін барынша жоғарғы пайда табу арқылы ұлғайтуды көздейді. Бұл ретте Банк реттеуші орган (ҚҚК) нормативтерімен және капитал туралы Базель келісімінің талаптарына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауға, үздіксіз әрекет етуші бизнес ретінде жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуге; капиталдың рентабельділігін ұлғайту мақсатында капиталдандыруды оңтайландыруға ниеттеніп отыр.

Клиенттерге кредит беру көлемін өсіру -берілетін кредит көлемінің жыл сайынғы өсімін Банктің жиынтық активтерінің кемінде 10%-ы деңгейінде қамтамасыз ету және брутто кредиттік портфель үлесін 70%-ға дейін ұлғайту.

Активтердің сапасын арттыру - қайта құрылымдау, кепілмен қамтамасыз етуді өткізу және берешекті шығынға жазу жолымен жұмыс істемейтін кредиттер үлесін азайту, Стресті активтерді басқару бойынша ұйым жұмысының тиімділігін және Проблемалы кредиттер қорымен ықпалдастықты қамтамасыз ету.

Жаңа өнімдерді дамыту - клиенттердің мүмкіндіктерін арттыратын және тәуекел тұрғысынан, бірінші кезекте операциялық-кассалық қызмет көрсету, карточкалық бизнес үшін қолайлы және клиенттер бизнесінің талабына жоғарғы деңгейде жауап беретін жеке-дара айырбастау бағамдары мен тарифтерді белгілеу бойынша жылдам іс-қимылдар жасау арқылы клиенттерге валюта сату-сатып алу секілді кредиттік емес сипаттағы банктік және қаржылық өнімдерді алға жылжыту.

Банк нәтижелі қызметтерінің арқасында 2012-2013 жылдары «Қазақстандағы ең үздік банк» атанса, 2014 жылы «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» атағына ие болды. АҚ «Халық банкі» Қазақстанның ең ірі үштік банктің қатарына кіреді және дамыған инфрақұрылымға ие. 2013 жылдың аяғында банктің бас офисіндегі және Қазақстанның барлық облыстарындағы 211 есептік - кассалық бөлімдері мен 22 филиалындағы 2844 кызметкерлері жеке және корпоративті клиенттерге қызмет көрсетті. Банктің Ресейде, Қытайда, Ураинада өкілдері бар[20].

2013 жылы Қазақстанның экономикалық дамуында тұрақты және жағымды тенденциялардың болуымен сипатталады. Қазақстанның экспорттық товарлардың негізгі түрлеріне қатысты жағымды коньюктурасының арқасында республиканың тауар айналымы елеулі түрде өсті деуге болады.

Банк қызметінің негізгі қағидаларына таңдаулы ақша - несие саясаты, клиенттердің. Мүдделерін толық көлемде ескеру, қызметтің жоғарғы сапалалығы, банк ресурстарын орналастыруда және жүргізілетін операциялардың жоғары табыстылығын қамтамасыз етуде таңдаулы шешім қабылдау жатады. Тұтынушылық нарық кеңейіп өндірістің тиімді қозғалуы республикалық бюджеттегі түсімдердің көбеюіне әкелді. Бұл банк жүйесінің өтімділік деңгейінің өсуіне және накты секторды несиелеуге жағымды жағдайлар қалыптастыруға негіз болды.

Накты қорды несиелеуге байланысты келтірілген мысалдар, қазіргі уақытта Қазақстандық банктердің ерекше әлеуметтік-экономикалық функцияны аткаратынын көрсетеді.

"Халық банкінің" АҚ клиенттерге займдары 2014 жылдын аяғында 16 млрд теңге кұрады, өткен 2013 жыл бойынша клиенттерге иесиелері 14 млрд тенге болды. Алдыңғы жылдың есебі бойынша банктің несиелері жалпы мемлекеттің экономикасына салынған несиелердің 5% құрайды.

"Халық банкінің" АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметін талдауды бастасақ.

Банктің балансында көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер, олар: банктік активтері, банк міндеттемелері және банктің капиталы.

Банктің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің 2012-2014 жылдар аралығындағы динамикасы төмендегі 6-шы суретте берілген.

Сурет 6 - Банктің қаржылық ресурстарының динамикасы, млн тг.

Ескерту: «Халық банкі» АҚ-ның 2012-2014 жж. қаржылық есептілік мәліметтері негізінде автормен құрастырылды [21]

2012 жылы банк активтері 2407998 млн. теңге құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 43% өсті. 2013 жылы активтердің көлемі 32% артып, 2506414 млн. теңге құрады. 2014 жылы банк активтерінің мөлшері 2809782 млн. теңге болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 45% өсті.

Енді міндеттемелерді қарастыратын болсақ 2012 жылы олардың көлемі 2068359 млн. теңгеге тең болды. 2013 жылы міндеттемелер көлемі 36% артып, жылдың аяғында 2114235 млн. теңгені құрады. Ал, 2014 жылы оның мөлшері 2334561 млн. теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39% ұлғайды.

Банктің меншікті капиталы 2012 жылы 339639 млн. теңге болды. 2013 жылы оның мөлшері 37% өсті, яғни 392179 млн. теңгені құрады. 2014 жылы меншікті капитал сомасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 48% көбейіп, 475221 млн. теңгені құрды.

Банктің таза табысы 2012 жылы - 69961 млн. теңге болды. 2013 жылы оның мөлшері 17,8% көбейіп, 72409 млн. теңгені құрады. 2014 жылы банктің таза табысы 25,6% артып, 114377 мың теңгеге тең болды.

Банктің 2014 жыл ішіндегі тиімді жұмысы жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары бағаларымен расталды».

Жеке алғанда, Топ 2014 жылы келесідей қаржы көрсеткіштерімен аяқтады. Таза кіріс 2013 жылға қарағанда, 58.0%-ға ұлғайып, 114.4 млрд. теңгені құрды. Құнсыздануға резервтерге аударуға дейінгі таза пайыздық кіріс көбінесе клиенттерге берілген заемдар бойынша орта қалдықтардың өсуі есебінен 24.9%-ға өсті. Құнсыздануға резервтерге аудару көбінесе 2014 ж. алғашқы үш тоқсаны ішінде кейбір корпоративтік клиенттердің мерзімі өткен берешектерін өтеуі есебінен 71.6%-ға төмендеді. Оның нәтижесінде таза пайыздық кіріс 56.0%-ға өсті. Қызметтер бойынша кірістер мен транзакциялық банкингтен түсетін комиссиялар Банктің транзакциялық бизнесінің көлемі ұлғайғандықтан 11.7%-ға өсті.

Таза пайыздық маржа 2013 жылғы 12 ай бойынша жылдығы 4,9%-ға қарағанда жылдығы 5,8%-ға дейін өсті, операциялық шығыстардың операциялық кірістерге деген ара қатыстығы 2013 жылғы 12 ай бойынша 31,4%-дан 29,6%-ға дейін төмендеді, орта меншікті капиталған қайтару (RоAE) 2013 жылғы 12 ай бойынша жылдығы 20.8%-ға қарағанда жылдығы 27.1%-ға дейін ұлғайды, ал орта активтерге қайтару 2013 жылғы 12 ай бойынша жылдығы 2.9%-ға қарағанда жылдығы 4,1%-ға дейін ұлғайды.

Операциялық шығыстар 2013 жылғы 12 айға қарағанда көбінесе 2014 жылғы 1 шілдеден бастап Банк қызметкерлерінің жалақысын және 2014 жылғы 4-ші тоқсанда Банк қызметкерлеріне төленген бастамашыл бонустарды қайта қарау нәтижесінде 13,8%-ға өсті. Сонымен қатар негізгі құралдардың бөлек кластары бойынша амортизация мерзімін ұзартты, оның нәтижесінде тозу мен амортизацияға шығыстар 12,6%-ға төмендеп, осы арқылы операциялық шығыстардың жалпы өсуін ұсталып қалды.

2013 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда активтердің 12,1%-ға өсуі көбінесе негізгі қаражатта (25,1%), клиенттерге берілген заемдарда (11,2%), ақша қаражаты мен олардың баламасында (11,2%) және сату үшін қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарда (10.2%) орын алды. Клиенттерге берілетін заемдар 2013 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда брутто негізінде 7,1%-ға және нетто негізінде 11,2%-ға өсті. NPL 90+ көбінесе 2014 ж. қазан мен желтоқсанда мерзімі өткен берешкті өтеу есебінен 2014 жылғы 30 қыркүйекке қарағанда 2014 жылғы 31 желтоқсанда 12.9%-ға дейін төмендеді. Банк 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша NPL 90+ 114,6%-ға жабатын ХҚЕС провизияларын құрды.

Заңды тұлғалардың мерзімдік депозиттері 31,6%-ға төмендеді, ал заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары көбінесе қаржы нарықтарының тұрақсыздығы аясында Банктің корпоративтік клиенттерінің қаражатын теңгеден валютаға ішінара аударуы салдарынан 2013 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда 32,6%-ға ұлғайды.

Жеке тұлғалардың мерзімдік депозиттері мен ағымдағы шоттары қаржы нарықтарының тұрақсыздығы аясында ақша қаражатын сенімді банкте орналастыруға тырысу нәтижесінде сәйкесінше 18,6% және 4,6%-ға өсті. Кредиттік мекемелер қаражаттары 2013 ж. 31 желтоқсанға қарағанда бұрынғы деңгейде қалды және 2014 ж. 30 қыркүйекке қарағанда Қазақстан Қор Биржасымен РЕПО мәмілелерінің көлемін төмендету және кейбір қаржы институттарының ағымдағы қызметіне сәйкес өз қаражатын ішінара алуы есебінен 17.6%-ға төмендеді.

2014 ж. 3-ші тоқсанда Банк ауылшаруашылық секторында жұмыс істейтін компанияларға берілетін заемдар сапасын арттыру үшін «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдинг» АҚ-тан 51.5 млрд. теңге көлемінде заем алды. 2014 ж. 2-ші тоқсанда өңдеуші салаларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан 20 млрд. теңге көлемінде заем алды.

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар көбінесе Банктің 2014 ж. 18 қарашада жалпы сомасы 100 млрд теңгеге купон мөлшерлемесі 7,5% және өтеу мерзімі 2024 жылғы 18 қарашада болатын облигацияларды орналастыру, сондай-ақ 2014 жылғы ақпандағы теңгенің девальвациясынан кейін жаңа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларына деноминацияланған еврооблигацияларды қайта бағалау нәтижесінде 2013 ж. 31 желтоқсанға қарағанда 64,1%-ға ұлғайды. 2015 ж. 12 ақпанда және 2015 ж. 3 наурызда Банк «Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қоры» АҚ-та сәйкесінше 21,1 млрд. теңге және 30,0 млрд. теңге сомасына купон мөлшерлемесі 7.5% және өтеу мерзімі 2025 жылғы ақпанда болатын облигациялардың екі қосымша шығарылымын орналастырды.

Банктің меншікті капиталының динамикасының талдауын жүргіземіз (сурет 7).

Сурет 7 - 2012-2014 жылдарға «Халық Банкінің» АҚ меншікті капиталының динамикасы, млн. тенге

Ескерту: «Халық банкі» АҚ-ның 2012-2014 жж. қаржылық есептілік мәліметтері негізінде автормен құрастырылды [21]

Банктің меншікті капиталы 2012 жылы 339639 млн. теңге болды. 2013 жылы оның мөлшері 37% өсті, яғни 392179 млн. теңгені құрады. 2014 жылы меншікті капитал сомасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 58% көбейіп, 475221 млн. теңгені құрды.

Меншікті капитал көбінесе 2014 жылдағы 12 ай ішінде алынған таза кіріс есебінен 2013 ж. 31 желтоқсанға қарағанда 21,2%-ға көбейді, бұған жай акциялар ұстаушыларына 18,547 млн. теңге (немесе бір жай акцияға 1,70 теңге) мөлшерінде және артықшылықты акциялар ұстаушыларына 1,757 млн. теңге (немесе бір артықшылықты акцияға 9,28 теңге) мөлшерінде дивиденд төлеу ішінара кідірту жасады.

Капитал меншіктілігінің бірінші деңгейдегі k1-1 және k1-2 реттеуші коэффициенттері және капитал жеткіліктігінің k2 коэффициенті 2013 жылғы 31 желтоқсандағы сәйкесінше 9,5%, 11,2% және 18,2% қарағанда, 2014 жылғы 31 желтосқанда сәйкесінше 12,4%, 15,0% және 21,2% құрды [23].

Базель нормативтеріне сәйкес есептелген бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктігінің коэффициенті және капитал жеткіліктігінің коэффициенті 2013 жылғы 31 желтоқсандағы сәйкесінше 17,2% және 18,5% қарағанда, 2014 жылғы 31 желтосқанда сәйкесінше 20,4% және 21,1% құрды. Тәуекел құны жылдығы 0,4%-ға дейін төмендеді (2013 ж. 12 ай бойынша жылдығы 1,5%).

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттер базасы және таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы жетекші қаржы тобы және жетекші бөлшек банк болып табылады. Банк өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнестегі клиенттеріне, корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең ауқымын (банк қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтерді және активтерді басқару жөніндегі қызметтерді) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда іске асырады.

2.2 Халық Банкінің» АҚ- ның «Интернет-банкинг» инновациялық банктік қызмет тиімділігін есептеу

Инновациялық қызмет жаңа ережелерді әзірлеп, жүзеге асыруды, бақылау жасауды, сондай-ақ іске асырылатын жобалардың экономикалық тиімділігін және кәсіпорынның техникалар мен технологияларының бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етуін бағалауды білдіреді.

Қашықтан қызмет көрсетудің бірі - интернет-банкинг. Ол электронды банкингтің орнына келді. Интернет-банктер интерактивті банктік қызмет көрсету, негізгі банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік пен Интернет арқылы есеп айырысуды ұсынады. Ірі банктер сонымен қатар клиенттерге өздерінің инвестициялық бөлімшелері мен зерттеу мүмкіндіктері жайлы ақпаратты ұсынады.

Интернет-банкингтің жүйесін қолдану клиенттерге көптеген артықшылықтар береді:

- біріншіден, банкке барудың қажеті болмайтындықтан уақыт бірталай үнемделеді;

- екіншіден, клиенттің тәулігіне 24 сағат бойы өз шоттарын бақылауына мүмкіндігі бар, осыдан қаржылық нарықтарда өзгерген жағдайға сәйкес осы өзгерістерге бірден жауап қата алады ( мысалы, банктегі салымдарды жабу арқылы, валютаны сатып алу немесе сату арқылы және т. с. с.);

- үшіншіден, интернет-банкингтің жүйелері пластикалық карталармен байланысты операцияларды бақылау үшін де таптырмайды (карточкалық шоттан қаражаттардың алынуы лезде шоттар бойынша жазбаларда көрініс табады);

- төртіншіден, клиенттің өз операцияларын бақылауына жағдай жасалады;

- бесіншіден, интернет-дүкендердің қызметтерін қолдануға мүмкіндік береді;

- алтыншыдан, интернет-банктер дәстүрлі банктерге қарағанда салымдар бойынша жоғары пайыздар ұсынады.

Халық Банкінің» АҚ- ның инновациялық банк өнімдерің тиімділігін анықтауда банкі мысалында Интернет-банкинг жүйесінің тиімділігі 3-ші формула арқылы есептелетін жалпы рентабельділік көрсеткіші арқылы есептеледі:

R=P/C*100%, (1)

мұндағы P - Интернет-банкинг арқылы алған банктің орташа айлық пайдасы.

C - банктің орташа айлық эксплуатациялық шығындары.

Интернет-банкингтің тиімділігін есептеу нәтижелері қазақстан банктерінде инновациялық қызметті енгізудің пайдалылығы мен даму келешегін көрсетуге көмектеседі. Оны кесте мәліметтері арқылы көруге болады.

Интернет-банкинг базалық жүйесінің клиенттер саны көбейген сайын банктің пайдасы да пропорционалды түрде өседі.

Интернет-банкингтің дамуына дәлел болатындар: банктік бәсекенің ұлғаюы,қызметті ұсыну шығындарының төмендігі, қызметтердің кең ауқымды түрлеріне жеңіл жолмен қол жеткізу арқылы клиент пен банк арасындағы тұрақты қарым-қатынастарды бекіту мен құру, тұрақты клиенттердің санының жастар есебінен ұлғаюымен байланысты клиенттердің демографиясының өзгеруі.

Кесте 3- 2012-2009 жыл үшін инновациялық банктік қызмет тиімділігін «Халық Банкінің» АҚ мысалында есептеу жүргіземіз

  Көрсеткіш атауы Клиенттер саны
Шартты-тұрақты орта айлық шығындар (С), теңге
Тариф кезіндегі пайда (Д) 1000-00 теңге 1545-00 теңге 1660-00 теңге        
Банк пайдасы (зиян) (Р) Тариф кезіндегі (Д-С): 1000-00 теңге 1545-00 теңге 1660-00 теңге        
Интернет-банкингтің рентабельдігі, % түрінде Тариф: 1000-00 теңге 1545-00 теңге 1660-00 теңге        
Ескерту: «Халық банк» АҚ-ның жылдық есептемесі [20]

Қызмет көрсетудің дамыған электронды арналары клиенттердің тапсырысын қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар автоматты түрде жинайды. Ол жасалған операциялардың табыстылығы жайлы ақпаратты береді, ол өз кезегінде клиенттік базаға сәйкес банктік өнімнің табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Халық Банкінің» АҚ-ның интернет-банкинг жүйесінің табыстылығын анықтау үшін екі көрсеткішті пайдаланамыз:

1) интернет жобаны іске асырудан (өткізуден) түскен табыс;

2) жүйені жасауға және өткізуге кеткен жалпы салымдар.

2010 - 2013 жылдар аралығында жобаны жүзеге асырудан түскен табыс 12,99 миллион АҚШ долларын құрады. Жалпы қаржы 14,51 миллион АҚШ доллары кестеде толық мәліметтер берілген (кесте 4).

Кесте 4 - «Халық Банкінің» АҚ жүйесінің инновациялық банктік қызмет іс-әрекетінің нәтижелері

Көрсеткіш, $ млн. 2012ж 2013ж 2014ж 2015*ж
(KZT, USD, EUR, RUR) шоттары бойынша айналымдар   695,03   881,28   962,01   984,54
Жүйелерден түскен табыс 3,23 3,15 3,74 2,87
Негізгі шығындар 13,49 - - -
Тұтыну шығындары 0,32 0,24 0,27 0,19
Ескерту: «Халық банк» АҚ-ның жылдық есептемесі [20]

Осыдан «Халық Банкі» АҚ- ның инновациялық банктік қызмет жүйесінің кірістілігін аламыз (инвестордың кірісі / инвестордың салымдары):

К / С = 12,99 / 14,51=0.89, (2)

мұндағы: К - инвестордың кірісі,

С - инвестордың салымдары.

Жобаның өтімділік мерзімін барлық салымдардың және жыл сайынғы табысты есепке ала отырып, ондай әдіспен 3- ші формула бойынша табамыз:

С / К = 14,51 / 12,99 = 1.12, (3)

Сонымен, жобаның өтімділік мерзімі бір жыл және 1,5 айға тең.

Жүйені талдау тәжірибе жүзінде басқарудың шешімдерінің тұтас жиынтығын негіздеуге, банктің іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған және оның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру, банктің іс-әрекетінің нәтижелеріне әсерін тигізетін механизмдерді бағалау және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.



Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 1 страница | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 3 страница

Коммерциялық банк қызметіндегі инновациялық банк өнімдерінің рөлі | Сурет 2 - Банк қызметіндегі инновацияны енгізу ортасы | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 4 страница | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 5 страница | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 6 страница | Кесте 2 - Электронды клиенттердің мүмкіндіктері 7 страница |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати