Головна

ЖОСПАР-КОНСПЕКТІ

1 Сабақты жүргізуші оқытушы:

Мұстафина Нұржамал Кармсаковна, аға оқытушы,

(ТАӘ, ғылыми деңгейі, атағы)

2Магистрант Ақжарқын Сәрсенбекқызы Жасанова

(ТАӘ)

3 Оқу пәнінің атауы «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау»

4 Cабақ формасы (семинар, практикалық сабақ, т. б..) дәріс

5 Контингент (факультет, курс, топ) 5В090700"Кадастр" 303 а топ.

6 Сабақтың тақырыбы Жерді қорғау мен пайдаланудың мемлекеттік есебін құрастыру, оның мазмұны.

7 Сабақ бөлігі (1-кіріспе, 2-негізгі, 3 - қорытынды)

1. Кіріспе

Бұл дәрістің тақырыбы: Жерді қорғау мен пайдаланудың мемлекеттік есебін құрастыру, оның мазмұны

Ондағы қарастырылған сұрақтар.

-жерді пайдалану мен қорғау жөнінде мемлекеттік бақылауды жүргізу -материалдары қосылған іс;

-заңнамасын орындаудың тексеріс кітабы;

-жерді пайдалану мен қорғау бойынша есеп;

-есепке берілген түсіндірме жазба

2-негізгі

Мемлекеттік инспектор жер заңдарының бұзылуының жойылғанын және жерге орналастыру қызметі қызметкерлерінің нұсқауларын азаматтармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен орындалғанын тексереді.

Жер заңының орындалуы туралы тексеру кітабын мемлекеттік инспектор жүргізеді. Бұл кітапта әкімшілік аудандар, қалалар, облыстар, республикада тексеру жүргізілген территориялардың жұмыстары тіркеледі.

Бұл тіркелген тізімдер айлық және кварталдық соңынан қатар желтоқсан айындағы құрылатын жылдық есептерді құру кезінде қажет.

Жерді пайдалану және қорғау мемлекеттік бақылаудың барлық мәліметтері (жер заңын бұзғаны үшін акт, хаттама, айыппұл салу туралы қаулы, сот органдарына жауапқа тарту туралы мәліметтер) арнайы іске тігіледі, содан кейін 10 жыл бойы сақталады.

3 Қорытынды.

Қорытындылай келе, студенттермен дәрісті өткізу барысында түсінбеген сұрақтары бойынша талқыладық.

8 Оқу міндеттері: Жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау бойынша жылдық есептік құжаттарды толтыруды үйрету, жер заңы орындалуы туралы тексеру кітабын жүргізу жайлы түсіндіру

9 Сабақ бөлігінің мазмұны:

Жер заңын орындалуы туралы тексеру кітабының жазуларының негізі бойынша, ауданның мемлекеттік инспекторы жылына 1 рет келесі жылдың 1 қаңтарына қарай есеп құрастырады, ол есеп 15 қаңтардан кешіктірмей облыстық бас мемлекеттік инспекторге беріледі.

Жер заңын орындалуы туралы тексеру кітабының жазуларының негізі бойынша, ауданның мемлекеттік инспекторы жылына 1 рет келесі жылдың 1 қаңтарына қарай есеп құрастырады, ол есеп 15 қаңтардан кешіктірмей облыстық бас мемлекеттік инспекторге беріледі.

Есепте: құқық бұзушылықтардың мінездемесі , құқық бұзушылықтардың саны, бұзушылық саны, құқық бұзушылық орын алған жерлердің ауданы көрсетіледі.

10 Сабақ бөлігін жүргізу әдістері мен формалары Сабақты жүргізу формасы - ақпараттық дәріс. Дәрісті жүргізу кезінде қолданылатын әдістер келесі: сөздік - тақырыпты түсіндіру; көрнекілік - дәріс мультимедиялық құрал арқылы жүргізілді.

11 Студенттердің жұмыс белсенділігі орташадан жоғары.

12 Магистранттың өзін-өзі бағалауы (қиыншылықтар, жетістіктер) барлық студенттердің назарын өзіне аудары қиын, өндірістегі жиналған тәжірибені баяндауды тыңдау студенттер үшін өте қызық.

13 Cабақ беруші оқытушының ұсыныстары (баға)

А. с. жасанова өзіне жүктелген барлық міндеттерді орындады. «Кадастр» қызмет көрсету саласының магистрі болу үшін керекті білім мен дағдыларды жинады.

Оқу пәнінің оқытушысының қолы___

Магистранттың қолы___Сабаққа қатысу мерзімі 10.11.2014 ж. - 29.11.2014ж

САБАҚ БӨЛІГІНІҢ



Атқарылған жұмыс сипаттамасы | САБАҚТЫ ТАЛДАУ

Кіріспе | Педагогикалық тәжірибе өткен кафедраның мінездемесі | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУ ТУРАЛЫ МАГИСТРАНТТЫҢ ЕСЕБІ |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати