Головна

Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер 4ететін негізгі факторларды талдау.

  1. E). Жоғарғы алдыңғы ұяшықтық және мұрын таңдай нервтерін.
  2. E). Мұрын таңдай және жоғарғы алдыңғы ұяшықтық нервтерді.
  3. Kәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау
  4. Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
  5. Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
  6. Автокөлікпен жүкті тасымалдауға кеткен меншікті пайдалану және күрделі шығындар
  7. Ажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

Жалақы - еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы - қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады.

Еңбекақыны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Еңбекақы тарифтерін, қызметкер-лердің барлық категорияларына Еңбекақы төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффи-циенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Еңбекақыны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Еңбекақыны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Еңбекақы мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері - Қазақстан Республикасының Конституция-сы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды. Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді. Соның өзінде бұл ереже олардың қызмет саласы мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, экономиканың мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты. Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады. Жалақыны нормалау мемлекет орталықтандырған және шарттық деп аталатын негізгі екі әдіс бойынша жүзеге асырылады.

Жалақы- тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді.
Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:
1. Жалақы еңбек бағасы, оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
2. Жалақы жұмыс күші атты тауардың бағасы, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де, рыноктық факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономикасының классиктері А. Смит пен Д. Рикардоның теориясына негізделген.
А. Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажеатті құнмен есептеледі. А. Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиді, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді. Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсуіне сәйкес күнкөріс заттарының минимумына ұмтылады. Маркстік тұжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені еңбек тауар емес, олай болса оның құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал жалақы осы тауардың бағасы, оның құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы жалақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің құнын алады. Жалақының экономикалық маңызы мынада, осы табыс арқылы өндірістің жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық және рухани қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге асырылады. К. Маркс жұмыс күшінің құны мен жалақы күнкөріс заттарының физикалық минимумымен емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының құнымен анықталады деді. Жалақының мөлшері жұмыс күшінің құнына әсер ететін еңбек өнімділігіне, еңбке қарқындылығына, еңбектің күрделілігіне тәуелді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болғанда жұмыс күшінің құнына тең жалақы бөлінеді. Жалақы еңбек бағасы. Олай болатыны жұмысшы жалақыны өз еңбегін шығындағаннан кейін алады, жалақы мөлшері еңбектің әрекет ету ұзақтығына тәуелді, бірдей жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалақысында жекелей айырмашылық орын алады. Еңбек түгелдей төленген болып көрінеді. Сондықтан да пролетарлық саяси экономикада жалақыны жұмыс күші құнының өзгерген нысаны, шындығында жұмыс күшінің бағасы деп көрсетеді. Қазіргі батыстың экономика ғылымында жалақыны еңбек бағасы деген көзқарас орын алуда. Самуэлсон мен Нордхаус «Жалақы рыноктық бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбек бағасы» - деп жазды. Жаңа классиктер жалақының дәрежесі мен динамикасын рыноктық факторлар (сұраныс пен ұсыныс) деп түсіндірді.
Номиналды және нақты жалақыны ажырата білу керек. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді.
Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол күндік, апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Келісімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының негізгі нысандарымен бірге жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың творчествалық қабілетін дамытуға бағытталған еңбек ақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге келісімді- прогрессивті, кесімді көтерме, көп факторлары т.б. жатады. Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті т.б. көрсеткіштеріне тәуелді.
Жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар. Бір елдің өзінің ішінде әр қилы мамандықтағы қызметкерлер мен әр қилы еңбегі жалдамалы қызметкерлердің жалақы мөлшерінде үлкен айырмашылық бар. Белгілі бір кезеңде экономика жағдайына байланысты да жалақы өзгеріп отырады. Өнеркәсібі дамыған елдерде номиналды жалақының өсуі байқалады. Жалақы өндіріс жағдайы мен рыноктық конъюктураға да тәуелді. Жалақы дәрежесіндегі айырмашылық ең алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады. Экономикасы дамыған елдерде жоғары жалақы өндіріс пен еңбек өнімділігі саласындағы жетістіктерге байланысты, өйткені алдын ала өндірілгенді ғана бөлуге болады. Жалақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күшінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру жатады. Осы факторлардың өзара байланысты әрекет етуі еңбек өнімділігін сипаттайды. Еңбек рыногы рыноктың бір түрі, онда бәсеке жетілмеген сипатта болады. Алайда теориялық құбылыстарды «таза» күйінде зерттеуді, байланыстар мен тәуелділіктерді мүмкіндігінше дәл анықтауды ұсынады. Жалақының мөлшері мен динамикасына еңбекке деген ұсыныс ерекше әсер етеді. Жұмыс күшін сату оның иесінің өмірлік тіршілігінің бірден-бір көзі. Сондықтан жұмыс күшін сатушылардың арасында өткір бәсеке күресі орын алады.

Экономикалық ресурстар түсінігіне талдау жасау. Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулілік мәселелеріне сипаттама беру.

Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда экономикалық ресурстар жеткілікті болуы керек. Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар. Оған ғимарат және құрылыс, жабдықтардың барлық түрлері, машиналар, құрал-саймандар, берілу құрылғылары, коммуникациялар, еңбек түрлері, жер және әртүрлі кен байлықтар жатады. Барлық экономикалық ресурстар 3 ке бөлінеді.

1. «Табиғи» - бұл тауарлар мен игі қызметтерді өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай мен кен орындары және т.б жатады. 2. Материалдық» - бұл өндіріс нәтижесінде алынатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы. 3. «Еңбек» -еңбек етуге қабілетті халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстары өзінің жасы, жынысы, білімі, мамандық деңгейі және еңбек етуге ынтасы бойынша жіктеледі. Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, көптеген табиғи ресурстардың қоры таусылды (немесе қазіргі таңда дефицит), ал көп мөлшерде кездесетін ресурстар олардың таусылмайтындығын білдірмейді. Адам қажеттіліктерінің орындалуы тиісті жаєдайлардың жасалуына тікелей байланысты, ал сол жағдайлар өз кезегінде өндіріс үшін көптеген ресурстарды қажет етеді. Дүние жүзіндегі халық санының ұдайы өсіп отыруы ресурстардың шектеулігіне әкеліп соғады, ол халықтың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Қазіргі таңда адамдарға қолайлы жағдай тудыру үшін көп мөлшерде ресурстар қолданылады. Ресурстарды қолдануды осы кезден бастап шектеу керек, себебі кейін бұл проблема шешілмей, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Соңғы кездері бұл мәселе көп қозғалып жүр, себебі ресурстардың шектеулігі қоғамның ілгері дамуына тікелей әсер етеді. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ресурстардың шектеулігі абсолюттік тұрғыда емес, қатынастық тұрғыда кездеседі, себебі ресурстың қанша уақытта жойылуы оның қоғамдағы қолданыс нәтижелілігіне тікелей байланысты. Екінші бір ғалымдар тобының айтуы бойынша, ресурстардың абсолюттік шектеулі және қатынастық шектеулі түрлері кездеседі. Бұл ғалымдар қатынастық шектеулік туралы бірінші ғалымдар тобымен келіседі, ал абсолюттік шектеулі ресурстар туралы олардың пікірі мүлдем басқа. Олардың айтуынша, кейбір ресурстардың түрлерін басқа ресурстармен ауыстыру мүмкін.



Капитал айналымына түсінік беру. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдеріне сипаттама жасау. | Негізгі және айнымалы капитал түсініктерін анықтау. Негізгі капиталдың тозу процесін түсіндіру

Kәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау | Капиталдың мәнін анықтау, капитал туралы әр түрлі көзқарастарға талдау жасау. | Кәсіпорындардың негізгі формалары | | Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру. | Ндірістік шығындардың жіктемесіне талдау жасау және оларды төмендету жолдарын анықтау. | Экономиканын зерттеу әдістерінің тиімділігін көрсету | Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау. | Капитал айналымына түсінік беру және капиталдың қорлану процесін талдау. | Ндіріс және оның факторларын талдау және ұдайы өндіріс теорияларына сипаттама беру |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати