Головна

Кіріспе | Дебиетке шолу. | Ауру патогенезі | Пастереллездің өту барысы және клиникалық белгілерi | Сас аурулардан дифференциалды диагноздеу | Пастереллездің алдын- алу шараларындағы ветеринарлық ережесі | Орытынды | олданылған әдебиеттер |

Ауруға жалпы сипаттама

  1. I. Жалпы бөлім
  2. Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
  3. Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам
  4. Антициклонның оңтүстік-батыс перифериясының барлық даму фазасында ауа райы жағдайларының сипаттамасы.
  5. Аржы қызметінің реттеу жүйесінің құрылымына сипаттама
  6. Аржылық әдістер жүйесіне сипаттама
  7. Аржылық ақпаратты негізгі пайдаланушыларға (ішкі, сыртқы) сипаттама

Пастереллез (Pasteurellosis) - - жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынумен ерекшеленетін сүт қоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауруы болып табылады. Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге 1878 жылы Болингердің сиырдың пастереллезін сипаттауы негіз болды. Аурудың қоздырушысын тауықтан Е. М. Земмер (1878), Л. Пастер (1880), үй қоянынан Гафки (1881), сиырдан Китт (1885), буйволдан Гресте (1887), бөліп алды. Аурудың атауы Пастердің қоздырушысы микробты өсіріп, әлсіретіп, онымен тауықты иммундеуге бағытталған әйгілі тәжірибелеріне байланысты еді. Ғалымның құрметіне бұл микроб пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды.

Қоздырушысы- Pasteurella multocida- оншақты ірі емес, грамм теріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке- жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия. Пастереллез ауруына ірі қара, қой, үй қояны, құстар және жабайы өгіздер, ешкілер, шошқалар, бұғылар, бұландар, ақбөкендер, киіктер шалдығады. Ауру жас малға және ересек малға бірдей қауіпті, дегенмен ауруға тән белгілер айрықша ересек малда кездеседі. Пастереллалар тыныс жолдарының, ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарын үнемі мекендейді. Pasteurella multocida антигендiк қатынаста бiркелкi емес, 4 капсулалық серотип (А, В, Д, Е) және 12 соматикалық типке ие. Pasteurella multocida-ның антигендiк құрылым штамының анықталуы вакциналық штамдарды iрiктеуде маңызды рөл атқарады. Соның iшiнде iрi қара (В серотип), құс (А және Д) және шошқа (А, В және Д) пастереллезiне қарсы вакцина даярлау кезiнде өте маңызды.

Түрлi қоздырушылардың серотиптерiнiң патогендi және вируленттi қасиеттерi әр түрлi жануарлар түрiнде кең аумақты қамтиды.

Жануарлардың арасында, соның iшiнде iрi және ұсақ мүйiздi қарада, пастереллез ауруы туындаған жағдайда екi биотипi бар (А және Т, ол таксономиялық түрде қазргi уақытта Actinobacillus тұқымына қосылған.) гемолитикалық пастерелла зор маңызға ие.

Pasteurella multocida-ны Pasteurella haemolytica-дан ажырату үшiн МАК - конкид агарда өсiрудi, ақ тышқандар резистенттiлгi тестiн және қанды агардағы гемолиздi қолданады.

Көңде, қанда, суық суда пастереллалар - 2 - З апта, өлекселерде 4 айға дейн, мұздатылған етте 1 жылға дейн сақталады. Тiкелей түскен күн сәулесi 70 - 900С температурасында болса 5 - 10 мин iшiнде пастереллаларды өлтiредi. 5% карбол қышқылымен өңдеу де 1 мин iшiнде нәтиже бередi, З% ерiтiндiсiмен өңдеген жағдайда 2 мин iшiнде, 5% әк сүтi ерiтiндiсiмен 4 - 5 мин iшiнде, З% натрий гидрокарбонатының ыстық ерiтiндiсiмен және 1% хлорлы әк ерiтiндiсiмен өңдегенде З минутта нәтиже бередi.

Ұсақ және iрi мүйiздi қаралар пастереллез ауруымен түрлi жас шамасында жиi ауырады, бiрақ жас малдар бұл ауруға өте сезмтал. Бұл аталған аурумен iрi қараға қарағанда өте жиi буйволдар ауырады.

Түрі мен мөлшері шыққан ортасына байланысты әр түрлі болады. Ауру малдың ұлпасындағы пастереллалар ұсақ, сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский- Гимза әдісімен биполярлы боялады. Жаңа өсінділерде микробтың анық көрінетін қауашағы болады.

Пастереллалар- жартылай ауасы бағалы микробтар. Кәдімгі қоректік орталарда 37°С кезінде жақсы өседі. Жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскенде қоректік орта түгелдей лайланып, ЕПА- да үш түрлі шоғыр түзеді: тегіс (S), бұдыр (R) және кілегейлі (М). Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып триптофан қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитритке дейін тотықсыздандыруы есептелінеді. Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып келді де мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады деп есептелінді. Тек 1939 жылы Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру қоздырғышының бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр Р.multocida ретінде қарастырды. Бұл тұқымдастыққа жататын тағы бір дербес түр P.haemolutica сиырда, әсіресе, қойда пастереллезге ұқсас ауру қоздырады.

Пастереллалардың төзімділігі жоғары емес, сыртқы ортада тез өледі. Көңде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4 айға дейін, мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады. Тура түскен күн сәулесінен бұл микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90°С температурада 5-10 минутта өледі. Барлық үйреншікті дезинфектанттар қолданылып жүрген концентрациясында бірнеше минутта өлтіріледі.

Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін. Пастереллезге тән қасиет- сау жануарлардың арасында да қоздырушыны алып жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пастереллаларды алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей- ақ пастереллездің өзінен- өзі қаулауына себеп болады. Әдетте мұндай жағдай жануарларға әр түрлі қолайсыз факторлардың әсер етуінен кейін байқалады. Пастереллездің індеттік ерекшелігі оның бір жерге орын теуіп, энзоотия ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.

Сиыр мен қой пастереллезбен кез келген жаста ауырады, әйткенмен де жас төлдің бейімділігі жоғары болып келеді. Ең жиі ауыратын жануарлар- буйвол, олардың сиырмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 2 есе жоғары. Жануарларда өлі тиюдің айқын белгілерімен жүрек қызметінің жетімсіздігі байқалып, 1-2 тәуліктің ішінде өліп кетеді.

Олардың клиникалық белгілері бойынша пастереллездің домбыққан, көкіректегі және ішектегі түрлері ажыратады. Аурудың домбыққан, көкректегі және ішектегі түрлерін ажыратады. Аурудың домбыққан түрінде төменгі жақтарының арасында, әукесінде, төсінде, бауыр тұсындағы тері асты шелдерінде тез арада өршитін, ыстық, басып көргенде ауырсынатын, сықырламайтын домбығу болады.

Ауырған мал қоздырушы микробты мұрыннан аққан сора, дем алғандағы ауа, сілекей, нәжіс арқылы бөліп шығарады. Қоздырушының берілу факторлары мен таралу жолдары алуан түрлі. Берілу факторларының ішіндегі ең елеулілері: микробпен ластанған қора- жай, ауа, жемшөп және құрал- саймендар. Құстардың арасында пастереллездің таралуына Dermanyssus gallinae және Argas persicus кенелері айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың денесінде пастереллалар 60 күннен артық сақталады. Аурудан сау емес шаруашылықта тышқандар мен егеуқұйрықтар қоздырушының бастауы мен тасымалдаушысы бола алады.

Індет жағдайын ескермей жануарларды жөн- жазықсыз орын ауыстыру, мөлшерден тыс тығыз орналастыру, ветеринариялық- санитариялық ережелерді дұрыс орындамау, зарарсыздандырылмаған хасапхана қалдықтарын пайдалану пастереллездің таралуына ықпал етеді.

Пастереллез кезінде ауруға шалдығу және өлім көрсеткіші қоздырушы микробтың уыттылығы, табындағы малдардың иммундық жағдайы және күтімі қосалқы инфекциялардың болуы және сауықтыру шараларын дұрыс уақытылы жүргізілінуіне байланысты болады.

 



Жарып - сою хаттамасы | Ауру этиологиясы
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати