На головну

Тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

  1. Аударыңыздар және мазмұндаңыз.
  2. Берілген мәтінді оқып, аударып, мазмұнын айтып беріңдер
  3. Лексикалық тақырып: Қазақстандағы туризм. Мәтінді мазмұндаңыз.
  4. Мәтінді мазмұңдаңыз.
  5. Мәтінді мазмұндау
  6. Мәтінді оқыңыз және мазмұңдаңыз.
  7. Мәтінді оқыңыздар.

Әр адамның тірлігі, шаруашылығы керемет нәрсеге негізделеді. Ол ұқыптылық және үнемділік. Бұл екі ұғым экономиканың жаны. Бұл кереметтердің тағы бір туысы бар. Ол - гүлдену. Гүлдену дегеніміз -экономикалық табыс пен бақыт.

Адамның жеке шаруашылығы тек оның ақша жұмсау қабілетімен шектелмейді, сондай-ақ адам өз уақыты мен қуатын дұрыс жұмсай білу керек.

Егер сен өзіңнің үнемділігің тек қана ақшаға қатысты деп ойласаң, онда қателесесің. Өз өміріңді сенің мүлкің (имущество) емес, сенің өзің айқындайсың. Сенің адал, табанды болуың керек. Өз денсаулығыңды ойлауың керек, білім-білігіңді толықтыруың керек. Өзіңнің әрбір іс-әрекетіңді ойланып барып істеп, әрбір сөзің мен ісіңе жауап беретіндей болуың керек.

Осы қасиеттердің бәрін бойыңа қалыптастыра білу керек, өйткені бұл қасиеттер сенің үнемшіл болуыңа көмектеседі. Үнемшіл болу дегеніміз - сараң болу деген сөз емес. Сараң (скупой) адамдар табысын ешқашан біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін (доля) төлеуден де жалтарады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды. Сараңдық дегеніміз өзіңде бар нәрсені қызғыштай қорып, оны шашпауға тырысу, болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолыңда бар нәрсені достарыңнан да жоғары қойып, тәуекелге бел буа алмау.

Үнемділік ұғымына тәуекелшілік те байланысты болады. Үнемшіл болу дегеніміз - қуанышсыз сұрқай өмір сүру деген сөз емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу де - тәуекелділік.

Сонда үнемділік дегеніміздің өзі әрбір адамның өз уақытын дұрыс ұйымдастыра біліп, ойға алғанының барлығы болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін өз күшіңді шақтап жұмсай білу деген сөз.

2-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліп, сөз немесе сөз тіркестерімен ат қойыңыз.

3-тапсырма. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

4-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Әр адамның тірлігі неге негізделеді?

2. Қандай ұғымдарды экономиканың жаны деп ойлайсың?

3. Ұқыптылық пен үнемділікті экономиканың жаны дегенге келісесіз бе?

4. Үнемшіл адамды сараң деп айтуға болады ма?

5. Сараң адам қандай болады

Сөздік:

Ұқыптылық - аккуратность, внимательность, бережность Үнемділік - экономичность Сараң - скупой Үлес - доля Мүлік - имущество Тәуекел - риск тәуекелге бел буа алмау - не рисковать бағындыру - покорять, подчинять, принуждать сдаться гүлдену - просветать қасиет - хорошее качества, достоинство, святость, хорошее свойства доход - табыс, кіріс достичь - жету, жетістік, табыс сұрқай өмір сүру - жить серой жизнью

5-тапсырма.Үнемділік пен сараңдықты бір ұғым деп қарастыруға болады ма? Осы тақырыпта диалог құрыңыз.

6-тапсырма. «Үнемшіл болу дегеніміз - өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыра білу» деген тақырыпта досыңызбен әңгімелесіңіз.

(Шығарма жазу)

7-тапсырма.Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Ұқыптылық пен үнемділік - экономика... жан... .

2. Сен өзің.... үнемділігің тек қана ақша... қатысты деп ойласаң, онда қателесе.... .

3. Сараң адамдар табыс... ешқашан біреумен бөліспей... .

4. Адам... жеке шаруашылығы тек оның ақша жұмсау қабілеті.... шектелмейді.

8-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Өз өміріңді сенің (имущество) емес, сенің өзің (определяешь).

2. (Экономичный) болу дегеніміз - қуанышсыз (жить серой жизнью) деген сөз емес.

3. Әр адамның тірлігі, шаруашылығы (великолепный) нәрсеге (основывается).

4. Үнемділік дегеніміз - әрбір адамның өз уақытын дұрыс (организовать).

10-тапсырма. Мына фразеологизмдерді есте сақтаңыз. Мысал келтіріңіз.

1. Ақ жүрек, Екі жүзді, 3. Дүние қоңыз, 4. Қурайдың басын сындырмау 5. Ала жібін аттамау.

(ОСӨЖ) 11-сабақ Сіз үнемдей білесіз бе? Сұхбат

1-тапсырма.Мына сұхбатқа назар аударыңыз.

- Жапон кереметін әркім әрқалай түсіндіреді. Оның негізі ішкі үнемдеушілік пен экспорттық жолмен өндірісті өркендетуде жатыр десек қателеспейміз бе?

- Мұның бәрі дұрыс. Үнемдеушілік өз ерекшеліктеріміздің бірі деп есептеледі. Бұл басқа елдерде сирек кездесетін жапон халқына тән ерекшелік. Осы тұрғыда біз дамыған Батыс елдеріне ұқсамаймыз. Үнеммен өмір сүріп, сонымен байи алшған халық екенімізді ешқашан естен шығара алмаймыз. Өндірісте де үнемі соны ескеріп, соған сай заттар шығарамыз. Мысалы, бізде шығарылған мәшинелер аз бензинмен жүреді. Қай салада да үнемдеуді ойлауға мәжбүрміз. Өйткені шикізат шет жақтан келеді. Оны аз қолдана отырып, көп өнім алуға тырысамыз. Жапондықтар көп жұмыс істеп, соған орай көп қаржы тапқанымен, ақшаны аз жұмсауға тырысады. Жалақыларының белгілі бір бөлігін банкке сақтауға әдеттенген. Осының арқасында баюға болатынын бәрі жақсы біледі. («Заман-қазақстан». 25.04.1997)

2-тапсырма. Жапон кереметі туралы өзіңіз не білесіз?



  14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   Наступна

Тапсырма. БӘЙТЕРЕК Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. | ОСӨЖ) 5-сабақ RIXOS Президенттік қонақ үй | Бурабай- жер жаннаты. Шығарма жазыңыз. | Жоғары оқу орындары | Армандастар | Сөздерді есімізде сақтаймыз | ОСӨЖ) 7-сабақ Қазақстандағы жеке білім беру туралы | Сабақ Лексикалық тақырып. Мамандық әлемінде | Сабақ Лексикалық тақырып: Экономика. | Отбасы экономикасы. Аудару, мазмұндау |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати