Головна

Біліктілігі: Техник-модельер -конструктор

  1. Біліктілігі: Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, суретші- көркемдеуші
  2. Біліктілігі: Дизайнер
  3. Етапи проектно-конструкторськах робiт.
  4. Исполнитель вправе безвозмездно использовать результаты научно-исследовательских, опытно-конструкторских и технологических работ.
  5. Колледжде техник-модельер -конструктордың құзыреттілігін дамыту әдіс-тәсілдері, әдістемелік жүйесінің ерекшелігі.
  6. Проектно-конструкторська підготовка виробництва

Оқу мерзімі: күндізгі бөлім - 3 жыл 10 ай (9 сыныптан);
1 жыл 10 ай (11 сыныптан);.

Бітірушілердің жұмыс орны:

- ателье, салондар, сән үйі;

- жеңіл өнеркәсібі;

- тігін өндірісі;

- тігін бұйымдарын дайындау шеберханалары;

- мектептер, ПТЛ, ПТШ;

- тігін өндірісі;

Оқу барысында студенттер төмендегідей білімдерді игереді:

- 1211083 тігін өндірісі және киімді моделдеу .

- Сән тарихы;

- арнаулы сурет және графикалық сурет;

- киімді моделдеу және суреттеп дайындау ;

- тігін өндірісінің технологиясы;

- мататану;

- киімді конструкциялау;

- киімді жобалау автоматтық жүйелері NOVOCUТ, GRAFIS;

- киім даындау тәртібі және реті;

- компьютерлық моделдеужәне конструкциялау;

- экономика негіздері;

- менеджмент;

- маркетинг негіздері;

- костюм және стиль-өнер тарихы.

Бүгінгі таңда «Сымбат» Дизайн және технология академиясы - студенттерінің саны 10 есе артқан, қарқынды дамып отырған оқу орны, ал бірегей «Сымбат» холдингінің құрамында - бұл Қазақстандағы және Орталық Азиядағы мәдениетті, өнерді және технологияларды дамыту орталығы.

Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу - басты міндет. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2050 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында аталған міндеттерді басшылыққа алған колледж ұжымының атқараған жұмыстары әрі қарай өз жалғасын таба береді.

2 БӨЛІМ БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУДА ТЕХНИК-МОДЕЛЬЕР -КОНСТРУКТОРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Құзыреттілік ұғымы,түрлері және міндеті

Педагогика ғылымында құзырет-тұлғаның белгілі бір саладағы өкілеттіліктері мен қызметтері аясын анықтайтын интерактивті сапасы ретінде түсіндіріледі. Оның құрамына білімдер, іскерліктер, дағдылар кіретіні белгілі.«Педагог білімін әртүрлі әдістермен білім алушыларға береді»- деп, кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қол жетімділігі -кәсіби сауаттылық негізі екенін анықтап берді. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады..«Құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б. Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды. (2) Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән бере отырып,білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік еңбек нарығанда тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік өсулермен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компанентін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемделігін айтады. Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қаблеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді. - жұйелі ойлауды; - құқықтық ақпараттық мәдениетті; - кәсіпкерлік мәдениетті; - өзін-өзі тануды; - басқаларға ұсынуды; - өз қызметін білімді талдауды; - жаңа білімді; - технологияларды меңгеруді; - кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды; - бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді; - әр іске жауапкершілікпен қарауды - нәтижеге бағытталған істерді жасауды. Осыған орай, біздің - мамандықтар бойнша арнайы пәндер арқылы білім берумемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстарбағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық - күнтізбелік жоспарлар, оқу - әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық - технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді. Себебі, соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне ауытқуы көп қарастырылып келеді, яғни жұмыс берушіні көбіне біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзыретті мамандар қызықтырады. Бірақ, біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жұйелі әрі сапалы болады. Негізгі құзыреттілік - сала ерекшеліктеріне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды. Осыған орай «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың төмендегідей шарттары бар: 1. Әдістемелік құзыреттілік - оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістер мен тәсілдерді білу және оларды оқыту процесінде білімдер мен іскерліктерді меңгерту үшін қолдана білу іскерлігі; 2. Зерттеушілік құзыреттілігі - оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы және мазмұны туралы жаңа білімдерді жасау үшін педагогикалық құбылыстарды, фактілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану; 3. Басқарушылық құзыреттілігі - өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілдерімен, әдістерімен қарулану; 4. Ақпараттық құзыреттілігі - қазіргі ақпараттық технологиялармен қарулану, олардың күштілігі мен нашарлығын, пайдалану аясын түсіну, алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу; 5. Коммунативтік құзыреттілік - қоршаған ортамен өзара әсерлесу әдістерімен, тәсілдерімен қарулану, әртүрлі ситуациялардағы қарым-қатынасты бағалай білу; 6. Білімділік құзыреттілік - өзінің кәсібилілігін үздіксіз жетілдіру қабілеті, жеке және қоғамдық өмірде дамып отыру. Біздіңше, тағы да екі шарт жетіспейді, олар: 7. Экологиялық құзыреттілік - өзінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оны пайдалана білу; 8. Тәрбиелілік құзыреттілік - өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру, оны ұлттық тәрбие беруде кеңінен қолдану. Сонымен, осы құзыреттіліктерді педагог игерсе, ол жоғары деңгейде қалыптасып, жаңа тұрпатты педагог болады. Пәнмұғалімінің аталған құзыреттіліктері көпфункциональдығымен, пәналдылық және көпөлшемділігімен сипатталынады. Құзыретті маман даярлау мақсатында «Білім алушылардың білімдік белсенділігін арттыру технологиясын» пайлана отырып, бұл оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу. Ақпаратты, коммуникативті, әлеуметті-құқықтық құзыреттер педагогтан ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа, смартмедиа, электрондық пошта, интернет) мүмкіндіктерін, бұған қоса студент пен педагог арасындағы байланысын, бірін-бірі түсінуін, топпен жұмыс жасауын, ұйымдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын, қолдану қабылеттерінің басым болуын, әлеуметтік қызметтердің маңызын түсінуін, қоғамдық міндеттерге тұрықты қарауын талап етеді. Құзыреттілік - кәсіби маман даярлаудың басты сапасы екенін әрдайым есте сақтаған жөн. Өйткені елеміздің саяси - экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай өзінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз ісінің шебері, бәсекеге қабылетті, кең ауқымды, жан-жанты дамыған маман дайындауға ұмтылу- кәсіби білігі мол педогогты қажет ететін заман талабы екенін тағы да жүрегінде жазып алуы керектігін талап етеді. Педагогтың құзыреттілігі 1-ші орынға ақпараттық сауаттылығын, мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Құзыретті педагогтан өз ісінен шеберлікті, жақсы оқытушы болу үшін мамандығына қажетті қабылеттіліктерді және жалпы әлемдік мәдениетті сонымен қатар өз елінің мәдениетін, интегралды үдерістерді меңгерген, әлемдік білім кеңестігінің өресінен шыға алатын талпынысы жоғары, шығармашыл болуы керектігін талап етеді. Педагог қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, студенттермен қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастыру қабілеті жоғары тәжрибесі мол және тағы басқа қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілікті анық байқауға болады. Сондықтан осындай міндеттерді орындай алатын құзырлы педагогтың алдында теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлау міндеті жүктеліп отыр. Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру нәтижесі ретіндегі құзыреттіліктерді өзіндік менеджімент,ақпараттық коммуникативті технологияны меңгерген жеке құзыретті тұлға- студентті қалыптастырады, сондықтан кәсіби даярлықтың арнаулы пәндерді оқу негізінде іс-әрекеттік және тұлғалық терең бағдарлық тәсілдерін үйлестіре отырып, кәсіби құзыреттіліктерді болашақ маманға меңгерту басты міндет. Үшінші мыңжылдық - құзыреттілік білім беру жағдайында педагогтың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формациядағы оқытушының инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үдеріс - нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдардың, теорияның, әдәс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс, қоғамның педагогокалық құндылықтарға сәйкес жаңа ақпараттық технологияны меңгеруі, қолдануы. Қоғамдағы білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына - «инновациялық білімді», «ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» және тағы басқа технологияны алып келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді жүктеп отыр. Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай,өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние- адамды кемелдендіру болып табылады. Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық-технологияларды қолданудың қажеттілігі туындайды. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, студенттердің шығармашылық әлеуметін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдастырылуын талап етеді. Бүгінгі заманға жаңашыл, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлауда педагог-ұстаздың ақпараттық-технологияларды тиімді әрі жүйелі қолдануы арқылы,оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шеше алады. «Нағыз оқытушы» - деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу - кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Студенттерді замануи ғылым жетістіктерімен қаруландырып,өндіріске,өнеркәсіпке жаппай аттандыру кезек күттірмейтін мәселе. Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім,соның ішінде ол педагог алдына койылған, жуктелген - міндет екенін ескере отырып,кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озімде арнайы пәндерді оқытуда алға қойып, ақпараттық технологияны ұдайы қолданып студенттердің білімін көтеруге жұмыстанудамын. Ақпараттық технологияны қолдана оқыту- білімнің жүйелілігін, бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге жетелейді. Білім ордасында студенттер арнайы пәннің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек. Ақпараттық технологиялық үдерісі - білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы қажеттілігінен туындаған үдеріс. Құзыреттілі, білім беру жағдайындағы ақпараттық технологиялық идеялардың, деректер мен тұжырымдардың, теория мен тәжірибенің сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс. (1) Берілген «Костюмді жобалау. Киім құрастыру»пәні мұғалімінің құзыреттілігінің мазмұнын түсіну үшін олардың екеуінің өлшемдік сипаттамасын төмендегі кестеде көрсеттік. Колледж студенттерін даярлауда мұғалімге қойылатын критерийлер төменгідей . Кесте-1. Мұғалімінің зерттеушілік және әдістемелік құзыреттерінің үлгі критерийлері
Құзыреттілік Үлгі критерийлері
Зерттеушілік 1. Кәсіби қызметте проблеманы көрсету іскерлігі 2. Зерттеу әдісін қою іскерлігі 3. Болжамды қисындап мазмұндау іскерлігі 4. Зерттеу пәнін анықтау іскерлігі 5. Зерттеу пәнінің параметрлері және критерилерін суреттеу
Әдістемелік 1. Нормативтік және оқу-әдістемелік мазмұнымен жұмыс істеу 2. Оқу әдістемелік кешендерді талдау және салыстыру 3.Өзінің және басқаның кәсіби қызметін талдау 4. Оқыту және тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін мен формаларын таңдау және қолдану 5.Әдістемелік құралдар мен диагностикалық материалдар жасау іскерлігі 6. Тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізу 7. Педагогтардың оқу әдістемелік жұмысын зерттеу және қорытындылау 8. Педагогикалық ситуацияларды зерттеу және өзгерту 9.Әр түрлі педагогикалық ақпараттарды түсіндіру іскерлігі  

Педагогтың кәсіби құзіреттілігін бағалаудың жалпы критерийлеріне мыналар жатады:

1. Педагог қызметінің нәтижелілігі және сол нәтижелердің бағалану критерийлеріне оның түсіну саналылығының болуы;

2. Өз жетістіктерін көру іскерлігі және оған жету жолдарын сауатты түсіндіру;

3. Өз пәні және оны оқыту әдістемесі саласындағы теориялық білімі мен іскерлігінің жоғары деңгейде болуы;

4. Зерттеу әдістерімен жан-жақты қарулану;

5. Өз тәжірибесін және өз әріптестерінің тәжірибесін кәсіби сауатты талдау іскерлігінің болуы;

6. Тілдік мәдениетпен қарулануы, педагог тұлғасының байлығы-оның рухани мәдениетінің болуы.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу нәтижесін арнайы сараптау парағын жасап анықтауға болады. Ол мынадай тоғыз бөлімнен тұрады:

1. Педагогтың пәндік құзыреттілігі;

2.Әдістемелік құзыреттілігі;

3. Оқыту технологиялары саласындағы құзыреттілігі;

4. Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілігі;

5. Коммуникативтің құзыреттілігі;

6. Валеологиялық құзыреттілігі;

7. Педагогтың ситуативтік құзыреттілігі;

8. Тәрбиелілік құзыреттілігі;

9. Сабақты өзі талдаудағы психодидактикалық құзыреттілігі.

Жоғарыда айтылған құзыреттілік ұғымы,түрлері және міндетісүйене келіп,колледж студенттерінің құзыреттілігін қалыптастыруын қарастырымыз.

 



Оқу мерзімі | Колледж студенттерінің құзыреттілігін қалыптастыру іс-әрекетіне даярлауы бойынша теориялық- тәжірибиелік әдістемесі.

КІРІСПЕ | Біліктілігі: Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, суретші- көркемдеуші | Біліктілігі: Дизайнер | Колледжде техник-модельер -конструктордың құзыреттілігін дамыту әдіс-тәсілдері, әдістемелік жүйесінің ерекшелігі. | САБАҚ ЖОСПАРЫ | Практикалық сабақ жоспары | Сабақтағы практикалық жұмыс |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати