Головна

Сын есімді қайталауға арналған лексика-грамматикалық тапсырмалар

  1. Абынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
  2. Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
  3. Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
  4. Анальгетикалық дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар бойынша тапсырма
  5. Аржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандарты кімдер үшін арналған?
  6. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
  7. Бұраңданы жазу мен белгілеуге арналған жаттығулар.

4-тапсырма

Келесі жұрнақтар арқылы туынды сын есімдер жасап, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыз.Үлгі: ойлы жүз

жұрнақтар - лы - лі - ды - ді - ты - ті - сыз - сіз лы


ой жер

су жүз

ақыл жас

білім бала

күш дауыл

көрік жазушы

атақ адам

ар бойжеткен

5- тапсырма

Мәтінді оқыңыз, Шегеннің дене бітімін орыс тілінде суреттеңіз.

Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілген, күнге күйген, тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен. Келте мұрын, аз ғана аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанмен, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай (Ғ.Мүсірепов).

6-тапсырма

Қазақ тіліне аударыңыз.

Привет, это я! Я маленького роста, очень полный. У меня короткие

ноги, руки и шея. Это моя голова. Она очень большая. У меня большие уши и нос. У меня очень маленькие черные глаза. Они не очень хорошо видят, поэтому я ношу очки. У меня нет бровей и ресниц, зато у меня есть борода и усы. Как вы думаете, я красивый? Тогда нарисуйте мой портрет и оставьте его себе на память.

7-тапсырма

Қазақ тіліне аударыңыз, сын есімнің шырайларын үлгі бойынша түрлендіріңіз.

Үлгі: короткий - қысқа, қысқа+лау, тым қысқа

Теплый, желтый, зеленый, грязный, ровный, красный, холодный, горячий, открытый, длинный, веселый, белый, сильный, большой, узкий, широкий, маленький, низкий, высокий, короткий, вкусный, красивый, хороший, тонкий, толстый, черный, мягкий, дорогой, дешевый, сладкий, далекий, близкий, быстрый, медленный.

8-тапсырма

Сөйлемдегі жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, салыстырмалы, күшейтпелі шырай түрінде қолданыңыз.

Үлгі: Менің тақырыбым сенікінен қиындау.

Менің тақырыбым сенікінен (сложный). Асқардың әкесі (очень умный). Сенің досың (не терпеливый) екен. Мына сағат (дорогой). (Слишком короткий) көйлек кимеші! Нанның (мягкий) кесегін әперші!

9-тапсырма

Берілген сын есімдерді пайдаланып, танысыңызды немесе досыңызды суреттеңіз.

Биік бойлы, қараторы, қара шашты, мұртты, мінезі шапшаң,

тартымды, жирен шашты, қиғаш қасты, ұзын бойлы, салмақты

қыр мұрынды, беделді, мінезі жұмсақ, маңдайы ашық, қайырымды аққұба, аласа бойлы, шымыр денелі, әдемі, сымбатты, әділ, байсалды

10-тапсырма

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз:

Айдос - үлгілі студенттердің бірі, оқу озаты. Ол - ұзын бойлы, қара шашты, қыр мұрынды, келісті жігіт. Мінезі де ұстамды, ұқыпты, салмақты. Университеттің қоғамдық жұмысына белсене араласады. Түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға иеленді. Студенттер арасында сыйлы, адамдармен өте жақсы тіл табыса алады.

Сәния Қанатқызы - оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман. Ол кісі орта бойлы, толықша, шашы ұзын, аққұба келген. Сәния Қанатқызы - қазақ әйелдеріне тән биязы мінезді жан. Сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді, қазipгi сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде белсене қолданады.

11-тапсырма

10-тапсырма мәліметтерін пайдаланып, сөйлемдердегі сын есімдерді орнына қойыңыз:

1. Айдос ___ студенттердің бірі.

2. Оның мінезі ___, ___,___.

3. Ол - ___, ___, ___, ___.

4. Студенттер арасында ___.

5. Ол ___, ___ жарыстарға қатысады.

6. Сәния Қанатқызы ___,___,___.

 
 
Еске түсіріңіз! Омоним - дыбысталуы бірдей, мағыналары басқа сөздер. Мысалы: ара (пила), ара (оса) Синоним - дыбысталуы бөлек, мағыналары жуық сөздер. Мысалы: той, мейрам, мереке, думан Антоним - мағыналары қарама-қарсы сөздер. Мысалы: ауыр - жеңіл, жақсы - жаман  

12-тапсырма

Келесі мысалдардан омонимдерді, синоимдерді және антоним сөздерді табыңыз.

1.Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар (мақал). 2. Ақымақ бұзуға жақ, ақылды түзеуге жақ (мақал). 3. Бір суып, бір ысып, барады іш пысып (Абай). 4. Қыз бой жеткен соң, жігіттер ер жеткен соң, қыран бүркітше қиядағыны көзі шалып қырындайды (С.Төлешев). 5. Балбырап қызыл гүлдей отырған жас, көңілінде ой, тілеп аққан көзінде жас (С.Торайғыров). 6. Нашарлар көлік үшін жүріп қойған, кемітіп ақысына бір-бір қойдан (С.Торайғыров). 7. Ақбілек баяғы емес. Өзгерген, өнер тапқан, жетілген, ысылған. Әйелдерге көсем болған. Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңайған Ақбілектің ізі де жоқ (Ж.Аймауытов).

13-тапсырма

Мәтінді оқып, сын есімдердің қолданысына назар аударыңыздар, әңгімелеп беріңіз.

Сәукеле - биік шың. Сәукеле десе дегендей, қысы-жазы аппақ болып, маңындағы кішігірім таулардың арасында да ерекше көрінетін үп-үшкіл шың, расында да қалыңдықтың сәукелесінен аумайды. Тіпті, тұла бойында қадаған асыл тастарына дейін шын сәукеледен айнымайды. Жазда мөлдір аспанда жүзген ақша бұлттар да сұлу шыңды айналшықтап, мамырлап жатып алады. Кейде дәл төбесіне қонақтағанда ақ шыңға үлбірете қадаған шоқ үкі ме дерсің! (С. Жүнісов).

Күлкі - көңіл ажары*

- Қарындас, сіздің жасыңыз нешеде?

- Менің жарық дүниеге келгеніме 25 жыл және бірнеше ай толды.

- Егер дәлірек айтсаңыз...

- 25 жыл 520 ай.

14-тапсырма

Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыздар, не жайында екенін пайымдаңыздар.

- Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе! Қандай жұмыспен келіп едіңіз?

- Мен - облыстық жастар саясаты бөлімінің маманымын. Сіздердің оқу орындарыңызға келген себебім, бізге еліміздегі жастар саясатына ат салысатын, белсенді, болашағынан үміт күттіретін жас қыздар мен жігіттер қажет. Сіздердің университеттеріңіз осы бағыттағы жүргізетін жұмыстарымызға лайық үміткелерді ұсына ала ма?

- Иә. Әрине! Бұл жайында сіздің тікелей бастығыңызбен сөйлескенбіз. Біз өз ішімізден білімді де жалынды үш студентімізді ұсынып отырмыз. Міне, олардың түйіндемелері, құжаттары.

- Жақсы. Біздің басты шартымыз - олардың мемлекеттік тілді жетік меңгергендігі. Бұл талаппен таныссыз ғой

- Иә. Мына суретте - Соколова Юлия. Ақылды да сымбатты бойжеткен. Ол - қазақ тілінен өткен облыстық байқаудың жеңімпазы. Мына студенттіміздің аты-жөні - Асқаров Қайрат Асанұлы. Бұл бала да - оқу озаты, сонымен бірге шахматтан облысымыздың чемпионы. Ана тілін жетік біледі. Тағы да үміткерлеріміз бар.

- Бәрекелді! Балаларыңыз сайдың тасындай екен! Енді мен олардың өздерімен кездесіп, таныссам деп едім.

- Сіз олармен қазір кездесе аласыз. Тоса тұрыңыз. Балаларды осыжерге жинайын. Жақсы. Сізге көп рахмет!

ТАҚЫРЫПТЫҚ СӨЗДІК:

1. сыртқы келбет - внешность человека

2. суреттеу - описывать

3. ұзын бойлы - высокого роста

4. аласа бойлы - низкого роста

5. орта бойлы - среднего роста

6. дене бітімі - телосложение

7. шымыр - спортивный

8. арық, жудеу - худой, худощавый

9. толық, семіз - полный, толстый

10. дембелше - коренастный

11. қараторы - смуглый

12. аққұба - светлокожий

13. мұртты - усатый

14. сақалды - бородатый

15. сымбатты - стройный, грациозный

16. тартымды - обаятельный, привлекательный

17. келбетті - статный, представительный

18. толқынды - волнистый

19. бұйра - кудрявый

20. пұшық - курносый

21. қыр мұрын - прямой нос

22. мең, қал - родинка

23. кең маңдай - широкий лоб

24. ашық маңдай - открытый лоб

25. қиғаш қас - дугообразные брови

26. иықты - плечистый

27. ақкөңіл - добродушный

28. биязы, кішіпейіл, әдепті - вежливый, обходительный

29. еңбекқор - трудолюбивый

30. жомарт - щедрый

31. беделді - авторитетный

32. көпшіл - общительный

33. байсалды, сабырлы - уравновешанный, спокойный

34. іскер - деловой

35. сезімтал - чувствительный

36. жұмсақ мінезді - мягкий характер

37. қатал мінезді - твердый характер

4.2 ӨЗДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

1-тапсырма

Келесі тақырыптар бойынша ауызша хабарлама жасаңыз:

- Өз отбасы мүшелерінің немесе жақын досыңыздың портретін суреттеңіз.

- М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан кейіпкерлерді суреттейтін үзінділерді тауып, оны ауызша айтып беріңіз.

- Елге танымал бір тұлғаның кескін-келбетін суреттеп, айтып беріңіз.

2-тапсырма

Жұмбақтар шешіңіз.


Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін.

Біреуі сөйлейді,

Екеуі тыңдайды,

Екеуі қарап тұрады.

Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

Үй ішінде отыз екі батыр,

Кіргендерді отап, турап жатыр


Жауаптары: ерін, тіл ,көз, тіс, құлақ, көз

3-тапсырма

Жаттап алыңыз!

Өңкей жақсы қосылса,

Бітіреді кеңесті.

Өңкей жаман қосылса,

Шығарады егесті.

Мәмілемен іс бітер,

Бас қосып қалса көп есті.

Жақсының жолы - жарық күн,

Жаманның жолы - көмескі.

(Майлықожа)

4.3 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз

1Оның бойы...

1) жас
2) ұзын
3) шымыр
4) қысқа
5) биік

2Дәуреннің ... ...шымыр

1) денелі келген
2) дене салмағы
3) дене бітімі
4) дене еңбегі
5) дене сипаты

3. Самат- ... жігіт.

1) жас
2) ұзын бойлы
3)шымыр денелі
4) құралай көзді
5) оймақ ерінді

4.Әсемнің анасы ... .

1) мейірімді
2) мейірленген
3) мейір шуақты
4) мейірімді жан
5) мейіріммен қарау

5 Мен ... қызбен таныстым .

1)көрікті
2) сымбатты
3) балаша
4) тартымды
5) жарасымды

6 Сәуленің мінезі ... .

1) ақжарқын
2) ақпейіл
3) ақтамақ
4) ақжүрек
5) ақсаусақ

7 Келесі сөздермен тіркес құраңыз: қара, танадай, ботадай, қысық

1) көз
2) бала
3) бас
4) құлақ
5) қол

8.Алтай ... құлақ, ... жүзді, ... көзді.

1) сақалды, арық, жазық
2) қалқан, дөңгелек, түймедей
3) толық, қара, қысық
4) мұңлы, кішкене, көк
5) ұзын, жарық, бітік

9.Керекті сын есімдерді қойыңыз. Ержан ... ... адам.

1) адалым мен асылым
2) байсалды да беделді
3) ақжарқын, жомарт
4) жас, қазақ
5) сұлулық, сымбат

10 ... адамның жақсылығын айт, нұры тассын,

... адамның жамандығын айт, құты қашсын,

қандай сөз түсіп қалған

1) жаман
2) жақсы
3) арсыз
4) арлы
5) сұлу

оған қарама-қарсы мәндегі сөз

1) жаман
2) жақсы
3) арсыз
4) арлы
5) көріксіз

 



  5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   Наступна

ТІЛ-ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ | ТІЛ - ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ | Азақстанның тіл саясаты | Ахмет Байтұрсынұлы | ШЫҒЫСТЫҢ БІЛІМ ОРДАСЫ | Шығыстың білім ордасы | ТІЛ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ІРІ ТҰЛҒАСЫ | ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН | Азақстан Республикасының конституциясы | Азақстанның тұңғыш президенті |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати