Головна

Солтүстік енудің даму фазалары.

  1. Азақстан мен Орта Азияға суық солтүстік-батыс ену кезінде байқалатын биіктік термобарикалық алқап. Процесстің даму фазалары.
  2. Азақстанның оңтүстік шығысда қарқынды жауын шашынды қалыптастыратын солтүстік енудің түрлері.
  3. Азжылжымалы циклонның басқа циклондардан айырмашылығы. Азжылжымалы циклонның даму фазалары.
  4. Батыс енудің бұлттылығы мен ауа райы
  5. Ену антициклоны анық көрсетілген солтүстік батыс ену.
  6. Солтүстік бат ыс енудің даму фазасы және статистикалық сипаттамасы.
  7. Солтүстік батыс енудің даму фазасы және статистикалық сипаттамасы.

Бұл ену 3 фазаға бөлінеді:

Қауіпті фаза. 2-3 тәулік жалғасады. Осы кезде ену Батыс Сібір мен Оралда дамиды. Биік жыра мен биік жотаның қалыптасуымен болады. Ену фазасы мен ену Антициклоны бедерленген фаза соңында ену фронты ендік бойымен Батыс Сібір оңтүстігінде және Солтүстік Қазақстнада орналасқан.

Даму фазасы. Енудің Қазақстан территориясына келуімен сипатталады. Ену антициклоны оңтүстік немесе оңтүстік -батысқа жылжып бастайды. Жылы биік жотаның дамуы жалғасады. Оның алдындағы жыра бұрыла бастайды және шығысқа қарай жылжиды. Ену фронты Қазақстан территориясы бойынша өткенде, алдымен, ауа температураның күрт төмендеуімен байланысты ауа райының нашарлауы байқалады. Ену фронты Оңтүстік Қазақстанда орналсақан немесе тауға жақындағанда фаза аяқталды деп санаса болады. Ұзақтығы орташа алғанда 1-2 тәулікті құрайды және процесстің даму қарқындылығы анықталады.

Соңғы фазасы. Биік жыра толып шығысқа қарай кетеді. Ену фронты Қазақстан аймағынан шығады және Орта Ащияның таулы аймақтарына кетеді. Ену антициклоны ультраполярлы бағдардануын өзгертіп шығысқа қарай жылжи бастайды.

3. солтүстік енудің болжамдық нұсқаулары.

Ресейдің Еуропалық территориясның үстінде жақсы дамыған биік жотаның қалыптасуы оның солтүстік бөлігінің Баренц және Карск теңізіне дейін жетуі Соллтүстік енудің белгісі болып табылады.

Тропосферада қысымның Еуропа территориясынан Шығыс Оралда меридионалды түрде бағдарланған Солтүстік ағындары бар ЖФА қалыптасады. Осы жотаның солтүстік бөлігі Шығысқа қарай дамыған кезде, бұл ЖФА ультраполярлы бағдарға ие болады.

Жақсы дамыған биік жотаның осі 35-55 градус ш. б. аралығында орналасса, онда Ену бүкіл Қазақстанмен Орта Азияны қамтиды. Егер бұл осі шығысқа қарай орналасса 55-65 гр. Ш. б. онда ену Қазақстанмен Қырғоыстанның шығыс бөлігін қамтиды.

Осы жотаның алдындағы биік жота Орта Азияның солтүстігіне дейін жетсе, онда ену қарқынды болады. Егер ЖФА-ның оңтүстңк тарауы ультраполярлы биік жыраны шашырап жататын ағынмен қоршаса, онда енудің алдында құрғақ, шамалы бұлтты ауа райы болады.

Егер батыс жотаның орнына Республиканың Еуропалық территориясның үстіне биік антициклон орналасса онда оның мөлшері кіші болады. (400-600 км), Ену Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жетпейді. Кең биік антициклондар Ресейдің Еуропалық территориясымен қатар Батыс Еуропада да орналасса, онда ол қарқында Солтүстік енудің нышаны болып табылады. Бұл жағдайда ену Орта Азиядан да асып өтеді.

Антициклон Орал тауының оңтүстік бөлігінен ультраполырлы түрде жылжыса, онда ол суықтың ұзаққа созылатынның белгісі болып табылады.

Егер ЖФА Орта Азияның солтүстік-шығысында қарқынды оңтүстік-батыс ағыны бар жыраның алдыңғы бөлігін құраса, онда жазда, тауда ұзаққа созылатын найзағай әрекетінен нөсер байқалады. Ал қыста бұлыңғырлы жауын-шашынды ауа райы болады.

Ену антициклоны солтүстік-батыс енудің жылжу траекториясына жақын жолмен жылжыса, онда Ену фронты барлық элементтерде анық болып, жылжу жылдамдығы 30 км/сағ құрап жауын-шашынмен бірге болады.

Жазда антициклон Оңтүстік Оралда қалыптасуы кезінде ауа массаның трансформацияның нәтижесінде ену күннің қатты салқындауына алып келммейді, бірақ күндіз таулы аймақтарда және тау алдында ұзақ уақыт бойы нөсер мен найзағай байқалады.

4. көп рет қайталанатын солтүстік батыс ену жағдайлары.

Суық ауаның ену саны бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Бір рет қайт. Ену

Көп рет қайт. ену

Екінші СФ артынан болатын ену.

Соның ішіндегі көп рет қайталанатын ену циклонның артынан суық ауаның порциясы ену санын байланысты ажыратылады.

6. солтүстік-батыс енудің бұлттылығы мен ауа райы. Солтүстік-батыс енудің варианттары.

Бұл ену күннің салқындауы, күшті желдерге, жауын-шашынға, шаңды боранға және ауа райының басқа да құбылыстарын алып келеді. Енудің алдында байқалған жылы және шамалы бұлтты ауа райынан кейін оның нашарлауы байқалады. Антициклондардың қатты өзгерістері Қазақстан территориясының шығыс және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында маңызды өлшемдерге жетеді. Ал суық фронттың шөлді аудандармен өтуі жиі ашық аспан кезінде байқалады. Тек қана желдің күшеюімен шаңды борандар байқалады. Жазда шаңды борандар солтүстік-батыс енудің нышаны болып табылады.

Жазық далада жазғы трансформациялық процестер бұлттан фронтальды жүйесіне әсерін тигізеді және оларды ыдыратады. Таулы аймақтарда орографиялық күшейюі байқалады. Жазда тауда бұлттар мен жауын-шашын көбеюіне әкелетін ауа массаларының тұрақты стратификациясынан күшеюі тау жоталарының үстінде конвективті ағындардан дамуының нәтижесінде болады. Ену фронттарына орографиялық әсер жыл бойына байқалады. Әлсіз енулерге ауа райының қарқынды өзгерістері және күшті желдер тән емес. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы үсіктердің көбісі солтүстік-батыс енумен байланысты.

Солтүстік-батыс енудің статистикалық сипаттамалары суық енудің қайталанушылығымен және мезгіліне байланысты әр түрлі болады.

Енудің түрі Қайталанушылық % Күндер жиынтығы
қыс жаз жыл Қыс жаз Жыл
Солтүстік-батыс 10 13 23 23 18 46
Солтүстік 4 8,5 12,5 7 19 26
Батыс 15,5 16,0 32 26 39 65

Суық жартыжылдықта Солтүстік-батыс енудің қайталанушылығы 15,9% құрайды. Ал жылы жартыжылдықта 22,6%-ді құрайды.

Солтүстік-батыс енудің орташа ұзақтығы 1,5 тәуліктен 3 тәулікке дейін болады. Жазда 8 тәулікке дейін созылуы мүмкін.

 



Два типа крепления консоли | Азақстан мен Орта Азияға суық солтүстік-батыс ену кезінде байқалатын биіктік термобарикалық алқап. Процесстің даму фазалары.

Азақстанның оңтүстік шығысда қарқынды жауын шашынды қалыптастыратын солтүстік енудің түрлері. | Батыс енудің бұлттылығы мен ауа райы | Солтүстік батыс енудің даму фазасы және статистикалық сипаттамасы. | Солтүстік бат ыс енудің даму фазасы және статистикалық сипаттамасы. | Ену антициклоны анық көрсетілген солтүстік батыс ену. | Оңтүстік циклондардың түрлері, жалпы сипттамалары. | Жоғары Әмудариялық циклонның даму процесі, орографияның әсері. Болжамдық нұсқаулары. | Орта Азия мен Қазақстан территориясына Мұрғаб циклонының шығуының болжамдық нұсқаулары. | Жылудың кең шығуы |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати