Головна

Кіріспе | Ауру этиологиясы | Ауру патогенезі | Пастереллездің өту барысы және клиникалық белгілерi | Сас аурулардан дифференциалды диагноздеу | Пастереллездің алдын- алу шараларындағы ветеринарлық ережесі | Орытынды | олданылған әдебиеттер |

Жарып - сою хаттамасы

  1. Сезіктіні ұстау хаттамасы

Атырау облысы Мақат ауданы «Нұрлан» шаруа қожалығына тиесiлi тауық өлексесiн паталогоанатомиялық жарып - сою.

Жарып - союды «Ветеринарлық медецина және биотехнология» факуль-тетiнiң 3 курс студентi Опашова Г Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университетiнiң ветеринарлық клиникасында 2014 жылы қазанның 15 күні өткізді.

Анамнез. Шаруашылықтағы ветеринарлық маманның 2014 жылдың қазан айындағы бақылауы бойынша құс өзiн салбыраңқы ұстап, бөлектенiп жүрген, бiр жерден қозғалмай, ауызы мен тұмсық тесiктерiнен көбiктi сiлекейдiң аққаны байқалған. Дене температурасы 43,50С дейiн көтерiлiп, мамықтары үрпиiп, солған. Саңғырығы сұр, сары немесе жасыл түстi, кейде қан аралас жиi бөлiнедi. Сырғалары мен айдарының цианозы айқын бiлiнедi. Тыныс жолдарында қоймалжың кiлегейдiң болуына байланысты тыныс алуы қиын және жиiленген. Тәбетi жоқ, жиi шөлдейдi, жалпы әлсiздiк даму күйiнде, құс орнынан қиындықпен көтерледi.

Сыртқы қарау.

I. Тану белгiлерi: 3 айлық, ақ тұқымға жататын дұрыс дене бiтiмдi, орта-ша қоңды тауық өлексесi.

II. Өлекседегi өзгерстер: өлексе салқын, сiресу байқалмайды.

III. Арнайы бөлiм.

Көз (коньюктива) және ауыз кiлегей қабаттары көкшiл реңк бар ақшыл қызыл түстi.

Айдары мен сырғалары көгерген, кеуде бұлшық етi күңгiрт түске боялған.

Қаңқа бұлшық еттерiнде көрнекi өзгерiстерi жоқ. Беткейлiк лимфа түйндерi өзгерiссiз. Сүйек, буын және байламдарында iркiлмелi iрiңдi экссудаттың ба-ры байқалған.

Iшкi қарау.

Құрсақ қуысында 10 мл көлемде қызғылт түстi, мөлдiр сұйықтық бар, iш аумағындағы май мен кiлегейлi қабықтарда түрлi қан құйылулар байқалады, терi және терi асты клетчаткасының терең қабаттарының геморрагиясы, он екi елi iшектiң қабынуы айқын көрнедi. Құрсақ қуысында көбiнесе сұйықтық айқындалады.

Кеуде қуысында 5 мл көлемде экссудат жиналған, мүшелер анатомиялық дұрыс орналасқан. Плеврасы сырғанақ, ылғалды, жылтыр, терең қабаттары геморрагияланған.

Тiлдi кiлегей қабаты көкшiл реңктi бозғылт қызыл түстi. Тiлiнген тiл түсi боз қызыл түстi, кескiнiндегi бұлшықет талшықтары анық көрнедi.

Жұтқыншақ пен өңештегi кiлегей қабық көкшiл реңктi бозғылт қызыл түс-тi.

Кеңiрдек пен трахеяда көп мөлшерде көбктi сұйықтық бар, кiлегей қабаты көкшiл реңктi боз қызыл түстi.

Өкпелерi ұлғайған, күрең қызыл түстi, қамыр тәрiздi консистенциялы, кескiн бетi ылғалды, жылтыр. Өкпе бөлшектерi суда қиындықпен қалқуда.

Бронхылардың кiлегей қабаты сұрғылт қызыл түстi, құрамында көбіктi сұйықтық бар.

Бронхиальдiк және қабырғааралық лимфа түйндерi аздап ұлғайған, сұрғылт қызыл түстi.

Жүрек. Жүрек қабында сұйықтық бар. Эпикард астында нүктелiк қан құйылулар байқалады. Жүрекке (перикард, эпикард) қан шашылғандай, көптеген геморрагиялармен қапталған. Жүрек қалташасы экссудатқа толы.

Аорта және өкпе артериясында көзге көрнетiн өзгерiстерсiз.

Талағында өзгерiс байқалмаған.

Бауыр паренхиматозды зақымдалған күйде, сарғыш түстi, тығыз консистенциялы, сұр нүктелiк некротикалық ошақтармен көмкерiлген.

Асқазаны сарғыш - жасыл түстi сұйық массаға толы.

Аш iшек құрамы сұйық, жасыл түстi, жағымсыз истi. Кiлегей қабығы iснген, қызарған, сiлекеймен қапталған. Он екi елi iшек қабынған.

Тоқ iшек сұрғылт жасыл түстi сұйықтау нәжiске толы.

Бас миы: Ми қабатының тамырлары барынша қанға лық толы.

Паталогоанатомиялық диагнозы:

1. Перикардит.

2. Бауыр циррозы.

3. Жiтi энтерит.

4. Мезентериалды лимфа түйндерiнiң жiтi серозды қабынуы.

5. Ми қабықшаларының жiтi гиперемиясы және бас миының iсiнуi.

6. Жiтi гиперемия және өкпенiң iсiнуi.

Қорытынды. Диагноз анамнез және паталогоанатомиялық жарып - союға негізделiп қойылды. Құс пастереллезден өлдi.

 



Дебиетке шолу. | Ауруға жалпы сипаттама
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати