Головна

Жарып - сою хаттамасы | Ауруға жалпы сипаттама | Ауру этиологиясы | Ауру патогенезі | Пастереллездің өту барысы және клиникалық белгілерi | Сас аурулардан дифференциалды диагноздеу | Пастереллездің алдын- алу шараларындағы ветеринарлық ережесі | Орытынды | олданылған әдебиеттер |

Кіріспе

  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. КІРІСПЕ
  7. КІРІСПЕ

Пастереллез - мал мен кейбір жабайы жануарлар қаның қағындыратын Pasteurella микробтары тудыратын жұқпалы жіті жүру. Бұл індет ерте заманнан белгілі болғанымен, оның жұқпалы екендігін өткен ғасырдың аяғында 1880 жылы Луи Пастер дәлелдеді. Бұл ғалым осы ауруға шалдыққан тауықтарды зерттеп, олардың денесінен бөліп алынған микробтарды бірінші болып жасанды қоректе өсірді. Сондықтан Пастердің құрметіне себіндіде өсірген ауру қоздырғышы пастерелла деп, ал ауру пастереллез деп аталып кеткен. Аурудың аса бір көрнекті белгілері өкпенің фибринді қабынуы, тері асты шел мен ет аралық шелдің көлемді домбығуы, кілегей қабық пен сірі қабықтарда көптеген қанталаулар, сондықтан да пастереллезді геморрагиялық септицемия дейді.

Пастереллез ауруына ірі қара, қой, үй қояны, құстар және жабайы өгіздер, ешкілер, шошқалар, бұғылар, бұландар, ақбөкендер, киіктер шалдығады. Ауру жас малға және ересек малға бірдей қауіпті, дегенмен ауруға тән белгілер айрықша ересек малда кездеседі. Пастереллалар тыныс жолдарының, ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарын үнемі мекендейді. Организмде резистентіліктің әлсіреуі кезінде санитарлық жағдайлар сақталмағандықтан, суыққа шалдығудың, шаршап - қалжыраудың, аштыққа ұшыраудың, жем шөпте витаминдердің жетіспеуі салдарынан, тағы басқа стресс себептер әсерінен микробтардың патогендігі күшейіп, олар ауру тудырады.

Пастереллез жиі негізгі зардапты асқындырады, мысалы авитаминоздарды, жүдеуді және әр түрлі індетті ауруларды - шошқа обасы, торайлар тұмауы, етқоректілер обасы тағы басқалар. Адамдарға жұғу ықтималдығы да өте жоғары. Бiрақ адамдарға жұғу фактiлерi мен оның клиникалық көрiнiсi әлi толық зерттелмеген. Түбегейлi жiктелуi, дифференциалдық диагноз қою белгiлерi де жоққа тән. Көп жағдайларда бұл ауруға шалдыққандар өлiмге ұшырап жатады.

Пастереллез - ұлпаны зақымдайтындықтан ол емге ырық бере қоймайды. Әсiресе, бұл ауруды антибиотиктермен емдеу нәтиже бере бермейдi. Аурудың жануарлар арқылы адамға жұғуы әбден мүмкiн. Мәселен, өлген жануар денесiн ұстаған адам пастереллез жұқтырып алуы ықтимал. Бұл iндет сирек тарайды. Жануарлардан жұғатын болғандықтан халқымыз бұрынырақта бұл ауруды да оба деп атаған.

Аурудың негізгі көзі - сырқат жануар мен бактериотасымалдаушылар. Адамдар инфекцияны ауру малды, құсты сойып, етін жіліктегенде, оны тазалап, өндеу кезінде, сонымен қатар ауру малдың тырнап, тістеуінен де жұқыруы мүмкін. Пастереллездің жасырын кезеңі 1 - 7 күн. Клиникалық айқындалуына сәйкес пастереллезді 3 топқа бөлуге болады. Терілік түрі (көп таралған түрі ), әртүрлі ауру малдың тырнап, тістеуі нәтижесінде таралады. Ауру қабыну түрінде басталады ( ісіну, қызыару) және денеде субфебрилдік қызу ( 37,1 ден 37,6), айқын токсикалық синдром және қан кернеуі, дененің қызаруы байқалады; - септикалық түрі дене қызуымен буындардың қабынумен сипатталады. Адам денесінде полиморфтық бөртпелер пайда болуы мүмкін.

Өкпенің қабынуы пневмония, эмиема клиникасына ұқсайды; - жасырын түрінде симтоматикалық белгілері білінбей өтеді. Жалпы алғанда ауру болжамы жайлы, бірақ нерв жүйесі, бүйрек үсті бездерінің тапшылығы анықталған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Пастереллездің алдын- алудағы негізгі және ұтымды тәсіл - жануарларды вакцинациялау. Эпизоотологиялық жағдайға байланысты медика- санитарлық шаралар жүргізіледі, оның ішінде ең мбастысы - ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарды күтумен, жануарлар өнімдерін өңдеумен айналысатын мекеме жұмысшыларының жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы үнемі қадағалауда болуы керек.

Аурудың манифестирлеушi белгiлерi болып өкпенiң крупозды қабынуы, терiасты және бұлшықетаралық клетчатканың серозды және кiлегей қабықтарында болатын көптеген қан құйылулары бар ауқымды iсiктер табылады (осы себептерге байланысты бұл ауруды геморрагиялық септицемия немесе гемосептицемия деп аталады).Iрi қара, шошқа, қой және құс атаулы жануарлар арасында көптеп таралады.

Сонымен қоса бұғы, марал, жабайы теке, зубр және қабандарда да кездеседi. Түрлi жастағы жануарларды қамтиды, соның iшнде кәрi жануарларда әжептәуiр көрiнiс алады. Осы тұқымдасқа жататын микроорганизмдер әр уақытта асқазан - iшек трактiсiнiң және тыныс алу жолдарынң кiлегей қабықтарында мекен етедi. Организм тұрақтылығы төмендейтiн белгiлi бiр жағдайларда (азықтандырудың, күтiп бағудың бұрыс болуы, авитаминоздар және тағы басқа стресс факторлар) олар өздерiнiң патогендiгiн жоғарылата алады. Пастереллез Республиканың эпизоотиялық сәттiлiгiне қатер төндiре отырып шаруашылыққа ауқымды экономикалық шығын әкеледi. Пастереллез профилактикасының қиындығы түрлi жағдайлардағы бар вакцинаның пайдаға асуы соматикалық О-антигенге вакциналық және эпизоотиялық пастерелла штамдарының сәйкес келуiне байланысты.

Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты - пастереллез кезіндегі паталогоанатомиялық өзгерістер туралы жалпы мағлұмат алу, жалпы ауру тарихына шолу жасау болып табылады.

Ал курстық жұмысымның негізгі міндеттерінің бірі - болашақ өзім сияқты маман иелеріне пастереллез ауруының маңыздылығын түсіндіре отырып, жануар организіміндегі көріністерін таныстыру.

 



Охрана окружающей среды при дноуглубительных работах | Дебиетке шолу.
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати