Головна

Кіріспе | Дебиетке шолу. | Жарып - сою хаттамасы | Ауруға жалпы сипаттама | Ауру этиологиясы | Ауру патогенезі | Пастереллездің өту барысы және клиникалық белгілерi | Сас аурулардан дифференциалды диагноздеу |

Орытынды

  1. Білімді, тәжірибені және дағдыларды қорытынды бағалау үшін бақылау - есептегіш құралдар
  2. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
  3. Орытынды
  4. Орытынды
  5. ОРЫТЫНДЫ
  6. орытынды

Пастереллез (Pasteurellosis) - геморрагиялық септицемия - көптеген жануар, құс түрлерiнiң инфекциялық ауруы. Жiтi өткенде септицемия симптомдарымен, жiтiлеу және созылмалы өткен кезде өкпенiң зақымдануымен сипатталатын ауру түрi.

Пастереллез ауруына көптеген үй сүтқоректiлерi мен құстары бейiм келедi. Аталып отырған аурумен адам да ауырады. Құс пен үй қояндарында ауру эпизоотия түрiнде өтедi. Өзге де жануар түрлерiнде ауру эпизоотиялық түрде өтедi, бiрақ өте аз кездеседi.

Қоздырғыш көздерi болып ауру жануарлар немесе ауырып жазылған жануарлар - пастерелла алып жүрушiлер жатады. Пастерелла алып жүру уақыты бiр жылдан асуы мүмкiн. Сау жануарлардың пастереллез қоздырғышын алып жүру қасиетi тән. Көптеген зерттеулер нәтижесi сәтсiз шаруашылықтан ауру мал тасымалдау аурудың көптеп таралуына ықпал жасап отырғанын көрсетедi.

Сау жануарлардың пастереллаларды алып жүру шаруашылықта кенеттен ауру туындауға себеп болады. Жануарлардың барлық түрiнде ауру жiтiлеу, жiтi, аса жiтi және созылмалы түрде өтедi.

Қоздырғыш организмге түсе отырып қан ағысына енiп вируленттiлiгiне қарамастан септицемия немесе ауру аса жай өткен уақытта түрлi органдар мен ұлпаларда некротикалық - қабынулық процестермен сипатталады. Аурудың жiтi түрiнде бауырдың паренхиматозды қабынуы байқалады. Соның нәтижесiнде оның анатоксикалық қорғаныс қызметi төмендейдi, бұл процесс бүкiл организмдегi зат алмасу процесiнiң бұзылуына келiп соқтығысады. Активтi мезенхима клеткаларындағы антиденелердiң дамуы тежеледi немесе толық тоқтайды. Қоздырғыш гематоэнцефаликалық барьерге тиiспей, тiкелей нерв жүйесiне, кейiн бiрден барлық организм жүйесне пастереллездiк сепсис тудыра отырып енедi.

Шошқа, сиыр, қой шаруашылықтарында пастереллез ауруы анықталған сәттен бастап шектеу қойылып, сәтсiз шаруашылықтардағы ауру және күдiктi малдар оқшауланып, керектi ем - дом шаралары орындалуын қадғалаған дұрыс.

Ағымдағы дезинфекцияны жануарлар тұратын қоражайларда алғаш ауру мал анықталған соң жүргізедi, кейн ауру және ауруға күдiктi малдар тұратын қоражайларда таңертеңгi жинақтаудан соң күнделiктi жүргiзiлiп отырады. Ауруға күдiктi малдарды ұстайтын орынжайлар, жайылым алаңдары, торшаларды әр ауру мал анықталған сайын, кейiн шектеудi алуға 10 күн қалған уақытта жүргiзiп отырады.

Пастереллез ауруын болдырмас үшiн барлық ветеринарлық - санитарлық шараларды орындап, малдардың азығының дұрыс болуын қадағалау, рационының дұрыстығын тексеру, уақытылы вакцинацияланып тұруын қадағалау керек. Ол әрбiр шаруашылық басшысының, ветеринар маманның қала бердi мал күтушiлердiң мндеттi жұмыстарының бiрi.



Пастереллездің алдын- алу шараларындағы ветеринарлық ережесі | олданылған әдебиеттер
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати