загрузка...
загрузка...
На головну

Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні

  1. Абиотикалық фактор.
  2. Гидросфера туралы негізгі мәліметтер.
  3. Демография және экологиялық мәселелер.
  4. МЕРЧАНДАЙЗИНГ, МЕРЧАНДАЙЗИНГТІҢ НЕГІЗГІ САЙМАНДАРЫ
  5. МЕРЧАНДАЙЗИНГТІҢ НЕГІЗГІ САЙМАНДАРЫ
  6. Микробиологиялық аппараттарға ауыстырудың жалпы заңдылықтары. Микробиологиялық өндірістің негізгі технологиялары

Ортаның абиотикалық факторлары Жердегі тіршіліктің тұрақтылық шегін анықтайды, олардың табиғаты физикалық-химиялыққа жатады. Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.

Жарық

Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей қатысты, әртүрлі рөл атқаратын экологиялық маңызды фактор. Жер шарындағы барлық тірі материяның пайда болуы мен тіршілігі осы космостан келетін күн жарығына байланысты. Физикалық тұрғыдан қарайтың болсақ жарық энергия түрі, толқынды түрде сәулеленетін электомагниттік табиғаты бар фактор.

Өсімдіктер мухиттардың түбінде, не 100-200 м-ден кейінгі тереңдікте, қаранғы үнгілерде өспейді, себебі олардың организмдерінде жүретін, тіршіліктері үшін өте қажетті фотосинтез процесі жарықсыз жүрмейді. Биосфераның объектілерінде олардың таралуы да жарыққа байланысты. Өсімдіктер 39-80-нен 710 нанометр толқындар үзындығы аралығындағы күн сәулесін қабылдайды. Жануарлар да осы аралықтағы сәулелену спектірін қабылдай алады. Оларға жарық энергия көзі ретінде емес, кеністікте дұрыс беймделуі мен бағыт алуына қажет. Көру мүшелері жок, қаранғы жерде мекендейтін көптеген жануарлар, қеңістікте жылжып қозғалуы үшін басқа сезім мүшелерін пайдаланады. Сонымен қатар саңырауқулақтардың және басқа да бірқатар организмдердің тіршілігіне жарық қажетті фактор болып саналмайды.

Қөрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: қызыл сәулелер -жылулық, көк және күлгін - биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даму жылдамдығына, белседілігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Әрбір мекен ету ортасы жарық күшімен, мөлшерімен және сапасымен анықталатың белгілі бір жарық режимімен сипатталады.

Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударғанда helios - күн, phyton - өсімдік), сциофиттер (грек тілінен аударғанда skia - көлеңке), және көлеңкеге төзімді өсімдіктер - факультативті гелиофиттер (латың тілінен аударғанда facultatis - мумкіндіғі бар).

Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер) -жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі (бидай, қарағай (сосна), майқарағай (......), күнбағыс-(подсолнух), итошаған (череда), қойжелкен (.......)).

Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) -күшті жарықты көтере алмайды, үнемі (всегда, постоянно) көлеңкеде, орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папортниктер, мүктер). Кесілген орманның орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) - жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары).

Жануарлар күндізгі, түнгі және қас қарайғанда (сумерки)тіршілік ететін жануарлар болып бөлінеді. Сонымен қатар жарық күнді қөтере алмайтын, тек қараңғыда тіршілік ететін (топырақ жануарлары, ұнгірлер (роющие норы көртышқкан -крот) мен терең жерлерде мекендейтін) жануарлар, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері де бар.

 



  11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   Наступна

Экология және тұрақты даму» пәні бойынша қысқаша дәріс курсы | Дәріс (1 сағ). | Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі. | Тұрақты дамудың тұжырымдамасы | Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері. | Ағза және тіршілік ету жағдайы | Ылғалдылық. | Популяция - түрдің тіршілік ету формасы. | Сурет. Өлім кисықтары. Макфредьен бойынша. | Биотикалық факторлар |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати