Головна

Сабақ Инфляция ОСӨЖ

  1. Безработица и инфляция
  2. Безработица и инфляция
  3. Дезинфляция.
  4. Деньги. Денежное обращение. Инфляция
  5. Импортируемая» инфляция
  6. ИНФЛЯЦИЯ
  7. Инфляция

Құн заң әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық үрдістерді тудырады. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Инфляцияның өз тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болган соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды.

Инфляция латын сөзі, қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс жиынтығы. Айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің бағалардың қосылуынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшалардың пайда болуы инфляцияны білдіреді.

Инфляциядан өндіріс көп зардап шегеді, еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі болып тұрып, тауар мен аз тепе-теңдікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Сұрақтар:

1. Инфляцияның басты ерекшелігі неде?

2. Инфляуия дегеніміз не?

1-тапсырма. Мәтінді сөздікпен орыс тіліне аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

30-сабақ Акция. Аудару СӨЖ

Акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы, акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы пайызының деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестрінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Акция қашан шығады?

2. Акцияның нақты бағасы қандай?

3. Акция неше түрге бөлінеді?

4. Қандай құқық беріледі?

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Акционер - ақша ...

2. Акционер болу үшін белгілі бір акционерлік ... қызмет ету шарт емес.

3. Тек оның ... сатып алса жеткілікті.

Керек сөздер: иесі, акция, қоғам.

3-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

1. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» Заң қабылданғаннан кейін акционерлік қоғамдар құрыла бастады.

2. 1998 жылы олардың саны үш мыңнан асты.


Апта Тақырыптардың мазмұны Сабақ түрі Сағат саны
І семестр 2011 ж.
01-05.09.14 Ана тілі - дүниетаным құралы. Мазмұндау. Барлық апсырмаларды дәптерге орындау (16 тапсырманы аудару) 1. Тәжірибелік сабақ  
01-05.09.14 М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңінен үзінді жаттау осөж
01-05.09.14 Даналық сөздерді жаттап алыңыз. Ананың тілі -аяулы үні Өлең жатта. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүрсін Сөж
08-12.09.14 Қазақ елі менің - Отаным. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Барлық тапсырмаларды дәптерге орындау 2. Тәжірибелік сабақ
08-12.09.14 1. Туған елге. Ж. Молдағалиев Мәнерлеп оқу (жаттау түрінде) Ел ордасы - Астана. Астана қаласының көзтартарлық орындарын әңгімелеу. «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбынашығарма жазу осөж
08-12.09.14 Қазақ халқының өнері жайлы тапсырмалар жүйесін әзірлеңіз. Ежелгі қалалар (Отырар, Түркістан, Тараз, Сайран, Сығанақ) мәдениеті туралы реферат әзірлеу. Сөж
15-21.19.14 Табиғат. Жер ананы аяла. Мазмұндау. Барлық тапсырмаларды дәптерге орындау (10 тапсырманы аударып, мазмұндау) 3. Тәжірибелік сабақ
15-21.19.14 Табиғат қорғауды қажет етеді. Мазмұндау Қазақстан табиғаты аударыңыз. осөж
15-21.19.14 Қызыл кітапқа енген ұлттық байлықтары болып саналатын қорықтар жайлы реферат жазу. Сөж
22-26.09.14 Қазақстан экологиясы. Мәтінді мазмұндау, аудару. Қазақстандағы экология жайлы шығарма жазу. 4. Тәжірибелік сабақ
22-26.09.14 Су - әлемдегі өзекті мәселенің бірі. Мазмұндау, аудару осөж
22-26.09.14 Арал тағдыры. Мазмұндау, аудару Құстар мекені. Аудару Сөж
29.09.-03.10.14 Қазақстандағы туризм. Мәтінді мазмұндау. (9-тапсырма. «Бәйтерек» туралы диалогті монологке айналдырып, мазмұндаңыз, аударыңыз) 5. Тәжірибелік сабақ
29.09.-03.10.14 RIXOS Президенттік қонақ үйі. Мазмұндау осөж
29.09.-03.10.14 Қазақстандағы туризмнің дамуы. Пікірталас. Бурабай - жер жаннаты. Шығарма Сөж
06-10.10.14 Біздің университет. Мазмұндау. 6. Тәжірибелік сабақ
06-10.10.14 Жоғары оқу орындары. Мазмұндау, аудару. осөж
06-10.10.14 Қазақстандағы білім беру жүйесі. Мазмұндау, аудару. Армандастар. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүрсін, жаттап әндеп айтып беру. Сөж
13-17.10.14 Білім - байлығымыз. Мазмұндау, аудару. 7. Тәжірибелік сабақ
13-17.10.14 Қазақстандағы жеке білім беру туралы. Аудару осөж
13-17.10.14 Реформы в системе образования. Аудару Сөж

 

20-24.10.14 Мамандық әлемінде. Мазмұндау, аудару. 8. Тәжірибелік сабақ
20-24.10.14 Өз ісінің маманы. Шығарма Оқу-білім туралы мақал-мәтел жаттау. осөж
20-24.10.14 Менің мамандығым. Аудару Өз ісінің маманы. Шығарма жазу. Оқу-білім туралы мақал-мәтел жаттау. сөж
27-31.10.14 Экономика. Мазмұндау, аудару. Отбасы экономикасы. Аудару 9. Тәжірибелік сабақ
27-31.10.14 Қалтарыстағы экономика. Аудару осөж
27-31.10.14 Қазақстанның экономикасы. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. сөж
03-07.11.14 Экономист- ғалымдар. Мазмұндау, аудару. 10. Тәжірибелік сабақ
03-07.11.14 Қазақстандағы экономист ғалымдардың ғылымға сіңірген еңбегі. Баяндама осөж
03-07.11.14 Атақты экономистер туралы. Реферат сөж
10-14.11.14 Ұқыптылық пен үнемділік. Мазмұндау. 11. Тәжірибелік сабақ
10-14.11.14 Сіз үнемдей білесіз бе? Сұхбат «Үнемшіл болу дегеніміз - өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыра білу» (Шығарма жазу) Жапон кереметі туралы өзіңіз не білесіз? Жазбаша тапсырма. 3 тапсырмадағы мақал-мәтелдерді аудару. осөж
10-14.11.14 Уақытыңды бағалай біл. Мазмұндау, аудару. Базаршы жігіт пен ақылды қыз. Мазмұндау. сөж
17-21.11.14 Ұлттық экономика. Мазмұндау. 12. Тәжірибелік сабақ
17-21.11.14 Ұлттық теңге. Мазмұндау. өсөж
17-21.11.14 Ұлттық байлық дегеніміз не? Мазмұндау. Құстар мекені. Мазмұндау сөж
24-28.11.14 Нарықтық экономика. Мазмұндау. 13. Тәжірибелік сабақ
24-28.11.14 Нарық. Аудару өсөж
24-28.11.14 Нарықтың мәні, құрылымы. Мазмұндау, аудару. сөж
01-05.12.14 Кәсіпкерлік. Мазмұндау, аудару. 14. Тәжірибелік сабақ
01-05.12.14 Джордж Сорос - милиардер и филантроп. Аудару өсөж
01-05.12.14 Рынок. Аудару сөж
08-12.12.14 Әлемнің бай адамдары. Мазмұндау, аудару. 15. Тәжірибелік сабақ
08-12.12.14 «Егер мен бай адам болсам, не істер едім?» Шығарма өсөж
08-12.12.14 Грамматикалық тапсырмаларды орындау. Барлық 15 сабақ бойынша ТЕСТ сөж

ІІ семестр 2012 ж.
19-23.01.2015 Бәсекеге қабілетті тауар өндіру. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз. 16. Тәжірибелік сабақ
19-23.01.2015 Бәсеке - нарықтық механизмнің басты элементі. Аудару және мазмұндау өсөж
19-23.01.2015 Бәсекелестік. Баяндама сөж
26-30.01.2015 Жарнама. Аудару және мазмұндау 17. Тәжірибелік сабақ
26-30.01.2015 Скрытая реклама. аудару өсөж
26-30.01.2015 Реклама. Аудару және мазмұндау. сөж
02-06.02.2015 Жарнаманың тарихи кезеңдері. Аудару және мазмұндау 18. Тәжірибелік сабақ
02-06.02.2015 Бүгінгі қоғамдағы жарнаманың алатын орны. Сұхбат өсөж
02-06.02.2015 Функции рекламы. Аудару және мазмұндау сөж
09-13.02.2015 Жарнама, оның түрлері. Аудару және мазмұндау 19. Тәжірибелік сабақ
09-13.02.2015 Виды рекламы. Аудару өсөж
09-13.02.2015 Функции рекламы. Аудару сөж
16-20.02.2015 Дүниежүзілік сауда ұйымы Аудару және мазмұндау 20. Тәжірибелік сабақ
16-20.02.2015 Сауда. Сауда орталығы. Мазмұндау өсөж
16-20.02.2015 «Қазақстанның Сингапурға теңесер болашақ көкжиегі қашан көрінер екен?» Мазмұндау сөж
23-27.02.2015 Еуропалық Одақ. Аудару және мазмұндау 21. Тәжірибелік сабақ
23-27.02.2015 Еуропалық төлем одағы. Аудару және мазмұндау өсөж
23-27.02.2015 Еуропа экономикалық қоғамдастығы. Аудару және мазмұндау сөж
02-06.03.2015 Еуразия экономикалық қауымдастығы 22. Тәжірибелік сабақ
02-06.03.2015 Валюта. Аудару және мазмұндау өсөж
02-06.03.2015 Пластиковые карточки, как элемент карточки. Аудару және мазмұндау сөж

09-13.03.2015 Қаржы және қаржы нарығы. Аудару және мазмұндау 23. Тәжірибелік сабақ
09-13.03.2015 Лизинг. Аудару және мазмұндау өсөж
09-13.03.2015 Ломбард қашан пайда болды? Аудару, Мазмұндау сөж
16-20.03.2015 ҚР- ның банк жүйесі, қызметі. Аудару және мазмұндау 24. Тәжірибелік сабақ
16-20.03.2015 Ақша деген не? Аудару өсөж
16-20.03.2015 Home bankinq» - үйде және жұмыс орнында банктік қызмет көрсету. Мәтінді оқыңыз және мазмұндаңыз сөж
23-27.03.2015 Ипотекалық несие. Аудару және мазмұндау 25. Тәжірибелік сабақ
23-27.03.2015 Кредит-несие. Аудару және мазмұндау өсөж
23-27.03.2015 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. Мазмұндаңыз және аударыңыз сөж
30.03-04.04.2015 Маркетинг - бизнес өзегі. Аудару және мазмұндау 26. Тәжірибелік сабақ
30.03-04.04.2015 Менеджмент. Мазмұндау, аудару өсөж
30.03-04.04.2015 Нанотехнология. Аудару және мазмұндау сөж
06-10.04.2015 Салықты не үшін төлейміз? 27. Тәжірибелік сабақ
06-10.04.2015 Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. Аудару, үш сөйлемге синтаксистік талдау жасау өсөж
06-10.04.2015 Салық реформасы. Аудару, үш сөйлемге синтаксистік талдау жасау сөж
13-17.04.2015 Меншік және жекешелендіру. Аудару және мазмұндау 28. Тәжірибелік сабақ
13-17.04.2015 Жекешелендіру саясаты. Аудару және мазмұндау өсөж
13-17.04.2015 Әлемдік шаруашылық. Аудару және мазмұндау сөж
20-24.04.2015 Еңбек және еңбек тәртібі. Аудару және мазмұндау 29. Тәжірибелік сабақ
20-24.04.2015 Биржа дегеніміз не? Аудару және мазмұндау өсөж
20-24.04.2015 Уақыт - алтыннан да қымбат. Шығарма «Уақыт туралы» өлеңді жаттау сөж
27.04-01.05.2015 Құнды қағаздар. Аудару және мазмұндау 30. Тәжірибелік сабақ
27.04-01.05.2015 Инфляция. Аудару және мазмұндау өсөж
27.04-01.05.2015 Акция. Аудару және мазмұндау сөж


  50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   Наступна

Сабақ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. СӨЖ | Макдональдс корпорациясы | Сабақ Нанотехнология дегеніміз не? СӨЖ. | Аударыңыздар және мазмұндаңыз. | Сабақ Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. ОСӨЖ | Сабақ Лексикалық тақырып: Меншік және жекешелендіру | Сабақ Жекешелендіру саясаты ОСӨЖ | Сабақ Әлемдік шаруашылық. СӨЖ | Сөздерді есте сақтаймыз | Сабақ Биржа дегеніміз не?ОСӨЖ |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати