Головна

Кіріспе

  1. КІРІСПЕ
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. КІРІСПЕ
Факторы успеха %
Адаптированность продукта к требованиям рынка
Соответствие продукта особым возможностям фирмы
Технологическое превосходство продукта  
Поддержка новых продуктов руководством фирмы  
Использование оценочных процедур при выборе новых моделей  
Благоприятная конкурентная среда
Соответствие организационной структуры задачам разработки нового продукта  

Приложение 3


Кіріспе

Механика - материалдық денелердің қозғалысын және олардың өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым. Механикалық қозғалыс деп уақыт өзгеруіне сай денелердің кеңістіктегі орын ауыстыруын айтады. Денелердің өзара механикалық әсерлесуінің өлшеуіші ретінде алынатын шаманы күш дейді.

Теориялық механикада қарастырылатын заңдар, теоремалар, қағидалар механикалық қозғалыстың жалпы заңдылықтарын қамтиды. Себебі оларды дәлелдегенде денелердің тек негізгі механикалық қасиеттері қарастырылады. Теориялық механикада алынған заңдар мен қағидалар деформацияланатын денелердің механикасында (серпімділік теориясы, пластикалық теориясы, ағымдылық теориясы, қирау теориясы, гидромеханика, газдар динамикасы) қолданылады. Сондықтан, теориялық механика жалпы механиканың, сондай-ақ көптеген инженерлік пәндердің негізін құрайды.

Теориялық механика үш бөлімнен тұрады: статика, кинематика, динамика.

Статика тыныштықта болу, бір орында тұру, қозғалмау деген ұғымды білдіретін гректің «Status» сөзінен алынған. Статика - күштер мен күштер жиынтығын қарапайым түрге келтіретін теориялық механиканың бөлімі. Сондай-ақ статикада күштер жүйесінің әсеріндегі материалдық денелердің тепе теңдік шарттары алынады. Бұдан былай материалдық дененің тепе теңдігі деп оның тыныштық күйін айтатын боламыз.

Кинематика қозғалыста болу деген ұғымды білдіретін гректің «kinema» сөзінен шыққан. Кинематика материалдық дене қозғалысын геометриялық тұрғыдан зерттейді. Сондықтан кинематиканы кейде уақыт ұғымы бар қозғалыс геометриясы деп те атайды. Кинематикалық сипаттамаларға траектория, жүріп өткен жол, қозғалыстың жылдамдығы мен үдеуі жатады.

Динамика сөзі күш деген ұғымды білдіретін гректің «dinamicos» сөзінен шыққан. Динамика күш әсеріндегі материалдық денелердің қозғалысын зерттейді. Динамикада материалдық денелерге түсірілген күштер тепе теңдікте болмайды. Мәселе әсер етуші күштер мен дене қозғалысының арасындағы байланысты зерттеуде, қозғалыстың жалпы заңдарын орнатуда.

Бұл мәселені шешу үшін барлық материалдық денелерді ойша көлемін ескермеуге болатын материялық нүктелерге бөлшектейміз. Яғни, барлық денелерді материялық нүктелердің жиынтығы мен жүйесі деп қарастырамыз. Алдымен жеке бір материялық нүкте қозғалысының заңдарын зерттейміз. Одан кейін алынған нәтижелерді бірнеше материялық нүктеге немесе механикалық жүйеге қолданамыз. Осы жолмен кез келген материалдық дене қозғалысының жалпы заңдарына келеміз.

Динамика екі бөлімнен тұрады: материялық нүкте динамикасы және механикалық жүйе динамикасы. Механикалық жүйе динамикасында материалдық денелер қозғалысының жалпы заңдары алынады. Материялық нүкте динамикасын механикалық жүйе динамикасына кіріспе ретінде қарастыруға болады, алайда оны жеке де қарастыруға болады.

1 СТАТИКА

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   Наступна

Статиканың аксиомалары | Байланыстар және олардың реакциялары | Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсерлі күші | Жинақталатын күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары | Күштің нүктеге (центрге) қатысты моментінің векторы | Ос күш және оның моментінің векторы | Ос күш туралы теоремалар | Күшті параллель көшіру туралы теорема | Статиканың негізгі теоремасы | Тепе-теңдік шарттары. Вариньон теоремасы |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати