Головна

Тапсырма. Лексикалық тақырыпты аударыңыздар және мазмұндаңыз.

  1. Ағза және тіршілік ету жағдайы
  2. Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері
  3. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  4. Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
  5. Аударыңыздар және мазмұндаңыз.
  6. Байланыстар және олардың реакциялары
  7. Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру

Құнды қағаздар туралы не білесіз?

Құнды қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл қағаздар бұрынырақта «бағалы қағаздар» деп аталған. Бірақ бағалы деген сөзден гөрі «құнды» деп атаған атағанымыз дұрысырақ. Неге десеңіз бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне тек пайда, табыс әкеледі.

Құнды қағаздардың үш түрлі құндылық қасиеті бар, яғни оны сатып ала отырып сіз:

біріншіден, акция иемденуші боласыз;

екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынның белгілі бір бөлігіне ие боласыз;

үшіншіден, акцияның екі бағасының айырымы арқылы пайда көресіз.

Бұл соңғы қасиетін таратып айтатын болсақ, бастапқыда акцияны номиналды бағамен сата аласыз, сөйтіп сіз де, оны шығарушы кәсіпорын да пайда көреді.

Құнды қағаздардың екі түрі бар: қарыз түріндегі құнды қағаз және корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды қағазды мемлекет шығарған болса, ол мемлекеттік құнды қағаз - қатерсіз құнды қағаз болып табылады.

Сіз мемлекеттік құнды қағаз сатып алсаңыз, пайда табасыз. Бірақ одан аз пайда көресіз. Әйтсе де, сіздің қаржыңызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акцияңызды жоғалтпайсыз, керісінше, шамалы пайда үлесін аласыз. Корпоративтік құнды қағазға қатер бар, әйтсе де оның пайдасы жоғары. Әр құбылыстың пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар десек, нарықтық экономика кезінде құнды қағазды таңдай білу керек. Таңдау - үлкен жұмыс.

Қазақстанда құнды қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап пайда бола бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі шешуші роль атқарады.

Қазақстан заңдары бойынша Республика аумағында құнды Қағаздардың мынадай түрлеріне рұқсат етіледі: акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер.

2- тапсырма. Құнды қағаздар туралы әңгіме-сұхбаттың мазмұнын айтыңыздар.

3 - тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді табыңыздар. Олар қандай сын есімдер?

«Құнды» деген сөзге синоним беріңіз.

Мәтінде құнды қағаздардың қандай үш түрлі құндылық касиетін атайды?

4- тапсырма: Акция туралы сұхбат құрыңыздар. Пікірлеріңізді айтыңыздар. Бұрынғы одақ кезіндегі облигациялар мен қазіргі құнды қағаздарды салыстырыңыздар.

5- тапсырма:

1. Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, жоспар құрыңыз.

2. Мәтінде аталған акция түрлерін түгел атап шығыңыз.

4. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

 



  50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   Наступна

Мәтінді мазмұндау | Сабақ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. СӨЖ | Макдональдс корпорациясы | Сабақ Нанотехнология дегеніміз не? СӨЖ. | Аударыңыздар және мазмұндаңыз. | Сабақ Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. ОСӨЖ | Сабақ Лексикалық тақырып: Меншік және жекешелендіру | Сабақ Жекешелендіру саясаты ОСӨЖ | Сабақ Әлемдік шаруашылық. СӨЖ | Сөздерді есте сақтаймыз |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати