загрузка...
загрузка...
На головну

Температура.

  1. Климатические условия и температура.
  2. Некоторые сведения о тепловых характеристиках тел. Теплота и температура. Температурное поведение тел. Газовые законы. Понятие абсолютной температуры
  3. Пластовое давление и температура.
  4. Размеры, масса, средняя плотность, температура. Верчение Солнца.

Организмдегі зат алмасу процестерінің интенсивтлігіне әсер ететін аса маңызды экологиялық факторлардың бірі - температура. Ол тірі организмдердің биосферада таралуына үнемі әсер етуші фактор. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттунің анатомо- морфологиялық және физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған. Ылғалдылық жетіспейтін жоғары температуралы белдеулерде тарихи даму барысында жапырақ бетінің ауданы кіші немесе жапырақтары болмайтың өсімдіктердің морфологиялық типі қалыптасқан. Көптеген шөл өсімдіктерінде ақшыл-түкті (белесый- волосяной) жабыны болады. Бұл бейіделушілік күн сәулелерін шағылыстырып, өсімдікті шектен тыс қызып кетуден қорғайды (құм қарағайы) (...........).

Жануарларда ағзаны қолайсыз температуралардың әсерінен қорғауға бағытталған морфологиялық бейімделулер қалыптасқан. Бергман ережесі (1847) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі, жылықанды жануарлар анғурлым (значительный) салқын аудандарда таралған. Термодинамика тұрғысынаң ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады. Неғұрлым жануар ірі болған сайын оған тұрақты температураны ұстап тұру жеңіл. Ал неғұрлым жануар ұсақ болса, оның салыстырмалы ауданы жоғары және жылу жоғалтуы да, зат алмасу деңгейі де, энергия жогалтуы да жоғары.

Аллен ережесі (1877 ж.) бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығынқы бөліктері кішірейеді. Мысалы, экологиялық жағынан бір-біріне жақын мына түрлердің құлақтарының мөлшерін салыстырсақ, тундрада мекендейтін поляр түлкісінің кұлағы ең кіші, қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа, Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің кұлағы өте үлкен.

Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың экологиялық екі типін бөліп көрсетеді: пойкилотермді (салқын қанды) және гомойотермді (жылы қанды).

Пойкилотермді ағзалардың (грек. тілінен аударғанда poikilos - алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жок. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.

Гомойотермді ағзаларға (грек. тілінен аударғанда homoios -бірдей) -зат алмасу денгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде турақты болуын қамтамасыз етеді.

Салқынқынды жануарлардың зат алмасуының жылдамдылығы сыртқы ортаның температурасына тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше, температура төмендегенде жылу бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің жылдамдығының артуы жылу өндірудің артуына әкеледі

Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура аутқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады. Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді. Анабиоз вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда, қөсмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады.

Гомойотермді ағзаларда жылу реттеулінің механизмдері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық механизмді ағзадағы реакциялардың интенсивтілігі қамтамасыз етеді де, рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Жылу реттеулінің физикалық механизімін жылу сақтау жабыны (қаурсындар (перья), жүн, май қабаты), тері бездерінің қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы, қан айналудың қан тамырлық реттелуі қамтамасыз етеді.

Пойкилотермді және гомойотермді жануарлар арасында аралық жағдайда гетеротермді жануарлардың орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал тыныштық қүйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды. Бұл жануарларда ұйқыға кеткен кезде зат алмасу деңгейі төмендейді де, денесінің температурасы қоршаған орта температурасынан аздап қана жоғары болады. Гетеротермді жануарлардың өқілдері (представители) ретінде -сарышұнақ (грызуны), кіріп (ежик), жарғанат (летучая мышь), аю, үйректұмсық (утконос), кенгурулар мысал бола алады.

 



  12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   Наступна

Экология және тұрақты даму» пәні бойынша қысқаша дәріс курсы | Дәріс (1 сағ). | Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі. | Тұрақты дамудың тұжырымдамасы | Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері. | Ағза және тіршілік ету жағдайы | Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары | Популяция - түрдің тіршілік ету формасы. | Сурет. Өлім кисықтары. Макфредьен бойынша. | Биотикалық факторлар |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати