На головну

Инжинер техникалық жұмысшылардың жұмыс міндеті, жүйенің жаңа жобалары мен автоматтандыру құралдары

  1. Ақша-несие реттеуінің құралдары
  2. Автоматтандыру цехында немесе автоматтандыру өнеркәсібінде ұйымдастыру бөліміндегі техника қауіпсіздік сұрақтарын зерделеу
  3. Адами ресурстармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарын анықтаңыз
  4. Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
  5. Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
  6. Графикалық процессор құрылысы мен оның негізгі жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз
  7. Дәріс. 3. Тақырып. Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары

Лауазымдық міндеттері. Ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыс жасай отырып өзінің міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шеңберінде әрекет етуге, ұтқырлыққа және табыстылыққа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымның техникалық саясатын және нарықтық экономика жағдайында техникалық дамуының бағыттарын, қолданылып жүрген өндірісті қайта жабдықтау және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, өндірістің мамандану және перспективаға түрлендіру деңгейін анықтайды. Тиісті өндірістік құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етеді және әкімшілік мәселелерді шешеді олардың жұмыс нәтижесін, еңбек және өндірістік тәртіпті қамтамасыз етеді. Өндірістің техникалық дайындығының қажетті деңгейін және оның үнемі өсуін, еңбектің өнімділігі мен тиімділігін арттыруды, шығыстардың (материалдық, қаржылық, еңбектік) азаюын, өндірістік ресурстардың тиімді пайдалануды, өндірілетін өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің жоғары сапалылығын және бәсекелестікке қабілеттілігін, өндірілетін бұйымдардың қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және техникалық эстетика, дизайн талаптарына сәйкес болуын, сондай-ақ сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз етеді. Ұйымның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға бекітілген бизнес-жоспарларына сәйкес ұйымды қайта жабдықтау және модернизациялау, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау, табиғи ресурстарды ұқыпты қолдану, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістің техникалық мәдениетін көтеру бойынша шаралардың даярлануын басқарады. Жаңа техника мен технологияны енгізудің жоспарларын даярлау мен жүзеге асыруды, ұйымдық-техникалық шаралардың, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-өнертапқыштық жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады. Жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірісті уақытылы және сапалы дайындауды, жабдықты техникалық пайдалануды, жөндеуді және модернизациялауды, өнімді (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді) даярлау және өндіру барысында жоғары сапаға жетуді қамтамасыз етеді. Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерінің, патенттік зерттеулердің, сондай-ақ нарықтың конъюнктурасын есепке ала отырып, озат тәжірибенің негізінде ассортиментті және сапаны жақсарту, өндірілетін өнімді, жұмыстарды (қызметтерді), техника мен технологияны жетілдіру және жаңалау, бәсекелестікке қабілетті түбегейлі жаңа өнім түрлерін өндіру, технологиялық процестерді кешенді механизациялау және автоматтандыру, өнімділігі жоғары арнайы жабдықты бақылау және сынау құралдарын жобалау және өндіріске енгізу, құралдардың еңбек қажеттілік нормативтерін және оны жасау үшін материалдардың шығыс нормаларын даярлау, үнемдеу режимін және шығыстарды азайтуды жүйелеп жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жобалық, өнертапқыштық және технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы ережелерінің және нормаларының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің, табиғатты қорғау, санитарлық органдардың, сондай-ақ техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарының сақталуына бақылау жүргізеді. Техникалық құжаттамалардың (сызбалардың, сипаттамалардың, техникалық шарттардың, технологиялық карталарды) уақытылы дайын болуын қамтамасыз етеді. Ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен жаңа техниканы және өндіріс технологиясын даярлау, кәсіпорын мен оның бөлімшелерін қайта жаңарту, жабдықты, өндірістік процестерді, өндірісті басқарудың автоматты жүйелерін кешенді механизациялау және автоматтандыру бойынша шарттарды жасайды, олардың даярлануына бақылау жүргізеді, өзге ұйымдар даярлаған техникалық қайта жарақтандыру жобаларын қарастыруды және енгізуді, лизинг шарттарында жабдықты сатып алуға тапсырыстарды құрастыруды ұйымдастырады. Патенттік-өнертапқыштық қызмет, өнімді біріздендіру, стандарттау және сертификаттау жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, оған механикалық-энергетикалық қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді. Инженерлік және басқару жұмыстарын орындаудың жаңа техникалық және телекоммуникациялық құралдарын енгізудің негізінде өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды қабылдайды. Ғылыми зерттеулер мен эксперименттерді, жаңа техника мен технологияны сынақтан өткізуді, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпарат, рационализациялау және өнертапқыштық, озат өндірістік тәжірибені тарату саласындағы жұмысты ұйымдастырады. Енгізілген ғылыми-техникалық шешімдердің басымдылығын қорғау, оларды патенттеу үшін материалдарды дайындау, зияткерлік меншікке лицензиялар мен құқықтарды алу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жұмысшылар мен мамандардың оқуын және біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастырады және персоналды дайындаудың үнемі жетілдірілуін қамтамасыз етеді. Ұйымның техникалық қызметтерін басқарады, олардың жұмыстарының нәтижелерін, бағынышты бөлімшелердегі еңбек және өндірістік тәртіптің жағдайын бақылайды. Өндірістік қызметтің нәтижелері мен тиімділігіне жауапты болып табылады.
Білуге тиіс. Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, экономиканың және экономиканың тиісті саласының басым бағыттарын белгілейтін мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімдері, ұйымның қызметіне байланысты басқа органдардың әдістемелік және нормативтік-техникалық актілері, ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшелігі, экономикалық қызмет түрінің техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективасы және ұйымның бизнес-жоспары, ұйымның өндірістік қуаты, ұйым өнімін өндіру технологиясы, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын даярлау және келісу ережесі, шаруашылықты жүргізу және ұйымды басқару әдістері, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі, экономиканың тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озат ұйымдардың тәжірибесі, стандарттау негіздері, экономика және өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, еңбек заңнамасын, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және экономикалық қызмет түрінде тиісті ұйым бейінінде басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Автоматтандыру негізгі құралдары

Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары - электрондық есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардың ішінде цифрлық есептеуіш машина (ЦЕМ) кеңінен тараған. ЦЕМ мәліметтерді өңдеудің орталық жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, статистика, жол есебін жүргізу, детальдарды өңдеудің оптимальдық технологиясын есептеу, участок, цех және тұтас кәсіпорын жұмысын жоспарлау, қоймадағы материалдар мен бұйымдардың есебін оперативті түрде жүргізу , қажетті материалдарға сұрама беру, өзіндік құн есебін күнделікті шығарып отыру, жабдықтарды пайдаланудың оптимальдық жоспарын жасау, өндірістік және транспорттық графиктер құру т.б. үшін қолданылады. Оны басқару жұмыстарын автоматтандыруда қолдану бірқатар шетелдерде де жүзеге асырылуда.

ДВК-2 есептеу машинасы

Мысалы, АҚШ-та барлық шығарылатын ЦЕМ-нің 90%-ы экономикалық есептеулерге және өндірісті басқару жұмыстарында пайдаланылады. Аналогты есептеуіш машина технологиялық процестерді оптимальдық реттеу қызметін атқарады. Оны электрондық басқару машиналарымен біріктіре отырып, процестерді тек оптимальды технологиялық режимде ғана емес, оптимальды экономикалық режимде де реттеуге болады. Аналогты машинаның жаңа типі - автоматты оптимизаторды экономикалық басқару мақсатында пайдалануға болады.

Басқару жұмыстарын автоматтандыруда электрондық есептеуіш машинадан басқа сан алуан арнаулы жабдықтар қолданылады. Оларды былайша топтастыруға болады:

1. Мәлімет тіркегіш машиналар - перфораторлар, жазу машинасы, тіркеуіштер, өнімнің саны мен сапасын есепке алатын автоматты санауыштар басқарылатын процестердің өтуі туралы мәлімет беретін сигналдық аппаратуралар, магнитофондар, диктофондар, стенографиялық машинкалар, документті көшіру әрі көбейту аппаратуралары т.б.;

2. Мәліметтерді өңдейтін машиналар-клавишті есептеуіш машиналар, фактур жинақатуыш табулятор т.б. аналитикалық есептеуіш машиналар;

3. Mәлімет түрлендіретін жабдықтар - конверторлар, оптикалық және басқадай оқу, кодтау құрылғылар, перфокартадан перфолентаға және керісінше көшіріп жазатын құрылғылар, фикрофильмдеу және микрокарта оқу аппаратуралары т.б.;

4. Mәлімет шығару жабдықтары - декодтауыш құрылғымен біріктірілген автоматтық перфорациялауыш машиналар, автоматты басу машиналары т.б.;

5. Mәлімет іздейтін және оны сақтайтын жабдықтар - картотека сұраптағыштар, документ іздеу машиналары, көп таңбалы сандарды жинақтай алатын және сыйымдылығы көп еске сақтау құрылғылары бар арнаулы мәліметтік электрондық машиналар;

6. Байланыс жабдықтары - телеграф, телефон, радио аппаратуралары, ішкі байланыс және сигнализация құралдары - директорлық және диспетчерлік телефон коммутаторлары, ішкі АТС, селекторлар, электрлік, механикалық және пневматикалық тәсілдермен документ беру құралдары т.б

 



Жұмыс орнындағы автоматтандыру қызметінің құрылымы | SCADA-жүйесі диспетчерлік бақылау мен алыстағы таратушы технологиялық процесстерді бақылау

Автоматтандыру цехында немесе автоматтандыру өнеркәсібінде ұйымдастыру бөліміндегі техника қауіпсіздік сұрақтарын зерделеу | Шығарылған бұйымның тізбектемесі және мінездеме | Нысанның технологиялық сұлбасы, жұмыс орнының келешектегі және ағымдағы жоспарлауы | Цехты жабдықтау, өндіріс технологиясы, қазіргі заманғы материалдар мен технологиялық процесстері | Жұмыс орнындағы технологиялық процесстерді автоматтандыру мен роботтандыру | Басқарылушы жүйелердің математикалық модельдерін алу жолдары мен ЭЕМ алгоритмдарын құру және басқару | Бақылау өлшеу аспаптарын пайдалану | Котроллерді пайдалану Орындауыштық механизмдерді пайдалану | Электрондық кедергілермен жұмыс істеу | Згерістерді бақылау (автоматтық жүйедегі жабық жүйе) Аналогтық және импульстық шығыс |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати