Головна

Сабақ Әлемдік шаруашылық. СӨЖ

  1. ОСӨЖ) 5-сабақ RIXOS Президенттік қонақ үй
  2. ОСӨЖ) 7-сабақ Қазақстандағы жеке білім беру туралы
  3. Рбір практикалық сабақ, ОЖСӨЖ, СӨЖ, аралық бақылау 100 баллдан есептеледі, ол 100 пайызға сәйкес келеді
  4. СӨЖ) 12 сабақ Ұлттық байлық дегеніміз не?Мәтінді мазмұндаңыз
  5. СӨЖ) 13- сабақ Нарықтың мәні, құрылымы.
  6. СӨЖ) 4 сабақ. Арал тағдыры. Мәтінмен жұыс жүргізу. Мазмұндау, аудару
  7. Сабақ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. СӨЖ

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Әлемдік шаруашылық - халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда-саттық, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды.

Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әр қилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялық елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Тайвань, т.б. жатады.

Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзілік кеден ұйымы, Еуропалық энергетикалық хартия, Дүние жүзілік сауда ұйымы, әр түрлі банктер, БҰҰ-ның комиссиялары бар. Әлемдік шаруашылықтағы орны мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық шаруашылығының, көлік инфрақұрылымының өркендеп дамуына тығыз байланысты.

К. Қажымұратов,

(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 659-бет).

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Шаруашылығы жоғары дәрежеде дамыған қандай елдерді білесіз?

2. Қазақстан шаруашылығы бойынша қандай ұйымдарға мүше?

2-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.

Шаруашылық, өнеркәсіп, халықаралық, дүние жүзілік, өркендеу, әлемдік

 



  50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   Наступна

Сабақ Ақша деген не? ОСӨЖ | Мәтінді оқыңыз және мазмұңдаңыз. | Ипотекалық несие | Мәтінді мазмұндау | Сабақ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. СӨЖ | Макдональдс корпорациясы | Сабақ Нанотехнология дегеніміз не? СӨЖ. | Аударыңыздар және мазмұндаңыз. | Сабақ Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. ОСӨЖ | Сабақ Лексикалық тақырып: Меншік және жекешелендіру |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати