Головна

Сурет. Өлім кисықтары. Макфредьен бойынша.

  1. МЕРЧАНДАЙЗИНГ СТАНДАРТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІ
  2. Сурет. Өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға арналған әдістер мен аппараттарды топтастыру
  3. Ші сурет. Көміртек айналымы

Популяцияның өсімі - туылу мен өлімнің арасыгдағы айырма; өсім оң немесе тері болуы мумкін.

Өсу жылдамдылығы - уақыт бірлігіндегі орташа өсім. Егер R0 арқылы берілген түрдің бір дарасының өміріндегі беретін ұрпақтарының орташа санын белгілесек )таза көбею жылдадығы(, онда:

R0 > 1 популяция өседі (ұсақ жануарларға тән);

R0 = 1 популяция саны тұрақты;

R0 < 1 кеміп бара жатқан популяция (кәсіптік (промысловые) жануарлар).

Популяциялардың жыныстық және жастық құрылымы. Жыныстық (половой) популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Бул көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайларды популяция санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір ығағы (ритм) және мінез-құлқы (поведение) әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, көптеген масалардан байқағанымыздай, кенелердің (клещ) аналықтары (матери) (ұрғашы-самка) - қансорғыштар, ал аталықтары (отцы) (еркек -самец) гүлдің тозаңымен қоректенеді немесе сусардың (куница) аналығы, аталығымен салыстырғанда, барлық азық түлік түрімен де қоректене береді, ал аталығы негізінен тиінмен (белка), ірі құстармен қоректенеді.

Популяцияның жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардын аусуы кезіндегі өзгерісін, популяцияның жаңару жылдамдығын, жастық топтардың қоршаған ортамен өзара эсерін көрсетеді:

1) жаңадан туылған;

2) жас- өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;

3) жартылай ересек (взрослый) - жыныстық жетілуге жақын;

4) ересек -жыныстық жетілген жануарлар, көбейетін немесе физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;

5) қартайған - көбеюге қабілеті жоқ даралар.

Әдетте популяцияда барлық жастық топтар болады. Олар біртіндеп (по-одному) бір-біріне өтіп отырады және үнемі жанарып отыруы популяцияның оптимальды санын ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кей жағдайда бұл қатынас бұзылуы да мүмкін: қандай да бір жастық топтың санының кемуі популяцияның деградациясына немесе керісінше, шектен тыс артыуна әкеліп соқтыруы мүмкін. Жастық топтардың сандық қатынасы популяция күйінің және оның биогеоценоздың болашағының көрсеткіші болып табылады.

 



  14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   Наступна

Экология және тұрақты даму» пәні бойынша қысқаша дәріс курсы | Дәріс (1 сағ). | Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі. | Тұрақты дамудың тұжырымдамасы | Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері. | Ағза және тіршілік ету жағдайы | Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары | Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні | Температура. | Ылғалдылық. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати