Головна

Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі

  1. Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
  2. Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар
  3. Аржы қызметінің реттеу жүйесінің құрылымына сипаттама
  4. Аржы тәуекелдерін сақтандыруды басқару қызметі
  5. Г. В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі.
  6. Заң қызметін көрсету туралы шартты жасау тәртібі туралы
  7. Кәсіпорын басқарудың арнайы саласы ретінде қаржылық тәуекелді басқару қызметі тобында негізгі болып қандай топ саналады?

Мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын, оқу бағдарламасының орындалуын, сабақтың берілу сапасын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыру жүйесін, оқушының сабаққа қатысуы мен үлгірімін бақылайды, мұғалімнің сағат жүктемелерін, сабақ кестесін жасайды.

1. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және оқу-тәрбие жұмысының есебін береді.

2. Директормен бірлесіп сыныптарды жасақтайды.

3. Тоқсандық және жылдық мектептің жұмыс жоспарын жасайды.

4. Мұғалімдердің тақырыптық жұмыс жоспарын жасауға басшылық етеді және бекітеді. Мұғалімдердің сабақ жоспарының сапалы жасалуын бақылайды және оқу үдерісін жоспарлауды үйретеді.

5. Мектеп оқушылары үшін сабақтың және сабақтан тыс жұмыстардың (кеңес беру және қосымша сабақтар) кестесін жасайды.

6. Жұмысқа келмеген мұғалімдердің орнын алмастырады, келмеген мұғалімдердің орнына сабақ бергендердің есебін жасап отырады. Айлықтың табелін жасайды.

7. Сабаққа, сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысып, сараптайды, әдістемелік көмек береді. Бір аптада 10-12 (бақылау) сабақтар мен іс-шараларға қатысуға тиісті.

8. Сабақта техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануын бақылайды және ұйымдастырады.

9. Директормен бірлесіп мектепішілік бақылаудың кестесін жасайды. Оған оқушылардың білімін жан-жақты бақылауды, тексеру мерзімін, бақылауға жауапты адамды, тексеру қорытындысын ендіреді.

10. Оқу бағдарламасының орындалуын бақылайды.

11. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды, мұғалімдердің озат тәжірибесін қорытады және таратуды ұйымдастырады.

12. Мектеп оқушыларының дәптерін, күнделігін, сынып журналының толтырылуын тексереді.

13. Оқушылардың мінезі мен үлгерімін бақылайды.

14. Оқу ісінің меңгерушісіне қатысты шешімдермен қаулылардың орындалуын қадағалайды.

15. Нашар оқитын және мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар тобына жеке бақылау жасайды.

16. Жергілікті комитеттің өндірістік комиссиясының жұмысына көмек береді.

17. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруін ұйымдастырады.

18. Сырттан келушілерді қабылдайды.



Мектепті басқару әдістері және стилі | Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері

Басқарушының ролі | Дау-жанжалды реттеу | Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары | Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері | ІІІ топ - мұндай басшының қабылдау тәртібі болады, кезектілік пен регламент сақталады, бұл ұнамды топ. | Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары. | Кіріспе сөзде талқыланатын проблемаларды қысқаша (3-5 минуттай) түсіндіріп өткен жөн. | Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар | Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері | Тәрбие жұмысы |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати