загрузка...
загрузка...
На головну

Ылғалдылық.

Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық фактор және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады.Қоршаған ортаның ылғалдалығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі. Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындарының өткізгіштігі маңызды рөл атқарады. Су режиміне баланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп қөрсетуге болады.

Ылғалды қажеттілгіне қарай өсімдіктер төмендегіндей топтарға бөлінеді:

1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда hydrator-су) - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе тлығынан суға батып тұрады(элодея, тұңғиықгүл (..............) т.б.).

2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hydor -су) -құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ (стрелолист)).

3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда hydros - ылғалды) - ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.

4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos - орташа, аралық) - қоныржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапыпақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арам-шөптер жатады.

5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros - құрғақ) - құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

а) суккуленттер(латын тілінен аударғанда succulentus - шырынды) - ұлпаларында суды көп мөлшерде қоға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава).

б) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros - құрғақ, қатты) - құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ (верблюжья колючка), жусан (полынь), боз селеу (серебристый ковыль)). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа (чешуя) айналған.

Қурлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:

1.Гидрофилдер ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері (моллюски) мен амфибиялар).

2. Мезофилдер -орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер (насекомые), құстар, сүтқоректілер).

3. Ксерлофилдер - жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сұтқорктілер май қабатының тотығ - нәтижесінде пайда болған метаблиттік суды пайдалануға бейімделген. Метаболиттікуы судың есебінен қөптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.



  13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   Наступна

Экология және тұрақты даму» пәні бойынша қысқаша дәріс курсы | Дәріс (1 сағ). | Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі. | Тұрақты дамудың тұжырымдамасы | Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері. | Ағза және тіршілік ету жағдайы | Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары | Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні | Сурет. Өлім кисықтары. Макфредьен бойынша. | Биотикалық факторлар |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати