загрузка...
загрузка...
На головну

Тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.

  1. Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару әдістемесі
  2. Сабақ Лексикалық тақырып. Қазақстанның экологиясы
  3. Сабақ Лексикалық тақырып. Мамандық әлемінде
  4. Тақырып. Қатты дененің күрделі қозғалысы.
  5. Тақырып. Қима әдісі. Деформацияның түрлері. Толық, нормалдық және жанамалық кернеулер.
  6. Тақырып. Қиманың геометриялық мінездемесі
  7. Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.

1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар.

3. Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы.

Негізгі сөздер:сыртқы шығындар, ішкі шығындар, тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар.

1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жаңармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Өндіріс шығындары анық және анық емес болып бөлінеді. Анық шығындар (сыртқы шығындар) - сырттан алынған ресурстарға ақша төлемдері (жалданбалы жұмысшылар жалақысы, шикізат және материалдарға төлемдер,транспорт, қаржы, заң қызметтеріне төлем). Осы шығындар бухгалтериямен есептелініп, оларды бухгалтерлік шығындар деп атайды. Анық емес шығындар (ішкі шығындар) - өз ішік ресурстарын пайдаланумен байланысты шығындар. Бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есептеулерде көрсетілмейді. Олар көбінесе жасырын формада болады. Осындай жасырын формадағы шығындарды балама (альтернативті) шығындар деп атайды. Анық және анық емес шығындар сомасын экономистер экономикалық шығындар деп атайды.

2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Тұрақты шығындар (FC) - бұл фирманың өнім шығару көлеміне тәуелсіз шығындары. (сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар). Кәсіпорын өнім өндірмеседе төленеді. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер (бухгалтер) жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, зайым бойынша пайыз т.б. жатады. Өзгермелі шығындар (VC) - өнім шығару көлеміне сәйкес өзгеретін шығындар. Материал, шикізат үшін төлемдер, энергетикалық шығындар, өнімді өндіретін жұмысшылардың жалақысы. Жалпы шығындар (TC) - тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы. TC = FC+ VC. Шығындарды тағы 2 түрі бар -орташа және шекті. Өнімнің бірлігіне қарай шығындарды өлшеу үшін орташа шығындар қолданылады. Ол жиынтық шығындарды өнімнің көлеміне бөлумен анықталады. Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтау қажеттілігін тұдырады. Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жұмсауды көрсетеді.

3. Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Пайда дегеніміз - жиынтық табыс (TR) пен жиынтық шығындар (TC) арасындағы айырма. TР = TR-TC, ТР- пайда. Жиынтық табыс (TR) нарық бағасымен барлық өндірілген тауарларды сатуда түскен түсім. TR=P*Q, P - баға, Q - тауар саны. Орташа табыс (AR) - бір өнімнен орташа алынған табыс. AR=TR/Q. Шекті табыс (MR) - қосмыша өнім өндіргеннен түскен түсім. MR= TR/ Q. Қалыпты пайда - Анық емес шығындарды (ішкі шығындар) өтеу керек.

Экономикалық пайда - қалпыт пайдаданың үстінен түскен табыс. Бухгалтерлік пайда - жалпы түсімнен сыртқы шығындарды алған сомаға тең. Бухгалтерлік пайда - Анық емес шығындарды (ішкі шығындар) = экономикалық пайда



  2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   Наступна

Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша | Курстың қысқа мазмұны | Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері | Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері. | Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. | Тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс. | Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. | Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде. | Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік | Тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати