Головна

Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.

  1. A) жүре пайда болған жедел гемолиздік анемия
  2. E). Жоғарғы алдыңғы ұяшықтық және мұрын таңдай нервтерін.
  3. E). Мұрын таңдай және жоғарғы алдыңғы ұяшықтық нервтерді.
  4. Future Indefinite немесе Future Continuous шақтарын қолдана отырып, жақшаларды ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
  5. Kәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау
  6. Past Indefinite немесе Past Continuous шақтарын қолдана отырып, жақшаларды ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
  7. Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.

Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас, сауданың даму процестерімен , шаруашылықтың рыноктық формасының нығаюымен байланыстырады.

К. Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын құн формасының, яғни ауыспалы құн формасының дамуымен байланыстырады. Ақша дегеніміз - тауардың құн өлшемін анықтайтын жалпыға бірдей белгіленген ерекше тауар.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

құн өлшемі, айналыс құралы , төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».

Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.

Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

· жалпыға тікелей айырбасталу;

· айырбас құнының дербес формасы;

· еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Ақшаның ролін бағалау және экономиканың дамуына ақша жүйесінің әсерін пайымдауға байланысты 3 ақша теориясы бар. Бұлар: металдық, номиналдық және сандық.
Металдық ақша теориясы. Бұл теория Англияда капитала бастапқы шоғырлануы тұсында XVI - XVII ғғ. пайда болды. Металдық ақша теориясыныңы негізін салушылардың бірі У. Стаффорд (1554- 1612).

Номиналдық ақшатеориясының өкілдері ағылшындар Дж. Беркли (1685 - 1753) и Дж. Стюарт (1712 - 1780) болатын. Олардың теориясында екі қағида жатқан болатын. Біріншісі, ақшаны мемлекет жасайды, және екіншісі, ақша құны оның номиналымен анықталады. Номиналистердің негізгі қателігі ақша құнын мемлекет анықтайды деп ұғынуында жатыр. Демек олар еңбектің құн теориясын және ақша тауарлық табиғатын теріске шығарады.

Сандық теорияның негізін салушы француз экономисі Ж. Боден (1530 - 1596). Бұдан әрі осы теорияны түбегейлі дамытқанда қатарында ағылшын ғалымдары Д. Юм (1711 - 1776) мен Дж. Милль (1773 - 1836), сондай-ақ француз Ш. Монтескье (1689 - 1755). Д. Юм, қымбат металдардың Америкадан ағылуы мен XVI - XVII ғғ. Бағалардың өсуі арасында қатынастың себептерін анықтау үшін мынадай тезис ұсынды: «Ақша құны олардың санына сай келеді». Бұл теорияның жақтастары ақшаны тек қана айналым құралы деп түсінді.



Лттық байлық және оның құрылымына талдау жасау. | Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау.

Ндіріс және оның факторларын талдау және ұдайы өндіріс теорияларына сипаттама беру | Ренталық қатынас теориясын талдау. | Нарықтың мәнін анықтап, негізгі белгілері мен қызметтеріне салыстырмалы талдау жасау. | Дайы өндіріс теориясы мен түрлері | Макроэкономикалық талдаудың ерекшекліктерін түсіндіру | Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтеріне талдау жасау | Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипатын анықтап, олардың есептелу әдістеріне талдау жасау | Экономикалық жүйе түсінігін анықтау және бір түріне талдау жасау | Нарығы нарығы нарығы | Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек құн теориясының негізін ашып көрсету. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати