загрузка...
загрузка...
На головну

Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.

  1. Биологиялық алуан түрлілік - популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты.
  2. Кері байланысы бар жүйелердің сипаттары жəне олардың ерекшеліктері
  3. Сызықты жүйелердің жалпы қасиеттері
  4. Экожүйелердің ұйымдасу заңдары
  5. Экожүйелердің өнімділігінің заңдары
  6. Экожүйелердің динамикасы мен дамуы.

Ген, клетка, мүше, ағза, популяциялар, қауымдастық (биоценоз)- тіршіліктің негізгі ұйымдасу деңгейлері.

Ағза экологияда қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларымен қарым- қатынаста болатын бүтін жүйе ретінде қарастырылады. Биологиялық түр индивидуумдар сияқты бір- бірінен ерекшеленетін екі түрден тұрады. Олар да бір түрге жататын ұқсамайтын екі адам сияқты бір- біріне ұқсамайды. Бірақ олардың барлығын өзара байланыстыратын- бұл түр ішінде көбеюін қамтамасыз ететін генофонд болып табылады. Әр жеке индивид спецификалық ерекшеліктеріне ие болуына байланысты олардың орта жағдайларына қатынасы мен орта факторлардың әсерлері әр түрлі болып келеді.

Популяция- бір түрге жататын, өзара көбейе алатын, бір кеңестікте мекендейтін даралардың жиынтығы.

Биоценоз- бірге тіршілік ететін микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар популяцияларының жиынтығы. Белгілі бір территориядағы қоршаған ортаның жағдайлары: ауа, су, топырақ және тау жыныстары биотоп деп аталады. Биотоп компоненттері бір- бірімен әрекеттесіп, белгілі бір биологиялық жүйені түзеді. Оны академик В. Н. Сукачев биогеоценоз деп атаған. 1935 жылы ағылшын ботанигі А. Тенсли алғаш рет «экожүйе» деген терминді енгізді. Тенсли бойынша экожүйе-«бұл ағзалар комплекстері мен ортаның физикалық факторлар комплекстерінің, яғни мекен ету орта факторларының жиынтығы».



  8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   Наступна

Экология және тұрақты даму» пәні бойынша қысқаша дәріс курсы | Дәріс (1 сағ). | Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі. | Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары | Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні | Температура. | Ылғалдылық. | Популяция - түрдің тіршілік ету формасы. | Сурет. Өлім кисықтары. Макфредьен бойынша. | Биотикалық факторлар |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати