Головна

Тақырып№27: Сөздік құрастырудың техникасы | Тақырып№28: Түсіну барысындағы аударма анализінің рөлі | Тақырып№29: Реферат құрастыру | Тақырып№30: Мәтінді әртүрлі жанрда аудару | Тақырып№31: Ағылшын тілінен қазақ тіліне әңгімелерді аудару | Тақырып№32: Аударма техникасы | Тақырып№33: Аудармадағы балама туралы түсінік | Тақырып№34: Реалиялардың аудармасы | Тақырып№35: Неологизмдердің аудармасы | Тақырып№36: Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары |

Тақырып№39: Фразеологиялық бірліктердің аудармасы

  1. Тақырып№ 51. Инфинитив аудармасы
  2. Тақырып№ 52. Есімдік аудармасы
  3. Тақырып№17: Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының компонентері мен олардың аудармада берілуі.
  4. Тақырып№26: Инфинитив формасынын аудармасы
  5. Тақырып№34: Реалиялардың аудармасы
  6. Тақырып№35: Неологизмдердің аудармасы

Мазмұны: 1. Фразеологиялық бірліктер

2. Фразеологиялық бірліктердің аудару тәсілдері

Фразеологиялық бірліктер немесе тұрақты сөз тіркестері ең басты ерекшелігі - олардың компоненттерінің мағынасын біріктіре отырып бір мағынаға ие болу. Сондықтан аудармашы оларды аударғанда компоненттерінің бөлек мағыналарына емес, жалпы сөз тіркестің біртекті мағынасына үлкен назар аудауы қажет. Тұрақты сөз тіркестері образды және образды емес болып екіге бөлінеді. Образды емес тұрақты сөз тіркестеріне мысал келтірелік: to make a sacrifice - құрбандық ету, to have a good sleep - ұйқыны жақсылап қандыру, to pay attention - назар аудару.

Ағылшын фразеологиясының өзіне тән стилистикалық және мағыналық қасиетін айта кеткен жөн. Мысалы: the hell of a time - қатты көңілді немесе зая кеткен уақыт деп аударылады.

Образды тұрақты сөз тіркестерін аудару тәсілдері:

1. Фразеологиялық баламалылық. Егер белгілі бір фразеологиялық бірлік түпнұсқа және аударма тілдерінде толығымен мағыналық және стилистикалық жағынан сәйкес келсе, оны фразеологиялық баламалылық тәсілімен аударамыз. Баламалар толық және толық емес болып екіге бөлінеді. Толық балама мысалы: to cast a glance - көз тастау, the bitter truth - ащы шындық, to play with a fire - отпен ойнау. Толық емес балама мысалы: to kill the goose that lays the golden eggs - алтын жұмыртқа туатын тауықты өлтіру, a bird may be known by its song - құс ұшқанымен көрінеді, to fish in triobled waters - лай суда балық аулау.

2. Фразеологиялық нұсқаны қолдану. Мұндай тұрақты сөз тіркестер мағынасы жағынан ұқсайтын тұрақты сөз тіркестеріне аударылады. Мысалы: to work one's fingers to be bone - қол үзбей жұмыс жасау, to hit the bird in the eye - дәл табу.

3. Фразеологиялық бірліктерді немесе тұрақты сөз тіркестерін калькалау. Аударма тілінде баламасы немесе нұсқасы жоқ тұрақты сөз тіркестерін аударғанда аудармашы түпнұсқа мағынасын сақтап қалу мақсатында сөзбе-сөз аударады. Мысалы: liars must have good memories - өтірікшілерге жақсы есте сақтау қабілеті қажет, to keep a dog and bark oneself - ит ұстағанымен өзің абалайсың.

4. Бейнелеп аудару. Егер аудармашы тұрақты сөз тіркес мғынасынан ауытқып кетсе, ол сол тұрақты сөз тіркес мағынасын суреттепнемесе бейнелеп аудара алады. Мысалы: And it is from this that we shall arrive at some particulars regarding the Newcome family which will show us that they have a skeleton or two in their closets, as well as their neighbors - Бұл адамдардан біз Ньюкомов жанұясына тиесілі олардың көршілерінде сияқты жанұялық құпиялары бар екендігі туралы кейбір жаңалықтарды біле аламыз.

Практикалық тапсырма:

Төменде берілген фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне аударыңыз:

out of the blue

to spread like wildfire

to turn back the clock

Caeser's wife is above suspicion

to leave much to be desired

to work one's fingers to the bone

a hard nut to crack

by fair means or foul

to sleep like a log

a fly in the ointment

a mare's nest

a rolling stone gathers no moth

never look a gift horse into the mouth

if you lose, don't lose the lesson

to bite the hand that feeds you

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Тұрақты сөз тіркестерінің ең басты ерекшелігі не?

2. Фразеологиялық бірліктер нешеге бөлінеді?

3. Фразеологиялық бірліктердің аудару тәсілдері қандай?

 



Тақырып№38: Жазбаша аударма тәжірибесі | Тақырып№40: АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати