загрузка...
загрузка...
На головну

Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары

  1. Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы.
  2. Демография және экологиялық мәселелер.
  3. Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсерлі күші
  4. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
  5. Организмдердің бір-бірімен байланысы. Экологиялық қуыс.
  6. Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі.
  7. Сырғанау үйкелісінің заңдары

Лимиттеуші факторлар. Алғаш рет лимиттеуші факторлардың мағынасын неміс агрохимигі Ю. Либих 19 ғ. ортасында ашып көрсеткен. Осыдан ол минимум заңын ұсынды: астықтың өнімі ең аз, яғни минимум факторларына байланысты. Егер топырақта қажетті компоненттер тұрақты жүйені құраса, ал қандайда бір зат, мысалы, егер фосфор минимумға жақын мөлшерде болса, ол астықтың өнімін төмендетеді. Сондай-ақ, топырақта пайдалы минералды заттар көп, яғни максимум болса, ол да астық өнімін төмендетеді. Олай болса, факторлар максимум болса да лимиттеуші болуы мүмкін. Демек, лимиттеуші экологиялық факторлар дегеніміз оптималды мөлшерден тым көп не тым аз факторлардың болуы ағзалардың дамуын шектейді. Оларды кейде шектеуші факторлар деп те атайды.

Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету ауыртпалығы В. Шелфордтың толеранттылық заңында байқалады: факторлардың болмауы не ағзаның дамымауы фактордың жетіспеушілігімен (сапалық және сандық түрде) немесе, керісінше, тым көп болуымен анықталады, ал олардың деңгейі ағзалардың шыдамдылық шегіне жақын болуы мүмкін. Осы екі шекті толеранттылық шегі деп атайды.

Мына заңды бір фактордың әсері арқылы көрсетуге болады: қандайда бір ағза -5С-дан 25С температура аралықта тіршілік ете алады, олай болса оның толеранттылық диапазоны осы температуралар аралығында жатыр. Температура жоғарлауына толеранттылық диапазоны тар болып келетін ағзаларды стенотермді («стено»-тар) ағзалар, ал температура диапазоны кең болып келетін ағзаларды эвритермді («эври»-кең) ағзалар деп атайды.

Температура сияқты басқа да лимиттеуші факторлар бар, ал ағзаларды олардың әсер ету қатынасына байланысты стенобионттар мен эврибионттар деп атайды. Мысалы, бір ағза ылғалдылыққа стенобионтты болып келсе, екіншісі экологиялық факторларға эврибионтты болып келеді және т.б. Негізгі экологиялық факторларға эврибионтты болып келетін ағзалар жер бетінде кең тараған.

Ағзаның толеранттылық диапазоны бірқалыпты бола бермейды- ол, мысалы, егер қандайда бір фактор қандайда бір шекке жақын болғанда немесе ағзаның көбеюі кезінде көптеген факторлар лимиттеуші болғанда тарылады. Демек, экологиялық факторлардың әсері белгілі бір жағдайларда өзгере алады, яғни олар лимиттеуші болуы да, болмауы да мүмкін. Олай болса, ағза факторлардың лимиттеуші әсерін өзі өзгертіп, өзіне, мысалы, микроклимат (микроорта) жасай алады.

Сөйтіп, табиғи жағдайларда ағзалар қауіпті физикалық факторларға, өздеріне қажетті заттарға және ортаның осы не басқа да компоненттеріне, ағзалардың өздірінің толеранттылық диапазонына байланысты болып келеді.

 



  10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   Наступна

Экология және тұрақты даму» пәні бойынша қысқаша дәріс курсы | Дәріс (1 сағ). | Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі. | Тұрақты дамудың тұжырымдамасы | Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері. | Температура. | Ылғалдылық. | Популяция - түрдің тіршілік ету формасы. | Сурет. Өлім кисықтары. Макфредьен бойынша. | Биотикалық факторлар |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати