Головна

Тақырып№36: Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары | Тақырып№38: Жазбаша аударма тәжірибесі | Тақырып№39: Фразеологиялық бірліктердің аудармасы | Тақырып№40: АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР | Тақырып№41: Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару | Тақырып№42: РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ | Тақырып№43: Аудару процесінің психологиялық және лингвистикалық ерекшеліктері | Тақырып№44: Аударма түрлері | Тақырып№45: Сөз тіркестері мен етістіктердің аудармасы | Тақырып№46: Қазақ тілінен ағылшын тіліне поэзияны аудару |

Тақырып№48: Көркем әдебиет стилінің жазбаша аудармасы

  1. Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары
  2. Біліктілігі: Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, суретші- көркемдеуші
  3. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
  4. Негізгі әдебиет тізімі
  5. Негізгі әдебиеттер
  6. Негізгі әдебиеттер тізімі
  7. Нормативті әдебиеттер

Мазмұны: 1. Көркем әдебиет стилін жазбаша аудару

2. Аудару барысындағы мәтіндегі алып тастаулар

Тiл аралық коммуникацияның кең таралған тәжiрибесi, жеке алғанда, аудармашы қызметі, лингвистикалық ғылымның бақылауында үнемі болуы тиісті. Барлық сәйкес бірліктердің мағынасы мен қолдану саласы бойынша олардың мұқият жасалған салыстырмалы анықтамаларын беретін екі тілді сөздіктердің теориялық және практикалық құндылығының қаншама екенін, сонымен қатар олардың аса қажеттіліктерінің қаншалықты маңызды екенін асыра мадақтау қиынға соғады.

Ауызша аударманың арнайы теориясының шегінде аудармашы сөзінің басқа да ерекшеліктері атап өтіледі. Мұнда аудармашының жалтақтауы себепті жіберілетін үзілістерімен байланысты ақырын артикуляциясы, қате варианттарды таңдауы себепті туындайтын артта қалушылық интервалының еселеп өсуіне әкелетін тұрақсыздығы, сонымен қатар, дыбыстың таза шығуына қатысты жіберілетін үзілістің жалпы ұзақтығы жатады.

Аудармашының мәтіні ырғақсыздау, синхронды аудармашы түсінікті мәтінді тезірек айтуға тырысып, көбіне жоғары екпінмен сөйлейді, ал кезекті аудармада сөйлеу екпіні едәуір төмендейді, себебі аудармашы түпнұсқа мәтіннің мазмұнын есіне түсіре отырып, өзінің жазбасын тексереді. Ауызша аударманың теориясында ілеспе және кезекті аударманың қысаң шарттарын орындау кезінде ерекше жігерді талап ететін аудармашы сөзінің нормативтік талаптарына ерекше назар аударылады: анық артикуляцияның қамтамасыз етілуі, ырғақтың бірқалыптылығы, екпіннің дұрыс қойылуы, тыңдаушыларға оның толықтай қабылдауын қамтамасыз ететін сөйлемнің және аударманың басқа да бөліктерінің міндетті мағыналық және құрылымдық аяқталуы.

Ауызша аударма теориясының маңызды бөлімдері аударманың әр түрлі үлгілеріне жетімді болатын баламалық сипатының зерттеулері болып табылады. Көрсетілгендей, жазбаша аудармада орнатылған баламалық деңгейімен салыстырғанда, ауызша аудармада кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін. Бұл ауытқулар алып тастауларға, қосылуларға немесе қате ақпараттың орын ауыстыруларына әкеліп түйістіреді. Ауытқулардың әрбір түрі жеткізілмеген немесе қосылған ақпараттардың маңыздылық дәрежесіне қарай бөлінетін ұсақ категорияларды қамтиды.

Алып тастаулар:

1) кішігірім жеке сөздердің, көбіне теңеулердің алып тастаулары;

2) аудармашы мәтіннің кейбір бөліктерін түсінбеуіне байланысты маңызды және көлемді бірліктерінің алып тастаулары;

3) аударма процесінде мәтіннің құрылымының өзгеруіне байланысты мәтіннің бір бөлігін алып тастау;

4) аударманың оратор сөзінен артта қалушылығына байланысты мәтіннің мағыналы бір бөлігінің алып тастаулары болып бөлінеді.

Қосылулар қосылған мол элементтердің сипаты бойынша топтастырылады: жеке анықтауыштар, қосымша түсініктемелер, айтқан сөздердің арасындағы байланыс, және т.б. Ал, жіберілетін қателіктер маңыздылық дәрежесіне қарай топтастырылады: жеке сөз аудармасының кішігірім қателігі, жеке сөз аудармасының мағыналық қате аудармасы, сөз құрылымының өзгеруімен байланысты кішігірім қателігі, сөз құрылымының айтарлықтай өзгеруімен байланысты мағыналық қате аудармасы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жазбаша аударманың ерекшелігі не?

2. Аудару барысында мәтіннен қандай алып тастаулар орын алады?

 



Тақырып№47: Лексикалық мәселелер | Тақырып№49: Ырықсыз етіс аудармасының өзгешеліктері
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати