загрузка...
загрузка...
На головну

Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары

  1. Гидросфера туралы негізгі мәліметтер.
  2. МЕРЧАНДАЙЗИНГ, МЕРЧАНДАЙЗИНГТІҢ НЕГІЗГІ САЙМАНДАРЫ
  3. МЕРЧАНДАЙЗИНГТІҢ НЕГІЗГІ САЙМАНДАРЫ
  4. Микробиологиялық аппараттарға ауыстырудың жалпы заңдылықтары. Микробиологиялық өндірістің негізгі технологиялары
  5. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
  6. Негізгі бөлім
  7. Негізгі және қосымша сату нүктелерінің орналасуы

Экожүйеде популяциялар мен әр түрлі түрлердің тіршілік етуі араларында баланыстардың түзілуіне жағдай жасайды, олардың негізінде қорек және мекен ету ортасы жатыр. Ал оларды өз кезегінде трофикалық және топикалық деп атайды. Олар ішкітүрлер мен түраралықболып бөлінеді. Түраралық факторлар: демографиялық, этологиялық (мінез-құлық факторлары). Конкуренция және т.б. Барлық биотикалық байланыстар алты тоқа бөлінеді:

1) Нейтрализм- олардың ешқайсысы бір-біріне әсер етпейді.Бұл жағдайда түрлер бір-бірімен байланыспайды және бір-бірімен контактқа түспейді. Мысалы, тиындар мен бұғылар, маймылдар мен пілдер. Бұндай нейтрализм түрлерге бай қауымдастыққа тән.

2) Аменсализм- бір түр шектеледі, ал екіншісі одан пайда көрмейді. Бірге тіршілік ететін түрлердің біреуі екіншісіне кері әсер етеді, ал өзі не пайда, не зардап көрмейді. Мысалы, шырша астында өсетін және көлеңкеден зардап көретін жарықсүйгіш өсімдіктер.

3) Комменсализм- бір түр пайда түсіреді, басқасы ештенке сезбейді. Форма қаарым-қатынасы, қандай да бір түр қандай да бір пайда болады, ешкімге пайда да зиян да тигізбейді.. Мысалы: ірі жануарлар (иттер, маралдар) өсімдіктің тұқым орнын алмастырады. Одан зиян көрмейді және еш пайда көрмейді. Коменсализмнің пайда болуы әр түрлі сондықтанда оны вариант қатарына бөледі:

а) "арамтамақтық"- есінен қалған тамақты пайдалану. Сондай-ақ мысал: Гиен мен арыстанның қарым-қатынасы, желінбей қалған тамақтың қалдығын таңдап алу немесе акула мен балықтың бірге жүрісі:

б) "тағамдастық"- әр түрлі тағамды қолданған бір ғана тамақты қолдану. Мысал: топырақтағы бактериялар, сапрофиттер әр түрмен қарым- қатынасы, шіріген өсімдік қалдығы және жоғарғы өсімдік қандай да бір минералды тұздарды өз өздеріне қабылдау процесі: құстар, аңдар, хайуанаттардан қалған тпмпқты жейтіндер.

в) "пәтерлестік"- бір ортаны екі түрлі зат қолданады өзінің пәтері түрінде. Сондай топ өсімдіктер иқатарында жиі кездеседі - мысалы: шырмауық, саңырауқұлақ, мүк сияқты өсімдіктер арасында, тал бұтағында, шырмауық жаулап шығады тал бойыеа жетіп.

4) Симбиоз- екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мысалы, құмырсқа мен өсімдік биті, отшельник шаяны мен актиния арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Өсімдіктер арасындағы қыналар балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады.

Симбиоздың түрлері:

а) "протокооперация", екі түр үшін де бірлесіп тіршілік ету пайдалы, бірақ міндетті емес. Прпотокооперацияның мысалы ретінде, құмырсқалардың орманның кейбір өсімдіктерінің дәндерін таратуын, аралардың әр түрлі өсімдіктердің тозаңдануын айтуға болады.

б) "мутуализм" - әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуде. Мысалы, құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс.

5) Паразитизм - бір түр өкілінің екінші түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету.

6) Жыртқыштық-түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Ол кейде қорек, аумақ, ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді.

 



  14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   Наступна

Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері. | Ағза және тіршілік ету жағдайы | Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары | Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні | Температура. | Ылғалдылық. | Популяция - түрдің тіршілік ету формасы. | Сурет. Өлім кисықтары. Макфредьен бойынша. | Биотикалық факторлар | Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г. Ф. Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати