Головна

Эпидпаротит

Мысқыл - көбіне шықшыт бездерінің, басқа бездердің және орталық нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Мысқылды аурулардың «дербес нозологиялық түр» деп ғалымдар арсында бірінші бөлген Гиппократ .

Қоздырғышы - фильтрленуші вирус. Ол сыртқы ортаға төзімсіз, жоғары температураға, ультракульгін сәулелердің әсеріне шыдамсыз, дезерітінділерден тез өледі.

Э п и д е м и о л о г и я с ы:Аурудың көзі -ауру адам .

Таралу жолы - ауа - тамшылы жол, және эпидпаротит адамның сілекейі шашыраған ыдыс- аяқ, ойыншықтар және басқа заттар арқылы жұғады.

Сезімталдық - 5-12 жас аралығы. Маусымдылық - қыс және көктем.

П а т о г е н е з і.Қоздырғыш шырышты қабықтарға түсіп, көбейеді де қан арқылы (вирусемия) барлық ағзаға тарайды. Вирустың ерекшелігі - ол лимфа және жүйке жүйесіне жақын жүреді. Сондықтан, орталық нерв жүйесін және лимфа бездерді (шақшыт, жынысты, асқазан асты, кеуде т.б. бездерді) таңдап зақымдайды. Вирус зақымдаған мүшелерде көбейіп, олардың қабыну процесстерін қоздырады. Аурудың клиникалық көріністері бірінші күні бірден немесе біртіндеп пайда болады. 8-9 күндері адам ағзасында антидене титрі керекті мөлшерде пайда болып, қабыну процессі төмендей бастайды. Осыған байланысты адам сауыға бастайды. Аурудан кейін тұрақты иммунитет пайда болады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Жасырын кезеңі 11-21 күн. Ауру кенеттен басталады. Біріншіден уытталубелгілері пайда болады, олар: дене қызуы 38-39° дейін көтеріледі, баланың үйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, қалтырау, менингеалдық белгілер, бұлшық еттердің ауырсынуы, шықшыт бездері қабынады, стенон өзегінің ісінуі және қызаруы пайда болады. Филатов белгісі пайда болады: пальпация кезінде құлақ сырғалығының алды және арты ауырсынады.

Аурудың дер кезеңінде уытталу белгілерінен басқа аурудың негізгі сипаттама белгілері пайда болады: шайнағанда, жұтынғанда - ауырсыну сезім. Әуелі бір жағы қабынады, кейде екі жағы да қабынуы мүмкін. Қабынған без ауырсынады, қатты иленген қамыр тәріздес, ісінгеннен - құлақтын алдындағы және артындағы шұңқырды толтырады, осыған байланысты ауруды «доңызша» деп атағанды естуге болады, ісік үстіндегі тері қатайған, түсі өзгеріссіз, евстахий түтігі және құлақ өзегі басылуына байланысты бала дұрыс естімейді, құлағында шу пайда болады. Ісіну процессі 8-10 күні мүлде жойылады.

Тіл асты сілекей безі қабынғанда (сублингвит) - тіл асты ісінеді, тіл үстінде - ақ жақпа пайда болады.

Кейбір жағдайларда жақ асты безі қабынады (субмаксиллит). Осы кезде жақ астында қатты иленген қамыр тәріздес ісік пайда болады.

Орталық жүйке жүйесі зақымданған кезде серозды менингит, менингоэнцефалит, невриттер және полирадикулоневриттер пайда болады. Ерекшелігі - кеш, аурудың 7-10 қүндерінде, пайда болуы.

Ер балалардың аталық бездері (паротиттық орхит) - аурудың бесінші күндерінде пайда болады, баланың аталық бездері аурып, үлкейіп, қатаяды. Аталық бездер үстіндегі терісі ісінген, қызарған, көбінесе бір жақта болады. Ауырғаннан кейін 1-2 ай өткенде аталық безі кішірейе бастайды, осыған байланысты ұрықсыздану дамиды.

Қыз балаларда мастит немесе оофорит көріністері пайда болуы мүмкін.

Асқазан асты безі қабынуы (панкреатит) мүмкін. Аурудың 5 күнінде панкреатит пайда болып, келесі белгілермен өтеді: белденген қатты іш ауырсынуы, диареялық белгілер, зәрде - диастаза белсенділігі жоғарлауы, қанда - амилаза, липаза, трипсин мөлшері жоғарлауы.

Асқынулар: саңыраулыққа соқтыратын есту нервісінің невриті, көз көрмеуге соқтыратын көз нервісінің невриті, аталық бездердің атрофиясы, артриттер, қант диабеті, т. б.

Диагнозды қою қиын емес. Тек аурудың жеңіл түрлерінде, шықшыт бездері зақымдалмағанда серологиялық зерттеу түрлері және сілекейден, қаннан, омыртқа жотасының сұйықтығынан вирус бөлу тәсілін қолданады.

Е м д е у: үйде өткізіледі. Тек орталық жүйке жүйесі зақымданғанда, орхит, панкреатит болғанда - баланы ауруханаға жатқызады.Төсек тәртібі жеті күнге дейін тағайындалады. Диеталық, ауруына сәйкес тамақтану қажет, берілетін тамақ жылы, сұйық түрде болғаны жөн. Зақымданған без үстіне құрғақ қыздырғыш компресстер қойылады. Интерферон қатарының дәрі-дәрмектері, витаминдер тағайындалады.

Симтомдық ем қолданылады. Панкреатитте - детоксикалық ем, көп мөлшерде сұйықтық ішу, протелиз ингибиторларымен қоса тамшылап сұйықтықтар құю (контрикал, гордокс, трасилол). Ауырсыну синдромынан құтқару үшін - папаверин, анальгин, но-шпа. Ас қорытуды жақсарту үшін - панкреатин, панзинорм, фестал.

Орхиттің емі: тыныштық, жылу сақтайтын суспензорий, 7-10 күн ішінде - кортикостероидтер.

Менингитте - арқа миінің пункциясы жасалады. Парентералді - 20% глюкоза ерітіндісі, лазикс, В тобының дәрумендері қолданылады.

Паротиттен кейін тұрақты иммунитет пайда болады.

А л д ы н а л у: шаралардың бірі белсенді иммунизация. Ол « Тримовакс» вакцинасымен бала 12 айға толғанда өткізіледі.

Ауру баланы 9 күнге оңашалау керек. Күнделік және қортынды залалсыздандыру өткізілмейді; тек бөлмені желдетіп тұру, дезерітінді қосып бөлменің ылғалды жинауын өткізу, маскілі тәртіп сақтау керек.

Тығыз қарым - қатынаста болған адамдарды анықтау, карантин 21 күнге салынады, 11-21 күндері күнделік бақылау өткізіледі (термометрия, шықшыт бездерді тексеру, уытталу белгілерді анықтау, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тексеру).

К ү т і м. Сілекей бездерінің секрециясы төмендеуіне байланысты ауыз қуысының күтімі өткізіледі. Панкреатит дамуында мейіркеш науқастың төсек тәртібін және диетасын сақтауын тексеріп тұруы абзал. Орхит кезінде бала арқасында жату тиіс және мейіркеш суспензорий кию және төсек тәртібін сақтау бойынша бақылау өткізеді.

 



  70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   Наступна

Созылмалы гломерулонефрит | Пиелонефриттер | Созылмалы пиелонефриттер | БАЛАЛАРДЫҢ Ж¦ҚПАЛЫ АУРУЛАР | Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар | Тұмау | Аденовирустық жұқпа | Жел шешек | ВИРУС ГЕПАТИТТЕРІ | А, Е, Ғ вирус гепатиттері |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати