Головна

Тақырып№3:Аударма теориясының негізгі ұғымдары. | Тақырып№4:Тілдік дәнекерліктің басқа түрлері | Тақырып№5: Аудармашыық іс-әрекеттің типологиясы | Тақырып№6: Аударма процесінің аударылатын текстің түріне тәуелділігі. | Тақырып№7: Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы | Тақырып№8:Ауысша аударманың түрлері мен типтері | Тақырып№9:Аударманың эквиваленттілігі | Тақырып№10: Эквиваленттіктің деңгейлері мен түрлері | Тақырып№11: Аударма прагмматикасы | Тақырып№12: Аударма прогмматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдері. |

Тақырып№14: Аударама процессі

Мазмұны: 1 Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері.

2. Аударма процесінің кезеңдері: түпнұсқаны түсіну және аударма вариантын таңдау.

Аудама процесі немесе аударма деп тар мағынада бұл термин аудармашының аударма тексін жасаудағы әрекетін атайды. Аударма процесі кем дегенде екі этапты :аудармашының оригиналдық мазмұнын анықтауы және аударма вариантын таңдауы. Осы этаптардың нәтижесінде оригинал тексінен аударма тексіне өту орындалады. Бұл жағдайда аудармашы жиі өз жүрегінен әрекет етеді,кейде варианттарын таңдауда нені басшылыққа алғанын да білмейді. Бірақ,бұлай жасау үнемі еркін,өз білгенін істеу деген емес. Ол көп жағдайда бастапқы тіл мен аударма тілі хабарларын құру тәсілдерінін сәйкестігімен анықталады. Аударма теориясы оригинал тексінен аударма тексіне қалай өтеді,(қандай)аудармашы әрекетінін негізінде қандай заңдылықтар жатқанын тырысады.

Аударма процесі кезінде аудармашы бастапқы тіл мен аударма тіл бірліктерін, яғни оригинал бөлігі мен оған сәйкес аударма тексті бөлігін бір тілден екінші тілге ауыстыра отырып үнемі салғастырып отырады. Аудармашының бүкіл сөйлеу әрекеті бастапқы тілді және аударма тілін қолдану әрекеті деп бөлуге болады. Аудармашы бастапқы тілді қолдана отырып оригинал текстін түсінуді орындайды,ал аударма тілінің көмегімен ол аударма тестін жасайды. Сөйтіп, аудармашы әрекетінде сөйлеу әрекеті жағынан әртүрлі аударма процесінің өзара байланысты 2 этапты көруге болады. Бірінші этапқа аудармашының оригиналдан хабарды алу әрекеті жатады, екінші этапқа аударма текстін жасаудағы аудармашының аударма тіліндегі бүкіл тиісті тәсілдерді таңдау процесі жатады. Оригиналдан хабарды алу этапын әдетте "мағынаны анықтау" деп атайды. Бұл этапта аудармашы аударылатын оригиналдың бөлігінен сонымен бірге лингвистикалық және ситуациялық контекстен тұратын және сол хабардың негізінде келесі этапқа қажет мазмұн туралы тиісті қорытынды жасайтын хабар алуы тиіс. Аударылатын текстің мазмұны қабылдаушыдан сол мазмұнды түсіну үшін ойлау әрекетін қажет ететін күрделі комплекс болып табылады. Бұл жұмысты аудармашы да істеуге тиісті, өйткені ол аудармалық әрекеттің 1-ші этабында өзі де оригинал текстін қабылдаушы болып саналады.

Белгілі бір қатынаста аудармашының оригиналды түсінуі- ерекше түсіну болып табылады. Себебі ол сол тексті аудару ниетінде емес жай қабылдаушының түсінуінен өзгеше. Аударма ниетіндегі түсінудің 2 ерекшелігі бар. Аударылатын бөліктің мазмұны туралы соңғы қорытындының міндеттілігі және аударма тілінің структурасының шарттылығы."Қарапайым" қабылдаушы тексті шамалап түсінседе қанағаттанады. Керісінше аудармашы аудармада қандай мазмұнды беру керек екенін нақты анықтауға тиіс болады. Мысалы, мына ойды білдіруді түсіну үшін: If it is important to get clear which are the structural and institutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resourses ағылшын қабылдаушысына institutional сөзінің мағынасын анықтаудың қажеті жоқ.Өйткені ол institute сөзінен шыққан және (жалы түсінуге) берілген тексте жалпы түсіну үшін оның қай мағынада (учреждение,қоғам,мекеме) қоғамдық институт па қолданылып тұрғанын анықтап жатудың қажеті жоқ. Бұл жерде Англияның бүкіл салтының, заңының мекемелер мен қоғамдық институттардың оның экономикасының тиімділігіне әсер ететіндігі айтылатындығын жобалап түсінуге болады. Ал бірақ аудармашыға мұндай жалпы түсіну

жеткіліксіз. Себебі ол сөздің мазмұнының жалпы мағынасын емес, оның осы текстегі нақты мағынасын беруі тиіс. Сондықтан оған нақты мүмкін мағынаны таңдауы керек.

"Соңғысы" болып аудармашының оригиналдың синтактикалық структурасы туралы қорытындысы туралы болу керек. Егер бұл структура екі жақты мағыналы болатын болса, аудармашыға оригиналдың мазмұнын анықтауда қай мағынаны алуы тиіс екенін шешуге тура кледі:The level of future supplies depends on the farmers decisions taken well in advance and not always on the best information and advice. Сырт қарағанда, бұл сөйлемнің структурасы on предлогының мағынасына қарай әртүрлі аударылады. Егер оны to depend етістігін басқарушы байланыс көрсеткіші ретінде қарасақ, онда сөйлемнің бірінші бөлімінде былай болады: болашақ қамтамасыз ету деңгейі фермерлердің қабылдаған шешімдеріне байланысты. Ал егер екінші предлог (on) to take a decision on the best of information онда мынадай ойды білдіреді:болашақ қамтамасыз ету фермерлердің бірнеше алдыңғы жылдарға дұрыс хабар мен ақылдың негізінде үнемі бола бермейтін қабылдаған шешімдеріне байланысты. Аударма процесінің 2 этапы, яғни, аударма текстін жасауға тілдік құралдарды (тәсілдерді) таңдау. Ал аудармашының аударма тіліндегі тілдік әрекетін білдіреді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аударма процесі ұғымының мәні не?

2 Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері қандай ?

3 Аударма процесі неше кезеңнен тұрады?

 



Тақырып13: Аударма модельдері | Тақырып№15: Аудармалық трасформация және түрлері
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати