На головну

Күлдің физико-химиялық құрамы

  1. Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы.
  2. Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.
  3. Микроорганизмдердің клеткалық массасының құрамы
  4. Отын және түтiн газдар құрамындағы улы заттар
  5. Ші кесте. Атмосфераның төменгі қабатының құрамы

Күл - температура 800 °С кезінде оттегінің қатысуымен отынның тұрақты массасына дейін тескен кезде пайда болатын қалдық.

Барлық күлдің бастапқы фазасы болып 60% және одан жоғары әйнек SiO2 болып табылады. Кристаллды фаза әр түрлі мөлшердегі кварцтан, гематиттен, магнетиттен және силикатты кальциде ұсынылған.

Күлдің негізгі сипаттамалары: тығыздығы, дисперсті құрамы,меншікті электрлік кедергі, жабысқақтығы, сулануы, абразивтілігі.

Тығыздық шашыранды және нақты деп бөлінеді. Тығыздықтың сандық мәні - 1900-2500 кг/м3.

Дисперсті құрамы отынның табиғатынан, шаңдайындау мен шаңжағудың технологиялық процестерінен тәуелді.

Қиын үгітілетін қоспалары бар отын үгіту және жағу нәтижесінде ірі дисперсті күлді тудырады.

Күлділігі аз отындарда күлділігі жоғарыдан қарағанда ұсақ дисперсті күл болады.

Фракция дегеніміз жоғары және төменгі шекте қабылданған, анықталған интервал мәндерінде орналасқан, өлшемдері бар бөлшектердің бөлігі. Шаң құрамының фракциялық кестесі дисперсиялық анализ нәтижесі бойынша құралады.

Жабысқақтық - әр түрлі макроскопиялық беттермен және бір-бірімен күл бөлшектерінің жабысу төзімділігі, ол сәйкесінше адгезиялық және аутогезиялық қасиеттермен анықталады.

5.1 кесте - Екібастұз көмірінің фракциялық құрамы.

Диірмен Берілген өлшемнен ірі бөлшектердің үлесі
>5 >15 >30 >40 >60
ШБМ ММ 94,5 54,3 29,7 33,8

Адгезиялық қасиеттер қабырғаларда немесе газтазалағыш қондырғылардың фильтрацияланатын беттерінде отырып қалған бөлшектердің тек моноқабатында кездесе алады.

Күлұстағыш жүйенің эксплуатациялық сенімділігі аутогезиялық қасиеттерден тәуелді. Күлұстағыш жүйенің кең таралған бұзылулардың бірі ұсталатын өніммен (күлмен) аппараттардың бөлшектей немесе толық бітелуі.

Көптеген күлұстағыш аппартарда (КҰА) жабысқақтыққа байланысты күл ұстағышқа қатысты нақты шекаралар қойылған. Мұндай шекараларды қондыру үшін күлдің меншікті бөлінуі жабысқақтық дәрежесіне байланысты 4 - ке бөлінеді:

Қабаттың Р беріктік мүмкіндігіне қарай жабысқақтық тобы Күлдің атауы
1 Жабыспайтын Р ≤ 60 Шлакты шаң
2 Нашар жабысатын 60 < Р < 300 Тас көмірді жағу кезіндегі кем жануы 30%-дан артық ұшпа күл; кез-келген көмірді жаққан кездегі ұшпа күл; коксты шаң ;
3 Орташа жабысатын 300 < Р < 600 кем жанусыз ұшпа күл;
4 Қатты жабысатын, Р > 600 Кем жануы 25% антрацитті күл;

Жабысқақтық қасиеті құрғақ инерциялық КҰА және маталы күлұстағыш жұмысына үлкен әсерін тигізеді. Жабысқақтық көп болған сайын, құрғақ КҰ жұмысы қиын болады.

Абразивтілігі.КҰА абразивті тозудың қарқындылығы бөлшектердің өлшемі мен қаттылығынан тәуелді.

Өткір ұштары бар бөлшектер дөңгелек формалы бөлшектерден қарағанда металды 10 есе жылдам бұзады. Өлшемі 90 мкм болатын күл бөлшектері металдың максималды тозуына әкеледі.

Екібастұз көмірі үшін күлдің абразивтілігі 8,8∙109 тең, ал Челябинск үшін - 4∙109.

Күл бөлшектерінің қабатының меншікті электрлік кедергісі (МЭК)- газдардың электрлік тазалағыш қондырғыларының жұмыс тиімділігіне әсер ететін қасиет.

МЭК бойынша күл 3 топқа бөлінеді :

1) g < 102 Ом∙м, берілген топтағы күл төменомды деп аталады. Мұндай күл құрамында жанбаған көміртегінің көп мөлшері болады, және электрфильтрларда нашар ұсталады;

2) 102 < g < 108 Ом∙м, ЭФ - да толық ұсталады;

3) g > 108 Ом∙м, күл электроизолятор болып келеді және «жоғарыомды» деп аталады.

Сулануы- күлдің сумен реакцияға түсіп сулану қасиеті. Бұл қасиет ылғалды КҰ жұмысына әсерін тигізеді. Сулану жаұсы болған сайын, КҰ тиімділігі жоғары болады.

Ылғалды күлұстау кезінде күлде сілті түзуші қышқылдардың болуы негізгі орынды алады. Оның негізін кальций тотығы құрайды. Күлде кальций тотығының 15-20 % -дан жоғары болуы күлдің цементтенуіне әкеледі және күлұстағыш жұмысы мүмкін болмайды.



  6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   Наступна

Отын және түтiн газдар құрамындағы улы заттар | Атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды шығарулардың өзгеруі. | Табиғат пен адамға зиянды шығарындылардың әсері | Атмосфераны қорғау | Дәстүрлi емес энергия көздерi | Күкiрт оксидтерiнен түтiн газдардың тазарту әдiстерi | Магнезитті циклдiк тәсiл. | Азан жанарғыларындағы азот тотықтарының жасалуы | Азот тотықтарынан газдарды химиялық тазартудың әдiстері | Азот тотықтары шығарындыларын есептеу |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати