Головна

Стационарлық үлгідегі ұйымдардың міндеттері мен функциялары | Стационарлық үлгідегі ұйымдарға қабылдау шарттары | Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайлары | Ызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке сұранысын айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу | Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары | Уақытша шығару және ауыстыру шарттары | Орытынды ережелер | Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның міндеттері мен функциялары | Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары | Және тоқта тұру шарттары |

Ажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

  1. E). Жоғарғы алдыңғы ұяшықтық және мұрын таңдай нервтерін.
  2. E). Мұрын таңдай және жоғарғы алдыңғы ұяшықтық нервтерді.
  3. F20 билет 2 сұрақ. Газ көлемі өзгергендегі жұмыс...
  4. "Ситуациялық есеп " түрінде дайындалған студенттердің өзіндік жұмысын бағалау критерийлері
  5. Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
  6. Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
  7. Автокөлікпен жүкті тасымалдауға кеткен меншікті пайдалану және күрделі шығындар

23. Арнаулы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар мен жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басқа да мамандары (бұдан әрі - жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары) айқындайды, (4-қосымша).

24. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұзақ уақыт болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын әрбір қызмет алушыға бір жылдан аспайтын мерзімге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын қызмет алушыларға болу кезеңдегі мерзімге жеке жоспарлар (бұдан әрі - жеке жоспар) әзірлейді (5-қосымша).

25. Жеке жоспарларды қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары оны тексергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлейді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуы 42 күннен аспайтын қызмет алушылардың жеке жоспарлары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап ұйымның мамандары оны тексергеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.

26. Жеке жоспарда көрсетілген іс-шараларды жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.

27. Қызмет алушының жай-күйіндегі өзгерістерді жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажетіне қарай ай сайын) тексереді.

28. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары жеке жоспардың орындалуы (мониторнгі) туралы журналда/ электрондық картотекада (бұдан әрі - журнал/ электрондық картотека) көрсетеді, ол әрбір қызмет алушыға жеке-жеке толтырылады (6-қосымша).

29. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары мониторинг қорытындылары бойынша қызмет алушылардың жеке жоспарларын қажетіне қарай түзетеді.

30. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/ электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

31. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың жұмыс сапасы:

жеке даму деңгейі жоғарлаған балалар мен 18 жастан асқан адамдардың;

білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалардың;

қоғамға кіріктірілген ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың;

әлеуметтенген және өздігінен өмір сүруге бейімделген қызмет алушылардың санының көбеюі бойынша жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бағалайды.

32. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда, шарт жасау негізінде басқа ұйымдар мен ведомстволардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.

33. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін журналға/электрондық картотекаға тіркейді.

34. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерін сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

 



Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болудың шарттары | Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати