Головна

АҚПАРАТТЫҚ ЖАНРЛАР | РЕПОРТАЖ | Репортаждың түрлері | ИНТЕРВЬЮ | КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ. 1 страница | КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ. 2 страница |

КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ. 4 страница

  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

«Селодағы шаруаның мына бір ерекшелігін де ескермей болмайды. Ол, айтқалы отырғаным- бау-бақ. Өз бағыңның аясында жазда дем алсаң, оны бір мезгіл күтсең, жаның рахат тауып, кенеліп қалмайсың 6а? Мұның өзі шаруаның жерге, табиғатқа деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыра түспей ме?» Егіншілер тағы да проблема көтереді:

«- Сіз «Нива-5» комбайны жайлы сұрадыңыз ғой деді. Ол:

- Әлгінде көрдіңіз, бітік егінді қазіргі комбайн мардымды ала алмайды. Еңбек өнімі ете аз. Бидайды дер кезінде жедел жинап алмасақ, ысырап деген сол. Төгіледі. Бір кезде жүз пұт делік. Бір гектардан жүз пұт алсақ мәз болатынбыз. Көріп тұрсыз, жүз сексеннен айналып отыр. Бүл бізге қанағат емес. Нысанамыз - екі жүз пұт! Оған да жетуге болады. Әттеген-ай!».«-Мынаны қараңызшы... химия деген құдірет бар. ... Егер бізге сол «құдіретті» мол берсе, мына жерден бәрін де алар едік. Көріңізші, бізге азот тыңайтқыштары керек. Ал беретіні - суперфосфат. Осы дұрыс па?». Шебер публицист Сырбай Мәуленов өзінің кейіпкерлерінің терең де орынды пікірлері арқылы бүгінгі диқандар өмірінен, ауыл шаруашылығынан осындай күрделі-күрделі проблемалық мәселелер көтереді. Сөйтіп, өзінің арқауы көтерілген тақырыбы жағынан бұл тартымды проблемалық очерк боп шыққан. Қазақтың қазіргі көркем-публицистикалық очеркінде жанрдың бұл түрі жақсы қалыптасқанын атап айта кету керек. Очерк жанрының ең көп тараған түрі - портреттік очерк. Қазіргі портреттік очеркіміз біздің замандастарымызды көрсетуді мақсат етеді. Онда автор өз кейіпкерінің өмір талабының ерекшеліктерін, оның өмірінің қалың оқушы бұқара үшін үлгі боларлық жайларын суреттейді. Адамды типтік дәрежеде көрсетумен бірге, ол туралы баяндалған жайлар оған ғана тән болумен қатар кейіпкер көптен оқшау тұрады. Жанрдың бұл түрінде совет адамдарының бойында коммунизмнің жаңа белгілері көрінуі тиіс, жаңа адамның қалыптасу жолдары байкалуы тиіс. Портреттік очеркке қойылатын осы талаптарға «Социалистік Қазакстан» газетінің (12 январь, 1973 жыл) «Еңбек ері - елге мақтан» деген айдармен берілген «Тың түлегі» очеркі толық жауап береді. Ең алдымен, бұл очерктің кейіпкері-Қазақстан Қоммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Ленин, Октябрь революциясы ордендерімен наградталған Социалистік Еңбек Ері Михаил Егорович Довжик.

Очерктің мұндай түріне кейіпкердің қажырлы еңбегі, оның еңбек табыстарының көріністері, еңбекті ұйымдастырудағы ерекше әдістері арқау болады, бүкіл шығармаға желі болып тартылады. «Егінді дестеге салу, дән бастыру, қырман мен қабылдау пункттеріне астық тасу арасында алшақтыққа жол берілмей біріне-бірі ұштаса жүруі де сол мақсаттылық пен парасатты ойдың астарласа көрініс беруінің нәтижесі, кепілі». Еңбек әдістерін осылай ұйымдастыра отырып, очерктің кейіпкері М. Е Довжик мына көрсеткіштер үшін күреседі: «Ол басқаратын коллектив өздерінің бұрынғы кездегі жұмыстарын егжей-тегжейлі сарапқа салып, қолда бар мүмкіншіліктерді екшей келе әр гектардан жоспардағы 12,8 орнына 13,6 гектардан өнім алуды, мемлекетке 49,600 центнер,жоспардағыдан 12,850 центнер артық астық сатуға міндеттенген. Бесжылдықтың аяғында әр гектардан кемінде 14,2 центнерден өнім жинап, тапсырылатын астықты 51,550 центнерге жеткізу ұйғарылған. Ол үшін өткен бесжылдықпен салыстырғанда гектарсайын өнімді 3,6 центнерге арттыру белгіленген. Қайталап айтқанда кейіпкердің қаһармандық еңбек күрестері очеркке арқау болып автордың ойын дамытуына, оның шабытына жігер беріп отырады.

Енді очерктің авторы Ш. Дәрмағамбетов М. Е. Довжик өмірінің калың оқушы бұқара үшін үлгі боларлық жайларын былай баяндайды:

«Михаил Егорович Довжик Запорожьеден 1954 жылдың көктемінде келді. Жақсы ауданындағы «Ярославский» совхозының керегесін жайып, уығын қадаған, шаңырағын көтергендердің бірі болды. Сол жылы бес мың гектар тың көтеріп, егін еккен олар жақсы өнім жинады. Әлгі Володя келесі жылдың жазында шатыр ішінде дүниеге келген.

Әр гектардан бригада бойынша 17 центнерден жиналған. 1956 жылы Довжик Ленин орденімен наградталды. Күзде КПСС мүшелігіне қабылданды. Осыданекі жыл өткен соң ВЛКСМ Орталық Комитетінің пленумына қатысып, сөз сөйлеген Михаил Егорович ауылғакелісімен жастарды коммунистерше еңбек етіп, өмір сүруге шақырды. Республикада коммунистік еңбек коллек­тиві атағына алғаш ие болған да Довжик басқарғанбригада еді. КПСС XXIIIсъезіне делегат болып қатысты. СССР Жоғарғы Советіне және Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды. Ең артта қалған үш бригаданың бірінен соң бірін қабылдап, алдыңғылар қатарына қосты. 1967 жылы облыстық партия комитетіне тілек білдіpiп, «Шуйский» совхозыңдағы қазір өзі басқарып жүрген бригадаға ауысты. Ауа райы қолайсызболған келесі жылы бригада бойынша әр гектардан 12центнерден өнім алынды. Содан бері егіс көлемі қанша өссе де табыс осы мөлшерден арта түспесе, төмендеген жоқ». Қазақстанның мерзімді баспасөздерінде «Замандас келбеті» деген тартымды айдармен беріліп жүрген портреттік очерктердің жиі көрінуі қазақ публицистикасында бұл жанрдың жақсы қалыптасуын дәлелдеумен бірге, оған біздің қаламгерлеріміздің шеберлене түскендігін де көрсетеді.

Біздің қазіргі баспасөзіміздің беттерінде жол-жөнекей очерктер өте жиі көрінеді. Оның үстіне, С. Мұқановтың «Адам ата шоқысында», Ғ. Мүсіреповтың«Кездесулер», М. Қаратаевтың «Мысыр сапары», С. Қирабаевтың«Италия әсерлері», Т. Ахтановтың «Индия саяхаты»,басқа осындай көркем шығармалардың өзі бұл жанрдыңқазіргі қазақ публицистикасында жоғары сатығакөтеріле түскендігін дәлелдей түседі.

Көркем публицистикалық жанрлардың бір түрі - сатиралық жанрлар.

...Қазақтың қазіргі сатиражанрлары мен оның өкілдерінің творчествосын әңгімелегенде, мұның өзі орыстың сатира мектебінің негізінде және одан үлгі алып дамығанын ескеріп отыруға тиіспіз.

... Тап күресінің барысында совет сатириктерінің шеберлігі шыңдалуымен қатар өмірдің көлеңкелі жағын типтендіре білудің әдістерін де олар барған сайын үйрене түсті. Азамат соғысы мен шетел империалистерімен күрес күндерінде совет сатирасы қалыптаса бастады.

Азамат соғысы және шетел интервенттерімен күрес күндерінде сатириктерден өмірге тікелей араласу, өмірде орын алған кемшіліктерді тікелей әшкерелеуі талап етілді. Осыған байланысты РОСТ-ның сатиралық туындылары жарық көріп тұрды. Бүл күндерде Демьян Бедныйдың, В. Маяковскийдің, Л. Бродаттың сатиралық таланттары жан-жақты ашыла түсті. Олар өздерінің шығармаларында шеберліктің тамаша үлгілерін көрсетті.

Жас совет өкіметінің жауларын ащы тілмен әшкерелеумен қатар көркем публицистиканың бір түрі - сатира жанрларының қалыптасуына «Крокодил» сатиралық журналы көп еңбек сіңірді. Совет өкіметінің алғашқы жылдары-ақ 1922 жылы шыға бастаған «Крокодил» журналы ұсақ буржуазиялық көзқараспен мещандық, отанға опасыздық, бюрократтық сияқты өткен өмірден қалған кесепаттармен батыл күрес ашты, сөйтіп, Советтік сатиралық журналдың жаңа типі пайда болды. Мұндайжаңа типті сатиралық журналдар орталықпен қатар жергілікті жерлерде де көріне бастады.

Орталық газеттердің жандарынан және ұлт республикаларында да сатиралық журналдар бірінен соң бірі шыға бастады. 1923-1926 жылдары сатиралық журналдар барлық республикалардың ана тілінде шығып, олардың сандары көбейіп, сапалары жақсара түсті. Бірақ, бұл шықкан сатиралық басылымдарда жарияланған шығармалардың идеялық дәрежесі, олардың жанрлық сапасы, олардыңөмірге араласуы жағынан өскелең өмірге жан- жақты дәл жауап берген жоқ еді.

Ұлы Отан соғысының ауыр күндерінде сатира жанры тек қана майдандық баспасөзде ғана емес, тылдағы баспасөзде де кең етек алды. Тылдағы баспасөз фашизмді әшкерелеумен қатар, ел ішіндегі орын алған олқылықты, жіберілген кемшіліктерді қатал сын мен сықаққа алып, оны түзетуге жөн сілтеп, жол көрсетіп отырды. Мұны біз аға газетіміз «Социалистік Қазақстанның» Ұлы Отан соғысы жылдары шыққан сандарынан, оған белсене қатысқан белгілі фельетонист-сатириктер Сейділдә Төлешевтің, Асқар Тоқмағамбетовтың, Жүсіпбек Алтайбаевтың сатиралық шығармаларынан көреміз.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталысымен сатиралық журналистика кең өркен жайды. Украинаның «Перец», Белоруссияның «Вожин» сатиралық журналдары Отан соғысы аяқталысымен шыға бастады. Бұл журналдар өздерінің күнделікті сандарында халық шаруашылығы саласында бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру, осы жолдағы халықтың қажырлы күресіне аз да болса кедергі болған жайларды ащы әжулап, халықтың бейбіт еңбекке көшкен күрес жолын тазалап отырды.

Халқымыздың бейбіт еңбекке көшуімен байланысты баспасөз, әсіресе, сатира халық шаруашылығы саласындағы кейбір адамдарымыздың бойындағы бойкүйездікті, күйелі көлеңкені ашық та айқын көрсетуге міндетті болды. Міне, осы кезеңге байланысты, бүкіл идеологиялық жұмыстың алдында тұрған жаңа міндеттер мен оның жаңа әдістеріне сай советтік сатираның да алдында күрделі-күрделі міндеттер тұрды. ВКП(б) Орталық Комитеті 1948 жылы ... «Крокодил» журналы туралы қаулы қабылдады. Орталық партия Комитетінің бұл қаулысы «Крокодил» журналының жұмысындағы елеулі кемшіліктерді атап, оның келешек міндеттеріне жол сілтеді. Соғыстан кейінгі дәуірдегі сатира жанрының өркендеу жолдарын көрсетіп берді.

Алпысыншы жылдардың бірінші жартысынан бастап советтік сатира журналистикасы өркен жая бастады. Бір-екі жылдың (1953-1955 ж) ішінді Тәжіктің «Хорпуштақ», Түркменнің «Тоқмақ», Армянның «Возни» журналдары ашылса, алпысыншы жылдың аяғына дейін ұлт республикаларында түгел дерлік және автономиялық республикалардың көпшілігінде сатиралық журналдар жемісті жұмыс істей бастады. Сөйтіп, өткір сатира біздің көптеген газет-журналдарымызда да кең етек ала бастады.

Қазақстанның мерзімді баспасөзін алатын болсақ, бұл жылдары барлық газеттерде түгел дерлік сықақ бұрышы ашылды.

Қазіргі кезде біздің елімізде жиырмадан астам СССР халықтарының тілінде сатиралық және юморлық журналдар шығады. Тек «Крокодил» журналы тиражының өзі үш миллионнан асады. Еліміздегі барлық сатиралық журналдың бір дүркіндік шығатын саны алты миллионнан асады. Осының өзі біздің елімізде сатиралық баспасөздің және оларда жарияланатын сатиралық жанрлардың тәрбиелік мәнінің барған сайын күшейе түсетіндігін көрсетеді. Осыған орай көркем публицистиканың бір жүйесі сатиралық жанр бұл күндері біздің баспасөзімізден елеулі орын алады да, өмірдің барлық саласына кең араласып отырады.

Қазақ сатирасының өрге көтерілуіне саяси сатиралық журнал - «Араның» шығуы көп септігін тигізді. Журнал жарыққа шығысымен өзінің маңына барлық қазақ сықақшыларын түгел топтай отырып, сатира жанры тақырыбымен, өмірге терең араласуына көмекші бола отырып, қазақ совет сатирасының жақсы қалыптасуы жолында жарасымды жұмыс істеді. Журналда сатираның түрлері: фельетон, эпиграмма, памфлет, сықақ өлең, сықақ әңгіме, мысал, шарж, яғни сатираның барлық түрлері журнал төрінен орын алып, гүлдей ажарлана түсті. Аға сатириктерге ілесе Балғабек Қыдырбекұлы, Сақтапберген Әлжіков, Садықбек Адамбеков, Шона Смаханұлы, Мыңбай Рашев, Оспанхан Әубәкіров, Оспанәлі Иманалиев сияқты сатириктер буыны қалыптасты.

Бұл жерде публицистика жанрларына қойылатын документализм, нақтылық, ұшқырлық (оперативтік) сияқты негізгі талаптар фельетон жанрларына да қойылады.

Кей жағдайларда фельетон шартты фактілер мен құбылыстардың негізінде жазылады. Мұндай тәсілмен жазу үстінде автор өмірде көрген, өзі байқаған фактілердің негізінде белгілі адамдардың жарамсыз іс-қылығы негізінде оқиға желісін ойдан құрады, ондағы адамдардың да аты-жөндерін шартты алады. Бірақ, мұндай шартты жазылған фельетоннан қалың оқырман өмір көріністерін, өз жандарында жүрген кейбір адамдарды елестетеді.

Фельетонды түрге бөлу жөнінде де әр түрлі пікірлер ар. Бірақ, біздіңше, фельетонды түрге бөлу - шартты нәрсе. Өйткені, фельетонның жазылуы автордың журналистік шеберлігіне, оның өмір тәжірибесіне байланысты болады. Автор өзінің идеясына, алған тақырыбының аумағына, алған фактісінің әлеуметтік мәні мен сипатына қарай өзінің фельетонын проза түрінде немесе өлең,болмаса пьеса түрінде жазуы мүмкін. Қазіргі қазақ баспасөзінде мұның барлық түрі де бар және барған сайын ажарлана байи түсуде. Біздің қазіргі мерзімді баспасөзіміздің және сатириктеріміздің шығармаларын алатын болсақ, фельетон-корреспонденция, фельетон-мақала, фельетон-шолу және фельетон-рецензия қалыптасты.

Сатиралық жанрлардың бір түрі - памфлет. Бұл жанр өзіне әлеуметтік тақырыптарды арқау етеді. Памфлетті фельетонмен сәл салыстырып көрсек, фельетон қоғам өмірінде кездесетін кейбір кемшіліктерді, кейбір қоғам мүшелерінің қоғамға, адамгершілікке кір түсіретін жайларды ажуалайды, әшкерелейді.

Сатиралық жанрдың бір түрі - пародия әдеби шығарманың пішіні мен мазмұнын сын қармағына іліп отырады. Мұнда жеке жазушының творчествосы немесе оның шығармасы сыналады. Кейбір жазушылар мен ақындар шығармаларының саяздығын, жалаңдығын, алақолдығын тағы басқаларын пародияға айналдырып отырады.

Эпиграмма да осы сатиралық жанрлардың шағын бір түрі. Бұл шағын жанр көбіне-көп белгілі бір мамандық өкілдерінің кемшіліктерін кекетіп-мұқатады. Немесе жағымпаздарды, көбік ауыздарды тағы басқаларды шымшып-түйреп отырады. Эпиграмма өлең түрінде жазылады да аз сөзбен көп мағына береді.

 



КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ. 3 страница | Жанр Интервью
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати