На головну

Банктің резервтік қоры жөне есебін жүргізу тәртібі.

  1. Айлық есеп беру қүрамы және оны банктің жоғары мекемесіне жөне ҚР ҰБ үсыну
  2. Айырбас пунктін ашу тәртібі және есебін үйымдастыру.
  3. Акциялар бойынша дивиденттерді есептеу тәртібі.
  4. Бағалы қағаздар бойынша проценттерді есептеу тәртібі.
  5. Бағалы қағаздармен айналысқа банкпен шығару есебін ұйымдастыру.
  6. Банк портфеліндегі бағалы қағаздар есебінің тәртібі.
  7. Банктің бөлінбеген пайда есебі.

Резервтік капитал - бөлінбеген табыстан аударым есебінен қалыптасатын банктің меншікті қаражаттарының бір бөлігі. Резервтік капиталды пайдалану және қалыптастыру тәртібі қолданылып жүрген заңмен және қүрылтай құжаттарымен анықталады. Ашық акционерлік қоғамның резервтік капиталының заң талаптарына жарияланған жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем болмауы тиіс. Резервтік қор банктің әр түрлі шығындарын жабу үшін, сонымен қатар артықшылығы бар акция иелеріне дивидендтер төлеуге қаражаттар жетіспеген жағдайға құрылады. Қазақстан Республикасының ¥лттық банкісінің талаптарына сәйкес резервтік қор мөлшері сыныптауға жатпайтын активтер сомасының 5 пайызы мөлшерінде анықталады.

Резервтік капитал құру кезінде келесі өткізбелер жүргізіледі:

Дт 3599 «Бөлінбеген таза табыс (өтелмеген шығын)»

Кт 3510 «Банктің резервтік капиталы»

Дивиденттерді төлеу үшін қаражаттар жетіспеген кезде олар резервтік капитал қаражаттары есебінен төленеді, және келесі өткізбе жүргізіледі:

Дт 3510 «Банктің рсзервтік капиталы»

Кт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)»

2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)»

Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) сомасы оның алдыңғы жылдар сомасын көрсетеді.

Бұл шот алдыңғы жыл сомасына жаңа жылда қорытынды айна-лымдар жүргізілгеннен кейінгі бірінші жұмыс күнінде кредиттеледі. Болашақтағы табысты бөлу акционерлер жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.

Дивидендтер - бұл акционерлер арасыида бөлінуі тиіс таза табыс бөлігі. Әдетте таза табыс санына сәйкес үлестіріледі.

Жай дивидендтер бұл банктің өз табысынан акционерлері үшін жүргізетін қолма-қол төлемдері. Оның көлемі банктің директорлар кеңесімен тағайындалады.

Дивидендтер төлеумен үш маңызды күндер байланысты:

- жарнамалар;

- акция иелерін тіркеу;

- төлемдер.

Біріншісі - бұл директорлар кеңесінің дивидендтер төлеу туралы ресми хабарлауы;

Екіншісі - табыс алуға кұқылы акция иелері анықталатын күн. Дивидендтер белгілі бір күнге тіркелген барлык акционерлерге төленеді. Осы күн өткеннен кейін акциялар табыс алуды жоғалтады, яғни егер акционер өз акциясын тіркеу күнінен кейін сатса, онда дивиденд алу құқығы жаңа иесіне көшеді.

Үшінші күн - бұл акционерге нақты төлем жүргізілген күн.

Артықшылығы бар акциялар жай акцияларға қарағанда ұнамдырақ болып келеді: белгілі бір дивиденд сомасы артықшылыгы бар акциялар иелеріне жай акциялар иелері әз үлесін алғанға дейін төленеді. Төлемдер сомасы акцияның атаулы құнына пайыздық қатынаста анықталады. Банк қаржылық жылды қалай аяқтағанына байланыссыз артықшылығы бар акция иелері қанағаттануы тиіс.

Сондықтан егер банкте бөлінбеген табыс жетіспесе, онда артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін резервтік қаражаттар пайдалануы мүмкін.

Кейде, банктің айналым капиталын сақтап қалу үшін немесе нарықтық бағасын төмендету үшін, немесе басқа да себептермен директорлар кеңесі акцияларға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдай алады. Бұл жай ғана қосымша бағалы қағаздарды акционерлерге беру болып табылады. Банкті қайта капиталдандыру жүзеге асады; салынған әр түрлі акциялар құны қатынастарының сәйкестіктері өзгерусіз қалады.

Дивидендтер есептеу кезінде келесідей өткізбе жүргізіледі:

Дт 3599 «Бөлінбеген таза табыс (өтелмеген шығын)»

Кт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивиденд бойынша)»

2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивиденд бойынша)»;

Резервтік капитал есебінен дивидендтерді есептеу:

Дт 3510 «Банктің резервтік капиталы»

Кт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)»

2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)».

Төлем көзінен салықты ұстап калғаннан кейін дивидендтерді беру не касса арқылы, не құрылтайшының есеп айырысу шотына есепке алу жолымен немесе, егер акционерге басқа банкте қызмет керсетілетін болса, банктің корреспонденттік шотында жүргізіледі:

Дт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивиденд бойынша)»

2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивиденд бойынша)»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

2203 «Банктің ағымдагы есепшоттары».



Акциялар бойынша дивиденттерді есептеу тәртібі. | Бағалы қағазды шығару есебі

Банкгің салымдық операцияларына сипаттама және олардың маңызы. | Салымдарды сақтандыру қоры (ДСҚ) және ДСҚ байланысты операциялар есебі. | Тартылған салымдар бойынша проценттерді аудару және оларды төлеу тәртібі. | Тақырып. Банктің несие операцияларының есебі | Коммерциялық банкгердің несиелік операцияларының жүргізілу есебі. | Берілген несиелер бойынша сый ақылардың есептелу тэртібі. | Ндірістік емес бағытқа - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады. | Негізгі құралдарды алу | Аржылық лизинг және жай аренда, оларды бухгалтерлік есепте бейнелеу. | Банктің меншікті капиталы туралы түсінік жөне оның қызметтері. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати