Головна

Күштің өске қатысты моменті

  1. Бас векторы және бас моменті
  2. Бас векторы мен бас моменті
  3. Күштің нүктеге (центрге) қатысты моментінің векторы
  4. Күштің центрге қатысты алгебралық моменті
  5. Мінімальні значення діаметра менших шківів для передачі найбільших моментів
  6. Ос күш және оның моментінің векторы

Күштің О нүктесіне қатысты моментінің векторының осы нүкте арқылы өтетін кез келген өске проекциясы күштің осы өске қатысты моменті деп аталады. (1.3.3) өрнектеріне орай күштің О нүктесіне қатысты моментінің векторының x, y, z өстеріне проекцияларын күшінің x, y, z координата өстеріне қатысты моментінің аналитикалық өрнектері ретінде жазуға болады:

(1.7.1)

Анықтама бойынша күштің өске қатысты моменті осы өстегі О нүктесінің орнына тәуелсіз.

Күштің өске қатысты моментін санау үшін оның басқа анықтамасын қолдануға болады: күштің өске қатысты моменті деп осы күштің өске перпендикуляр жазықтыққа проекциясынан өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты алынған алгебралық моментті айтады (1.29 сурет).

Осы анықтамаға сәйкес күш- тің өске қатысты моментін анық- тау үшін күшті өске перпенди- куляр жазықтыққа проекциялап, оң немесе теріс таңбамен алын- ған проекция модулін оның өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты иініне көбейту керек

(1.7.2)

мұндағы - күшінің Оz өсіне перпендикуляр ху жазықтығына проекциясының модулі, h - күшінің Оz өсінің ху жазықтығымен қиылысу нүктесіне қатысты иіні.

Егер күші өстің оң ұшынан қарағанда денені сағат тіліне қарсы бағыт- та бұруға тырысса күштің өске қатысты моментінің таңбасы оң, сағат тіліне бағыттас бұруға тырысса - теріс болады.

Күштің өске қатысты моменті күш денені осы өске қатысты бұруға тырысқандағы күшінің айналдырушы әсерін сипаттайды.

Күштің өске қатысты моменті екі жағдайда нөлге тең:

1) егер күш векторы өске параллель болса, себебі оның өске перпендикуляр жазықтыққа проекциясы нөлге тең ( , 1.29 сурет);

2) егер күштің әсер ету сызығы өспен қиылысса, бұл жағдайда күштің өске перпендикуляр жазықтыққа проекциясының өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты иіні нөлге тең ( 1.29 сурет).

Осы екі жағдайды біріктіріп, егер күш пен өс бір жазықтықта жатса күштің өске қатысты моменті нөлге тең болады деген қорытынды жасаймыз.

1.7.2Кеңістіктегі кез келген күштер жүйесінің



  13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   Наступна

Статиканың негізгі теоремасы | Тепе-теңдік шарттары. Вариньон теоремасы | ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН КҮШТЕР ЖҮЙЕСІ | Күштің центрге қатысты алгебралық моменті | Ос күштің алгебралық моменті | Бас векторы мен бас моменті | Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары | Таралған күштер. Қатаң бекітпе. Денелер жүйесінің тепе-теңдігі | Сырғанау үйкелісінің заңдары | Йкеліс бұрышы және үйкеліс конусы |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати