Головна

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ЖӘНЕ ЖАС БАЛАНЫҢ ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ТУАЛЕТІ

  1. АЙМАҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР.
  2. ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МЕНШІКТІ ДИСКОНТТЫ ШЫҒЫНДАР
  3. ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ
  4. ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННА ЖАСАУ
  5. КӨТЕРМЕ КӨЛIКТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ПАРАМЕТРЛЕРІ
  6. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Мақсаты:

- дене тазалығын сақтау;

- баланың жан-жақты қажеттілігі «таза болуды» қамтамасыз ету;

- ұқыпты болу дағдысын қалыптастыру

Қажетті құралдар:қайнаған су, мақта түйіршіктері мен шиыршықтар, қолданылған заттарға арналған лоток, жөргектеу үстелінде орналасқан таза киімдер мен жөргектер, резеңке қолғап, залалсыздандыратын ертінді, кір киімдерге арналған қап

Қажетті шарты:

- мұрын мен құлақты тазалағанда қатты заттарды қолдануға болмайды;

- анасы мен туыстарына атқарылатын істің мақсаты мен орындалуы түсіндіріледі;

- қажет құралдар дайындалады;

- қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;

- жөргектеу столын залалсыздандыратын ертіндімен тазалап, оған жөргек төсейді;

- баланы шешіндіріп (қажет болса жыныс мүшелерін жуып), жөргектеу столына

жатқызады;

- киімдерін кір киімдер салатын қапқа тастайды;

- мақта тампондарын қайнаған суға батырып алып бетін жуады;

- көзін қайнаған суға батырылған мақта домалақшаларымен сырты бұрышынан ішкі бұрышына қарай тазалайды (әрбір көзге жеке домалақшалар қолданылады)

- мұрын қуысын қайнаған суға батырылған

тығыз мақта шиыршықтарымен айналдыра отырып тазалайды

(әрбір мұрын қуысына жеке шиыршықтар пайдаланады);

- құлақ қуысын да тығыз мақта шиыршықтарымен тазалайды.

Ескерту:

- құлақты аптасына 1 рет немесе қажетіне қарай тазалайды;

- баланың иегін ақырын басып аузын ашады да, ауыз қуысын қарайды;

терінің табиғи қатпарларын қайнаған сумен мақта тампонымен мына кезекпен өңдейді:

а) құлақ арты б) мойын в) қолтық г) шынтақ д) білезік е) қылта ж) тобық з) шат

и)жамбас.

- баланы киіндіріп төсекке жатқызады;

- жөргектеу столынан жөргекті алып,оны кір киімдерге арналған қапқа салады;

- жөргектеу столын залалсыздандыратын ерітіндімен сүртеді;

- қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреді.

 



ДЕНЕ ҰЗЫНДЫҒЫН ӨЛШЕУ | ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННА ЖАСАУ

Жаңа туған нәрестені жөргектеу | ОМФАЛИТ КЕЗІНДЕ КІНДІК ЖАРАСЫН КҮТУ | Шала туған нәрестені зонд арқылы тамақтандыру | ЖАС БАЛАЛАРҒА ТАЗАЛАУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ ТӘСІЛІ | Балаларға ылғалданған оттегін беру | Мұрын мен тамақтан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу | Нәжісті бактериологиялық тексеруге жинау | Шеткі лимфа түйіндеріне пальпация жасау | Тыныс алу жүйесін тексеру әдісі | Жүрек - қан тамырлар жүйесін тексеру әдісі |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати