Головна

Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. | Тақырып№2: Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы. | Тақырып№3: Аударма теориясының негізгі ұғымдары. | Тақырып№4: Тілдік дәнекерліктің басқа түрлері | Тақырып№5: Аудармашыық іс-әрекеттің типологиясы | Тақырып№6: Аударма процесінің аударылатын текстің түріне тәуелділігі. | Тақырып№7: Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы | Тақырып№8: Ауысша аударманың түрлері мен типтері | Тақырып№9: Аударманың эквиваленттілігі | Тақырып13: Аударма модельдері |

Тақырып№11: Аударма прагмматикасы

  1. Герундийді аудару және аударма кезіндегі оның формалары.
  2. Тақырып 58/59. Ауызша аударманың ережесі
  3. Тақырып 65/66. Аударма барысындағы аудармашының ролі
  4. Тақырып №55. Кейбір сөйлемдердегі аударманың өзгешеліктері
  5. Тақырып №56. Аударма кезіндегі тіркес мәселелері
  6. Тақырып №57. Аударма кезіндегі жазба техникасы
  7. Тақырып №62/63/64. Аударманың функционалдық стилі.

Мазмұны: 1. аударма прагмматикасы ұғымы.

2. Аударылатын текстердің прогмматикалық классификатикасы.

Кез-келген текст коммуникативті, яғни хабар көзінен қабылдаушы белгілі бір хабарды, мәліметті алады. Қабылдаушы хабар көзінен хабарды қабылдай отырып, текстпен белгілі бір қарым қатынасқа түседі. Оны прагмматикалық қарым қатынас дейді. Текст пен Қабылдаушының арасындағы қарым-қатын. ас әр түрлі мүмкін болу керек. Текст кейде қабылдаушыға соншама әсер ете қоймайтын, оған қатысты емес тек бір оқиғаларды, фактілерді, хабарларды білу көзу болып қызмет етеді. Сонымен бірге текстен алынған хабар қабылдаушыға үлкен әсер етуі мүмкін. Текст қабылдаушының сезіміне, көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін, белгілі бір әрекеттерге талпынуы мүмкін. Тексттің осындай қабылдаушыға әсер ете алуын тексттің прогмматикалық аспектісі немесе прагмматикалық потенциалы, немесе текстің прогмматикасы деп ат айды. Аударма процессінде әр түрлі тілдердің тілдік жүйелерін салыстыремен бірге олардың әртүрлі мәдениетінде салыстырыладлы. Әдетте, бастапқы текст өз тілінде сөйлеушілірге арналып жазылған. Ағылшын тілінде жазылған тексті ағылшын қабылдаушысы толықтай түсіне алады. Өйткені ол өз халқының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін біледі. Аударма процессінде текст басқа мәдениеттің адаптация жасалынады, яғни қабылдаушыға түсінікті болу үшін текстке кейбір төзгертулер еңгізіледі, түсініктемелер беріледі. Мәселен В. н. Камиссаров мынадай мысал береді: It was Friday. So they will soon go out and get drunk. Бұл сөйлем орыс не қазақ оқырмандарына түсініксіз болуы мүмкін. Ол қандай жағдайда түсінікті болады. Ол сөйлемге прогматикалық адаптация жасап, яғни түсіндірме берген жағдайда, яғни Англияда фабрика жұмысшыларына жалақыларын аптаның жұма күндері беретінін қосымша айту керек. Прагматикалық адаптациямен бірге былай болады:

Аударма процесінің екінші этабында аудармашы бастапқы хабарда аударма қабылдаушысының түсінуін қамтамасыз етуге талпынады. Ол оригин, ал қабылдаушысына қарағанда аударма қабылдаушысының бөтен тілдің иесі екенін, оның білімі, өмірлік тәжірибесі, басқа тарихы, мәдениеті бар екенін ескереді. Осындай алшақтаулар бастапқы хабарды толыққынды түсінуге кедергі болатын жағдайларда, аудармашы бұл кедергілерді аударма текстіне тиіс өзгертулер жасау арқалы жоя алады.

Аударма қабылдаушысында тиісті басқа тілдер, ұлттар туралы жан-жақты білімі болмаған жағдайда берілген хабарға түсініктеме жасап, аударма текстіне толықтурулар түсіндірулері жасауды қажет етеді. әсіресе бұл оригиналда адам аттары, географиялық аттаулар, мәдениет және тұрмыс жағдайындағы ұлттық болмысқа қолданылған жағдайда болады. Географиялық атаулар: мысалы Американың Massachusets, 0klahoma, Virginia, Канаданың Albert, Monitoba немесе Англияның Middlesex, Surrey т. б. қазақ не орыс тілдеріне аудару барысында әдетте «штат, провинция, графство» деген т анықтауларды қосып аудару керек. Себебі оны қазақ, орыс оқырмандары түсінбеуі мүмкін. Мысалы: Массачусец штаты, Алберта провинциясы, Мидлсекс графствосы, т. б. анықтап түсініктеме беретін элементтер мекеме, фирма, басылым органдары т. б атауларын аудару барысында қажет болуы мүмкін. Мысалы: The strike movement Spain is on the increase, "Newsweek" reports. -Как сообщает журнал «Ньюсуик» в Испании растет-движение.

Осыған ұқсас қосымша түсініктемелер бөтен елдің тұрмыс-салтқа байланысты әр түрлі реалиилердің атауларын түсінуді қамтамасыз етеді.

For desert you got Brown Betty, which nobody ate...

На сладкое - «Рыжая Бетти», пудинг с патокой, только его никто не ел.

Бұл жерде оқырман тәтті орнына берілетін «Рыжая Бетти» деген сөздің не екенін қосымша берілген түсініктемеден ұға алады. Against my will I felt plesed that he should have considered my remarks interesting, thought I knew that it was Dale Cornegie stuff, a small apparently cansual compliment. Я был невольно польщен тем, что он находит мои замечания интересными, хотя и понял, что это был дешевый трюк - как бы случайно брошенный комплимент по рецепту Дейла Карнеги. Бұл сөйлемге аударма ескерту беру керек. Дейла Карнеги - «Қалай достар тауып, айналандағыларға әсер етуге болады.» деген атақты кітаптың авторы - деп. Кейбір жағдайларда текстің прогматикалық потенциалын беру, аударма қабылдаушысына белгісіз детальдарды аудармада түсіріп тастау арқылы берілуі мүмкін. There were pills and medicine all over the place, and everything smelled like viccks' Nose Drops. - Везде стояли какие-то пузырки , пилюли, все пахло каплями от насморка. Мұнда аудармада viccks' деген сөз түсіп қалған. Ол тамшының фирмалық аты.

Аударма қабылдаушысының берілген хабарды адекватты түсінудің қамтамасыз етуі үшін аудармашыға кейде берілген хабардың кейбір түсініксіз элементтерін қосымша хабарлармен ауыстыруына тура келеді. Солай етуге мәжбір бола алады. Мысалы: The Prime-Minister spoke a few words from a window in number 10. Бұл жерде Лондандағы Даудинг көшесіндегі 10 үйде премьер министрдің резиденциясы орналасқандығын кез-келген ағылшындық біледі. Бөтен елдің адамы оны білмеуі мүмкін, сондықтан аудармада: премьер министр произнес несколько слов из окна своей резиденции - деп №10 деген сөз резиденция сөзімен ауыстырылады.

Жиі мұндай ауыстурулар генрализация сипатында болады, яғни ол дегеніміз - сөздерді аудармада қабылдаушысына түсінікті болу жалпы мағынасын беріп ауыстыру: ..."a sweept" yard that was never swept where Johnson grass and rabbit - tabacco grew in a bundunce.

... «чистый» двор, который никогда не подметался и весь зарос сорной травой. Бұл ориганалдағы «джонсова трава» және «кроличный табак» деген арам шөптердің аты. АҚШ-тың оңтүстік штаттарындағы тұрғындарға ғана белгілі. Сондықтан орыс, қазақ оқырмандарына ол түсініксіз болғандықтан аудармада бұл атаулар арам шөптер деп жалпыламаны аударылған, оның устіне бұл жерде аулада қандай шөптер өскені емес, ауланың таза емес шөп басып кеткені қаралмағаны.

Жиі жалпылау жалқы есімдерді жалпы есіммен ауыстыруда қолданылады. (негізінен фипмалық атаулар)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аударма прагматикасы деген не?

2 Аударылатын мәтіндердің прагматикалық классификациясы қандай ?

3 Прагматикалық адаптацйя деген не?

4 Прагматикалық адаптация не себептен жасалады?

 



Тақырып№10: Эквиваленттіктің деңгейлері мен түрлері | Тақырып№12: Аударма прогмматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдері.
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати