Головна

Тақырып№5: Аудармашыық іс-әрекеттің типологиясы | Тақырып№6: Аударма процесінің аударылатын текстің түріне тәуелділігі. | Тақырып№7: Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы | Тақырып№8: Ауысша аударманың түрлері мен типтері | Тақырып№9: Аударманың эквиваленттілігі | Тақырып№10: Эквиваленттіктің деңгейлері мен түрлері | Тақырып№11: Аударма прагмматикасы | Тақырып№12: Аударма прогмматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдері. | Тақырып13: Аударма модельдері | Тақырып№14: Аударама процессі |

Тақырып№16: Аудармалық сәйкестілік

  1. Тақырып№15: Аудармалық трасформация және түрлері

Мазмұны: 1. Аудармалық сәйкестілік ұғымы

2. бірлік және көптік сәйкестіліктер

3. Контекст (тар және кең) пен тілден тысқары ситуация: Олардың аударма барысында мәтіндегі сөзді анықтап, оның сәйкестігін таңдаудағы ролі

4. окказионалды сәйкестік (контекстік орын басқыштар) ұғымы.

5. эквивалентсіз бірліктерді аударудың негізгі әдіс-тәсілдері.

Аударманың оригиналға мағыналық және структуралық жағынан барынша жақындығына тырысу аударма процесі кезінде эквивалент болып тек қана біріктірілген текстер ғана емес, сонымен бірге бастапқы тілмен аударма тіліндегі олардың бірліктері болып табылады. Бастапқы тілдің бірлігін аудару үшін жиі қолданылатын аударма тілінің бірлігі аудармалық сәйкестік деп аталады. Аудармалық сәйкестікті екі тілдің жуйесінде ұқсас орын алатын, аударма процесіне қатысатын бірліктерді салыстыру арқылы емес, аудармада бірігетін коммуникативті жағынатын тең дәрежедегі сөйлемдерді салғастыру арқылы анализі кезінде іске алады.

Сәйкестерді бастапқы тілдің бірліктері үшін тіл жүйесінің кез-келген деңгейіндегі анықтауға (табуға) болады: Дыбыстан бастап сөйлемге дейін.

Дыбыс деңгейіндегі сәйкестіктер:lady-леди,speaker-спикер, Liverpool-Ливерпуль т. б.

Морфема деңгейіндегі сәйкестік: Table-s-стол-ы; back-bencher заднее-скамееч-ник;strict-ness қаталдық, строг-ость т. б.

Сөз деңгейіндегі сәйкестік:he came home-он пришел домой,

I looked at her-Я посмотрел на нее, my brother lives in Astana-Мой брат живет в Астане.

Мұндай түрдегі сөз сайын аударма күрделі структуралы сөйлемдерді аударғанда да қолданылады. The Industrial Revolution brought into being the

Industrial-Промышленная революция вызвала к промышленной, proletaant and with it the fight for civil and political-пролетариат и вместе с ним борьбу за гражданские и политические, rights,trade unions and the right to voice- права, тред-юнионы и права на голосы.

Әр сөз сайын аудармада оригиналдың әрбір элементіне абсолютті (шексіз) сәйкестік ұйғарылмайды, себебі қазақ немесе орыс тілдерінде әдетте, ағылшын артикильдерінде және кейбір көмекші сөздеріне тура эквивалент жоқ. Көбінесе

сөз сайын сәйкестік оригиналдарының кейбір сөздері үшін табылады, ал қалған (басқа) сәйкестік басқа деңгейде бекітіледі.

Сөз деңгейіндегі сәйкестер:to take part-принимать участие (қатысу), to spill the beans- выдать секрет, to come to the wrong

Shop-обращаться не по адресу. Бұл жағдайда оригиналдағы және аудармадағы сөз тіркестері негізінде эквивалентті (баламалы) бірақ олардың құрамында бір-біріне сәйкес келетін сөздер жоқ.

Сөйлем деңгейіндегі сәкестіктер: кеер оff the grass!-по газонам не ходить, there's a good boy!-вот умница! Will you leave a massage? -что ему передать? Оригинал мен аудармадағы эквивалентті сөйлемдердегі бір-біріне сәйкес келетін сөз бен сөз тіркестері жоқ. Бұл жағдайда орыс /қазақ сөйлемдері ағылшын сөйлемдеріне сәйкес келетін мағыналар үшін қолданылады, оларға толықтай сәйкес келетін болуы керек. Сәйкес келушілік аударылатын бастапқы тіл бірліктерінің қатынасына оның бастапқы тіл бірлігінің белгілі бір деңгейде сәйкес келуіне байланысты классификацияланады. Сәйкестіктің бірінші белгісі бойынша ол екіге: бірлік сәйкестік және көптік сәйкестік болып бөлінеді. Екінші белгісі бойынша: лексикалық, фразеологиялық және грамматикалық болып бөлінеді. Бірлік сәйкестік дегеніміз бастапқы тілдің оригиналдың барлық жағдайында қолданылатын, бұл мағынада контекстен тәуелсіз берілген бірліктерін аударудың тұрақты тәсілі. Ол бірлік сәйкестігі оның мағынасын толық беретін аударылатын бірліктің тұрақты эквиваленті болып табылады. Бірлік (тұрақты) сәйкестіктер, негізінен терминдерде, жалқы есімдерде, географиялық атауларда, сонымен бірге кейбір сөздер мен сөз тіркестерінде кездеседі: oxygen-кислород, capitalism-капитализм, House of Commons-Палата Общин, Roosevelt-Рузвельт, doctrinarianism-доктринерство, contrabandist-контрабандист. Көптік сәйкестіктер дегеніміз-контекстің шартына байланысты анықталатын бастапқы тілдің берілген бірліктерін аударудың жүйелі тәсілі. Бұл жағдайда әртүрлі сәйкестіктік әрбіреуі берілген бірліктің тек қана соған мағынасы жағынан ұқсас мағынасын береді. Мысалы: attitude-отношение, позиция, политика; actual-действительный, подлинный, текущий, современный. Варианттық (әртүрлі) сәйкестіктер бір мағыналы сөздер де, көп мағыналы сөздердің әртүрлі мағыналары бар сөздер де болуы мүмкін, мысалы: trade-union-профсоюз, трэйд юнион, Labour party-рабочая партия, лейбористская партия, sincerity-искренность, чистосердечие, прямота, честность, chamber-1. комната, горница, апортаменты, покой; 2. зал, палата, конференц-зал; 3. контора, камера, кабинет т. б. Кейде варианттық сәйкестіктер аударма тілінің синонимдерінен жасалады, мысалы, importance-важность, значение значимость; slander-кливита, поклеп, навет (жала жабу); writing-пишущий, письменный, писчий, писче-бумажный; flying-летающий, летательный, летный, летучий.

Сәйкестіктерді тұрақты және вариантық деп бөлу негізінен лексикалық және фразеологиялық сәйкестіктерде қолданылады. Оригиналдың грамматикалық бірліктеріне сәйкестік басқаша жағдайда болады. Грамматикалық бірліктер жинақталған хабарлардан тұрады және грамматикалық сәйкестік жасалынатын лексикалық бірліктердің мағыналарымен тығыз бірлікте болады және анықталады. Аудармада грамматикалық форманф таңдау оригиналдың грамматикалық бірліктерінен анықталмайды. Ол беріетін хабарды айтуда толықтай жеткізуді ұйымдастырады. Сондықтан бастапқы тілдің грамматикалық бірліктері үшін бірлік (тұрақты) сәйкестіктер (табылмайды), яғни тұрақты немесе ең болмағанда кейбір жағдайда аудармада кездеспейді. Бастапқы тілдің грамматикалық бірліктеріне көптік (варианттық) сәйкестіктер де лексикалық варианттық сәйкестіктерден ерекшеленеді.

Лингвистикалық контекст дегеніміз - текстте тілдің осы немесе басқа бірліктері қолданылатын тілдік орта сөздің контексі деп қолданылған сөздердің айналасындағы сөздердің грамматикалық формалар мен конструкциялардың сәйкестігі. Контекст тар контекст (микроконтекст) кең контекст (макроконтекст) деп бөлінеді. Тар контекст дегеніміз - сөз тіркестері мен сөйлемдердің контексі, яғни сөйлем көлеміндегі осы бірліктердің айналасындағы тілдік бірліктер. Кең мағынадағы контекст деп осы бірліктердің сөйлем шеңберінен шығып кететін тілдік айнала, бұл - текстік контекст, яғни, аралас сөйлемдердегі тілдік бірліктердің сәйкестігі. Кең көлемдегі контекстің нақты шегін көрсетуге болмайды, себебі бұл сөйлем топтарының контексі, абзацтық, бөлімнің тіпті бүкіл шығарманың, мысалы әңгіменің немесе романның болуы мүмкін. Тар шеңбердегі контекст өз кезегінде синтактикалық және лексикалық контекстер болып бөлінеді. Синтактикалық контекст дегеніміз-берілген сөз, сөз тіркесі немесе бағыныңқылы сөйлем қолданылатын синтактикалық конструкция. Лексикалық контекст дегеніміз-айналасында осы бірліктер қолданылатын лексикалық бірліктердің сөздердің және тұрақты сөз тіркестерінің сәйкестігі. Ситуациялық контекст дегеніміз-ойға қатысты жағдайы, уақыты, орны ескерілетін контекст. Аудармалы сәйкестіктерді қолдану үнемі оригиналдың аударылатын бірліктері қолданылатын контексті есепке алуды талап етеді. Сәйкестіктер дегеніміз - бастапқы тілдің бірліктерінің мағыналарына жақын аударма тілінің бірліктері, сондықтан ең алдымен оригиналда бұл бірліктің қандай мағынада тұрғанын біліп алу керек. Тілдік бірліктердің көпшілігі көп мағыналы, бірақ олар контексте әдетте өздерінің көп мағынасынан өзіне тиісті мағынасында қолданылады. Басқа жағдайларда контекстте сөздің мағынасын анықтау үшін кең шеңбердегі контестке көңіл аударуға тура келеді.

Сәйкестіктің 3 типі бөгде тілдің бейнелі бірліктері калькирование жолымен жасалады: Бұл типтегі сәйкестікті қолдану тек қана мынадай жағдайда және оның аудармасы аударма қабылдаушысына берілетін ауыспалы мағынаны түсінуге мүмкіндік берген жағдайда қолданылады, мысалы, орысша түсінікті арбаны жылқының алдына қою бір істі кері, дұрыс жасамау дегенді білдіреді. Егер оригиналда фразеологиялық қолданылса, яғни тура мағына мен ауыспалы мағынаның байланысы жеткілікті мөлшерде түсінікті болмаса, онда бейнелі колкирование фразеологиялық бірліктердің мағыналарын бұзады. Мұндай жағдайларда жиі фразеологиялық сәйкестіктерді қолданудан бас тартуға тура келеді және аударылатын тіркестің негізгі, яғни ауспалы мағыналарын зерттеу арқылы беруге болады, мысалы, to dine with Duke Humphrey-ходить голодным, остаться без обеда, to grin like a ch erish cat-широко улыбаться.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аудармалық сәйкестік деген не?

2 Бірліксәйкестік деген не ?

3 Көптіксәйкестік деген не ?

4 Тар шеңбердегі контекст деген не?

5 Кең шеңбердегі контекст деген не?

6Контекстің аударма барысында мәтіндегі сөзді анықтап оның сәйкестігін таңдаудағы маңызы қандай ?

7 Окказионалды сәйкестік деген не?

 



Тақырып№15: Аудармалық трасформация және түрлері | Тақырып№17: Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының компонентері мен олардың аудармада берілуі.
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати