Головна

Мерчандайзинг тарихы

  1. Дәріхана мерчандайзингі
  2. Жарнама және дәрілер мерчандайзингі
  3. История мерчандайзинга
  4. Мерчандайзинг в аптеке
  5. Мерчандайзинг саймандары
  6. Мерчандайзинг саймандары.
  7. Мерчандайзинг стандарты

Мерчандайзинг тарихы Америкада, үлкен Депрессия кезеңінде басталды. Бұл 1929-1933 жылдар болатын. Ол кезде компанияның өмір сүруін жақсартуға қабілетті, және әрі қарай олардың бәсекелестік қабілетіне кепіл болатын жаңа деңгейге ауыстыратын тәсілдер мен мүмкіндіктерді іздеу белсенді түрде жүргізілді. Өтім нүктелерінің дизайны көп функционалды және мақсатты болуға міндетті, яғни сауда кеңістігінің кез келген бірлігі үлкен табыс әкелетіндей болу керектігі сол кезде-ақ түсінікті болды. Бастапқы кезде мерчендайзинг өнімді жылжытудағы жеке тәсілдер мен әдістер түрінде баяу дамыды. Сатушылар нарығы клиенттер нарығына ауысқан 60-жылдарға дейін осылай болды. 70-жылдары мерчандайзингті ірі өндірушілер белсенді түрде қолдана бастады, және де көбіне енгізу инициативасы супермаркеттер желісі болын барынша ұйымдасқан бөлшек дүкендерден шықты.

Біздің елімізде мерчандайзинг түсінігі 90-жылдардың басында қолданыла бастады: дамыған елдердің әлемдік теориясы мен практикасынан сату саласындағы теориялық дағдылары мен жаңалықтары трансұлттық корпорациялармен - халық тұтынатын өнімдердің өндірушілерімен (FMCG) енгізілді. Бұл компаниялардың оқытылған және толық мотивацияланған сауда агенттері кеңестік мектептің сауда жүргізушілеріне сөредегі орнын ауыстырған кезде кофе банкасын, печенье пачкасын, су бөтелкесін сату табысты болатынын үйретуден жалықпады. Нәтижесі бірден көзге түсті: бизнес жоғары қарқынмен өсті, супермаркет сөрелеріндегі тауарларды манипуляциялау көмегімен өздерінің жарнамалық мүмкіндіктерін көбейткісі келетін компаниялардың саны өсті.

Бастапқыда, мерчандайзингті нақты сауда агенттері немесе сату бойынша менеджерлер орындады. Фирмалар агенттерді мерчандайзингпен айналысуға мәжбүрледі. Сонан кейін, барлық дистрибьюторлар дерлік өздерінің мерчандайзерлерінің жеке командасын құра бастады. Дүкендердегі мерчандайзингті оптимизациялаудың келесі қадамы жарнамалық және BTL-агенттіктердің пайда болуы болды. Олар өндіруші компаниялар мен делдалдарға мерчандайзинг бойынша қызмет ұсынды. Мұндай компанияларға сұраныс 2000-жылдардан кейін пайда болды. Барлық жерлерде теориялық және перактикалық дағдыларды игерген фирмалар пайда бола бастады, олар бөлшек саудадағы өнімдермен жұмыс істеу жауапкершілікиерін алды. Қазіргі кезде мерчандайзинг дамып келе жатыр және оны тек трансұлттық компаниялар ғана емсе, сонымен бірге орта буындағы фирмалар да белсенді қолдана бастады.

ДӘРІХАНАДАҒЫ МЕРЧЕНДАЙЗИНГ(Шолу)

Сатып алушы қандай да бір тауарды сатып алуды жоспарлауы мүмкін немесе оны импульсті түрде жүзеге асырады. Сатып алу туралы шешімнің 2/3-не дейін тұтынушылар сауда прилавкасының алдында тұрып қабылдайды. Және де, белгілі бір тауарды сатып алу алдын ала жоспарланып қойылғанменде 10 сатып алушының 7-уі қандай да бір тауармаркасын таңдау туралы шешімді сауда залында тұрып қабылдайды!

Дәріханаға келушінің қандай да бір тауар түрін, марканы соңғы таңдауына не әсер етеді? Егер сатып алушының көңілін белгілі бір тауар тобына немесе маркасына аударатын болса, онда оның сатылу көлемін біраз көбейтуге болады. Бұл эффект сауда маркетингіндегі жаңа бағыт маркетингтің негізіне алынған, ағылшынның merchandising сөзінен аударғанда сату өнері. Сауда залында жүргізілетін, қандай да бір сауда маркасын,тауар түрін немесе бума түрін жылжытуға бағытталған іс-шаралардың комплексі мерчандайзинг деп аталады. Оның соңғы мақсаты - сатып алушыларға жылжытылатын тауарды сатып немесе таңдауға дем беру. Шетелдерде мерчандайзинг идеяларын жылжытудың алғашқы идеялары сауда желілерінен шықты.

Мерчендайзинг - сатып алушыға тауарды көрсетудегі, сатып алушыны осы тауарды таңдауға әсер етуінің және оны сатып алуға итеруінің соңғы үміті деуге болады. Бұл мүмкіндікті пайдаланбау - бұл сатып алушылар алдында тауардың имиджін көтеруден өз еркімен бас тарту, яғни сатып алушының басқа өнімді сатып алуына жол беру деген сөз.



  51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   Наступна

Ograve;àïñûðìà. 5 страница | Ograve;àïñûðìà. 6 страница | Ograve;àïñûðìà. 7 страница | ТАҚЫРЫБЫ: ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | Басқару құрылымдары | Йымдастыру құрылымынң типтері | Йымдастыру құрылымдарын жобалау | Басқару өкілеттігі | Ograve;àïñûðìà. | Ograve;àïñûðìà. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати