загрузка...
загрузка...
На головну

Жел шешек

Жел шешек - ол терiде және шырышты қабықтарда везикулалы-пустулездi бөрiтпе пайда болуымен сипатталатын жоғары жұғымды жедел жұқпа.

Жел шешек бұрынғы заманнан белгiлi ауру, бiрақта оны - табиғи шешектің жеңiл түрi деп ойлаған. Тек XIX ғасырда оны бөлек нозологиялық түрге бөлектедi. Жел шешектi зеттеу жолында Н. Ф. Филатовтың үлесi көп.

Э п и д е м и о л о г и я с ы. Аурудың қоздырғышы -фильтрленушi вирус. Оның негiзгi қасиеттерi - ұшқыш және қоршаған ортада тұрақсыз. Физикалық, химиялық факторларға өте сезiмтал, күн және ультракүлгiн сәулелерiне, қыздыру әсерiне байланысты тез өледi. Антибиотиктерге - тұрақты. Балалар арасында жайылған жұқпалардың бiрi.

С е з i м т а л д ы ғ ы: адам арасында өте жоғары. Ең жиi ауыратын бiрiншi 4 жастағы балалар. Көбiне күз - қыс кездерде кездеседi. Аурудың көзi - адам. Вирус жұтқыншақтың шырышты қабығында, ауру адамның қанында, көпiршiктер сұйықтықтарында болады. Жұғу кезi инкубациялық кезеңнiң соңғы күндерiнен соңғы бөртпенiң 4 күнiне дейiн. Туғаннан кейінгі бірінші екі айларында жел шешек жатыр арқылы анасынан берілген иммунитетке байланысты сирек кездеседі.

П а т о г е н е з i: вирус жөтел, түшкiру, әңгiме кезiнде ауру адамнан денi сау адамға ауалы - тамшылы жолмен берiледi.

Вирус өте ұшқыш, вентилляциялық жүйешек, қабаттан қабатқа 20 метрден жоғары тарайды. Өте сирек трансплацентарлық және қарым - қатынастық жол арқылы жұғады. Үстiңгi тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары бойынша адам ағзасына түседi де, қан арқылы барлық ағзаға тарайды. Терiнiң, шырышты қабықтардың эпителиiнде жиналып, вирус олардың көпіршіктенуін пайда қылады. Жасушалар өз қалпын жоғалтып, мөлдiр сұйықтыққа толы көпiршiктерге аударылады. Желшешектiң вирусы жүйке тiнiн зақымдайды, сондықтан бас ми қабаттары, мишық қабығы жиi қабынады. Iшкi ағзалардың зақымдануы өте сирек кездеседі.

Н е г i з г i к л и н и к а л ы қ к ө р i н i с т е р і:

Инкубациялық кезеңі - 11-21 күн. Продромалық кезеңi болмауы мүмкiн, болса да 1-2 күн субфебрилдi дене қызуымен және әлсiздiкпен, шаршаумен анықталады.

Аурудың басталуы жедел, дене қызуы 37,5-38,5оС дейiн көтерiледi, сонымен қатар бастың шаш аралығында, бетте, денеде, аяқ-қолда бөртпе пайда болады. Денеде әуелi қызыл дақ, сосын тығыз түйiнше (папула), сонан соң везикула (iшiнде мөлдiр сұйықтығы бар бiр камералық көпiршiк) пайда болады. Алақандарда және табандарда көпіршіктер болмайды. Бірінші күн аяғында көпіршік солы бастайды, кебеді, орынында қоңырлау түсті қабыршақтар пайда болады. қабыршақтар түскенде, орынында тыртықтар қалмайды. Бөртпелер 3-5 күн арасында бiрнеше рет, толқын тәрізді, пайда болады, сондықтан терiде бiр уақытта дақ та, везикула да, қабыршық та болуы мүмкiн. Осындай полиморфизм жел шешекке лайықты. Бөртпенің пайда болуы дене қызуының көтерілуімен ере жүреді. Бөртпе көп мөлшерде болса, баланың терісі, әсiресе түнде, қатты қышиды. Жел шешек бөртпелері ауыз, көз, мұрын шырышты қабығында, сиректеу жұтқыншақ және жыныс мүшелерінде шығуы мүмкін, олар жарылғаннан кейiн орнында жаралар пайда болады.

А с қ ы н у л а р. Екiншiлiк инфекциялар қосылғанда асқынулар пайда болады (отит, нефрит, пневмония, энцефалиттер). Негiзiнде терінің және шырышты қабаттардың тұтастығы бұзылғанда пустулез, абцесстер, флегмоналар болуы мүмкiн. Асқынудың ең ауыр түрі - менингоэнцефалит.

Иммунодефициттық жағдайларда жел шешектiң ауыр түрлерi пайда болуы мүмкiн - рудиментарлық, буллалық, геморрагиялық, гангреналық. Осы аурудың түрлерiнде уыттану белгiлерi және терiнiң өзгерiстерi пайда болады.

Р у д и м е н т а р л ы қ түрі - жасырын кезеңде иммуноглобулин немесе сары су алған балаларда болады. Ауру жедел түрде, қалыпты дене қызуымен, розеолалалық және папулалық бөртпелермен өтеді. Г е м о р р а г и я л ы қ түрiнде - көпiршiктер iшiне, шырышты қабаттарға қан құйылу, мұрыннан және iшектерден қан ағу, гематурия белгілері кездеседі. Жел шешектің осы түрі әлсізденген, гемобластозбен немесе геморрагиялық диатезбен ауыратын, ұзақ уақыт цитостатиктермен және стероидті гормондармен емделіп жүрген балаларда болады. Г а н г р е н а л ы қ түрiнде - везикулалар көлемi тез ұлғайып, қанды сұйықтыққа толып, қара қабыршықтармен жабылады. Жел шешектің көпіршіктері аймағында қабыну реакция пайда болады, соңынан тіннің өлі еттену және жаралану пайда болады. Гангреналық түрі әлсізденген, екіншілік микробтар флорасы қосылған балаларда кездеседі. Б у л л а л ы қ түрінде - iрi, солғын, қиын жазылатын жаралы көпiршiктер (буллалар) пайда болады.

Болжамы сәттi.

Е м i: көбiне үйде өткiзiледi; қызба кезiнде - төсек тәртiбi тағайындалады; бөртпелер тез кебу үшін - везикулаларды бриллиант жасылының 1% ерiтiндiсiмен, 1-2% перманганат калий ерiтiндiсiмен бояу керек, жұтқыншақты әлсiз антисептиктер ерiтiндiсiмен шаю; көпіршіктер кеуіп келе жатқанда - перманганат калий қосылған гигиеналық ванналар жасалады. Жел шешек ауыр түрде өтіп жатса - интерферон қатарының дәрiлерi (лейкинферон), лизоцим, иммуноглобулин, вирустарға қарсы қолданатын дәрiлер (ацикловир, аденин арабиноза, виролекс қолданылады; екiншiлiк инфекция қосылғанда - антибактериялық емдеу.

К ү т і м і. Жел шешек кезінді гигиеналық тәртіпті ұқыпты сақтаған жөн. Баланың іш киімін және ақжаймаларын жиі алмастырып тұру қажет, тырнақтарын қысқалап алып тастау абзал. Бала ауыз қуысының және көзінің күтімін өткізу. Ауру баланың бөлмесін күнде желдету, ылғалды тазарту шараларын өткізіп түру тиіс.

А л д ы н а л у ж ә н е э п и д е м и я ғ а қ а р с ы ш а р а л а р. Ауырған балаларды ерте айқындау және бөртпе шыққан кезден 9 күнге оңашалау. Қарым-қатынаста болған балаларды 21 күн бойы бақылау және жабық бала мекемелерiне жiбермеу. Ошаққа 10-i күннен бастап 21 күнге дейiн карантин белгiлеу, күнде балалардың тамағын, терiсiн қарап, екi рет күнiне дене қызуын өлшеп, дәптерге белгiлеу. Әдейiленген алдын алу жоқ болған соң, балаларың денесiн шынықтыру, күн тәртiбiн, тамақтандыруын ұйымдастыру; балалармен жәңе олардың ата-аналарымен санитарлық - ағарту жұмыс жүргiзу.

Ызылша

Қызылша - ол уытталу белгiлерiмен, жоғарғы тыныс жолдарының және көз конъюнктивасының шырышты қабықтарының қабынуымен, дақты - папулездi бөртпемен сипатталатын жұқпалы ауру. Баяғы замандардан қызылша ең ауыр, ең тараған балалар жұқпалы ауруларының бiрi болып саналады. 1920 жылға дейiн әр төртiншi бала қызылшадан қаза тартқан, сондықтан осы ауруды "балалар обашасы" деп атаған. Вакцина шығарғаннан кейiн балалар өлiмi көп есе төмендедi.

С е б е п т е р і. Қызылшаның қоздырғышы - фильтрленушi вирус. Вирустың антигендерiне ағзада антиденелер пайда болады. Вирус сезiмталдығы физикалық және химиялық әсерлерге өте жоғары, күн, ультракүлгiн сәулелерi астында, қыздырғанда тез өледi, антибиотиктерге тұрақты. Бөлме температурасында өз белсендiлiгiн 34 сағат бойы сақтайды, төмен температурада - бірнеше ай бойы сақталады. Ауамен жайылып, қызылшаның вирусы қашыққа тарайтын қасиеті бар. Көп пәтерлі үйлердің астыңғы қабаттарынан үстiңгi қабаттарына, бiр бөлмеден қабырға аралық қуыстар бойынша көршiлік бөлмелерге жеңіл таралады. Сезiмталдық - өте жоғары, 100%-ға дейiн. Ең жоғары ауырсыну 5 жасқа дейiнгi балаларда, 6 айға дейiнгi балалар анасынан берілген трансплацентарлық иммунитетке байланысты қызылшамен өте сирек ауырады. Ауру көктемде және жазда кездеседi. Аурғаннан кейін тұрақты иммунитет пайда болады.

Аурудың көзi - тек ауру адам. Таралу жолы - ауа-тамшылы жол.

П а т о г е н е з і. Қызылша вирусы ағзаға жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтары және конъюнктива арқылы түсiп, шырышты қабықтар астына және лимфотүйiндерге түседi. Лимфотүйiндерде вирустар көбейiп, қанға енедi де, барлық ағзаға тарайды. Вирустың ең көп жиналатын жері: орталық жүйке жүйесі, өкпе, таңдай бездерi, iшектер, бауыр, көк бауыр. Осы жерлерде қабыну процесс дамып, токсиндер және аллергендер пайда болады, олар жалпы уытталу белгілерін және ішкі мүшелердің зақымдануын дамытады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Қызылшаның 4 дәрежесi бар: инкубациялық (жасырын), катаралды, бөртпе пайда болу кезеңi, пигментациялық кезең. И н к у б а ц и я л ы қ кезең 9-17 күнге созылады, егуден өткен балаларда 21 күнге дейiн созылады. Осы кезеңде аурудың клиникалық көрiнiстер әлi жоқ.

К а т а р а л д ы кезең 3-4 күн болады, осы кезде уытталу белгiлерi, жұтқыншақтың, жоғарғы тыныс алу жолдарының, ас қорыту мүшелер және конъюнктиваның шырышты қабықтарының катаралды қабыну процессі пайда болады. Уытталу белгiлерi әлсiздiкпен, бас ауруымен, тәбеттiң төмендеуiмен, дене қызуы 39° С көтерiлуi мүмкін. Катаралды көрiнiстер де пайда болады, олар: тұмау, құрғақ және жабысқақ жөтел, ерте жастағы балаларда круп белгілері айқындалады. Осымен қатар ас қорыту мүшелерiнiң дисфункциясы байқалады: жүрек айну, нәжiстiң сұйықтануы, және жиiленуi. Ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабығының өзгерiстерi: жақтың қызарған және iсiнген шырышты қабығында түпкелей тiстерге қарсы, ерiндерде, қызыл иектерде ұсақ ақшыл, жылтыр, қызыл шектi дақтар (Филатов - Коплик дақтары), жұтқыншақтың шырышты қабығында, қатты және жұмсақ таңдайда ұсақ жұлдыз тәрiздi энантемалар (ұсақ бөртпелер) пайда болды.

Б ө р т п е ш ы ғ у к е з е ң i. Аурудың төртiншi күнi уытталу және катаралдік белгiлерi күшейе түседi, баланың жалпы жағдайы нашарлайды. Дене қызуы жоғарлайды, баланың бетi iсiңкi, конъюнктивалары қызарған, бала күннің жарығынан қорқады, тұмау, қатты құрғақ жабысқақ жөтел, жұтқыншағы iсiнген және қызарған. Бала денесінде дақты - папулездi, iрi, көлемі 2-5 мм, бөртпелер пайда болады. Олар кезеңдеп, үш күн арасында, ағзаның үстiңгi жағынан төмен түседi, әуелi құлақ артына, маңдайға, бетке, екiншi күнi - денеге, үшiншi күнi - қол-аяққа тарайды.

Бөртпелер қосылуы мүмкiн, бiрақта бөртпе аралық терiнiң түсi өзгермеген. Бөртпе шығып болғаннан кейiн вирус ағзадан жойылады да, патологиялық өзгерiстер терiс қарата дамиды. Осымен байланысты, бөртпе төрт күндей сақталады, бесiншi күнi ағара бастайды. Кезеңдiгi сақталады.

П и г м е н т а ц и я л ы қ (бояутектік) к е з е ң. Бөртпе пайда болғаннан 3-4 күн өткенде басталады. Асқынулар болмаса - дене қызуы қалыптасады, катаралды көріністері басылады, біртіндеп бөртпе де басыла бастайды, бөртпенiң орнында қоңыр пигменттiк дақтар қалады, олар 1-2 жұмадан кейiн iзсiз жойылады. Бөртпе басылғаннан кейiн денеде және бетте ұсақ қабыршықтар қалады. Баланың жалпы жағдайы тез жақсарады.

Ауырлығына байланысты қызылшаның жеңiл, орташа және ауыр дәрежелерi бар.

Қызылша. Бала денесіндегі бөртпелер

Бiр жасқа дейiнгi балаларда туа бiткен иммунитет әлi сақталады, сондықтан оларда жеңiл түрi кездеседi. Бұл түрдiң аты "митигирленген"(mitis - жеңiл), бұл дәрежеде продрома кезеңi 1-2 күн, катаралды белгiлер жоқ не әлсiз, Филатов дақтары болмайды, аурудың жалпы ағымы жеңiл.

А с қ ы н у л а р. Аурудың ауыр түрiнде асқынулар пайда болады. Ең бiрiншi - тыныс алу және ас қорыту мүшелер жағынан: бронхиттер, қызылшалық круп, пневмониялар, стоматиттер. Басқа асқынулардан отит, орталық нерв жүйесiнiң асқынулары (энцефалит, серозды менингит, менингоэнцефалит) кездеседі.

Л а б о р а т о р л ы қ н а қ т а м а с ы.

Қызылша диагнозын қою үшін серологиялық зерттеу қолданылады (антиденелердi анықтау үшін).

Емдеудiң негiзгi шаралары. Көбінесе бала үйде емделеді. Емханага тек ауыр жағдайдағы, асқынулары бар, бір жасқа дейінгі балалар орналастырылады. Балаға:

1. жеңiл қортылатын диета;

2. симптомдық ем: конъюнктивитта - 20% сульфацил, натрий ерiтiндiсiн көзге тамызу, тұмауда - 2% протаргол ерiтiндiсi, жиi жабысқақ жөтелде - кадипронт, мукопронт, пертуссин, қақырықты сұйықтандыратын шөптер тұнбалары;

3. дәрумендер;

4. антигистаминдық дәрiлер;

5. интерферон қатарының дәрiлерi (лейкинферон);

6. әлсiз балаларға - қызылшаға қарсы гаммаглобулин;

7. асқынулар пайда болғанда антибиотиктер тағайындалады.

А л д ы н а л у ж ә н е э п и д е м и я ғ а қ а р с ы ш а р а л а р.

1. Ауырған баланы емханаға жатқызбаса да болады, ол тек 5 күнге оңашаланады. Баланың бөлмесін желдетіп, ылғалды жинастыру өткізу тиіс. Қарым-қатынаста болған балаларды айқындап, оларды бақылаған жөн: дене қызуын өлшеу, терісін және шырышты қабықтарын қарау, уытталу белгілерін анықтау және дәптерге белгiлеу. Бала мекемесіне 21 күнге карантин бекiтiледi. Қызылшаға тән егуді «Тримовакс» вакцинасымен 12 айда және 6 жаста өткiзедi. Балалар арасында ағзасын шынықтыратын шаралар өткізіледі, күн және тамақтану тәртібін сақтау қажет.

Қызамық

Қызамық - терiде ұсақ дақты бөртпемен, лимфа түйiндердiң ұлғаюымен сипатталатын немесе трансплацентарлық жолмен берiлiп, ауыр кемтарлыққа соқтыратын жедел жұқпалы ауру.

Қызамық дербес нозологиялық түрі ретiнде 1881 жылы бөлiнiп, жеңiл жұқпалы ауру болып саналды. Кешiрек осы жұқпа ауыр тератогендi зақымдарға әкелетiнi дәлелдендi. 1960 жылы қызамыққа байланысты АҚШ-та кәдiмгi апат пайда болды: қысқа уақытта 20 млн адам осы жұқпамен ауырып шықты. Шамалы уақыт өткесiн қызамықпен ауырған аяғы ауыр әйелдерден туған балалар арасында 2 миллионы туа біткен ақаулармен туды (көрмеу, кереңдік, туа бiткен жүрек ақаулары, қант диабетi т.б.).

С е б е п т е р і. Қызамықтың қоздырғышы - құрамында РНК бар фильтрленушi вирус. Қоршаған ортада тұрақсыз, бөлме температурасында бiрнеше сағат iшiнде өледi, 100оС - бiрнеше минут арасында, 20-40оС өз қасиеттерiн бiрнеше жыл сақтайды. Вирустың антибиотиктерге сезiмталдығы жоқ, химиялық факторлар әсерiнен тез өледi. Балалар арасындағы сезiмталдығы - өте жоғары. Қызамыктың эпидемиялары әр 3-4 жылдан кейiн болуы мүмкiн.

Жұқпаның көзi: ауру адам және тасымалдаушы. Берiлетiн жолы: ауалы-тамшылы және трансплацентарлық жол. Трансплацентарлық жолы бойынша жұқтырылған аурудың қоздырғышы, вирусемияға байланысты, анасынан ұрыққа берiледi. Әйел жүктiлiктiң бiрiншi үш айында ауырса, тератогендi әсерге байланысты бала өлi болып туылуы мүмкiн. Туа біткен қызамықта «қызамықтың классикалық синдромы» пайда болады: жүрек ақаулары, кереңдік және катаракта. Ақаулар басқа мүшелерде де пайда болуы мүмкін, олардың пайда болуы жүктіліктің мерзіміне байланысты: Әйел қызамықпен жүктіліктің бірінші екі айында ауырса - балада глаукома, катаракта, туа біткен жүрек ақаулары, ал жүктіліктің үшінші-төртінші айында ауырғанда- психикалық бұзылыстар пайда болады. Туа пайда болған қызамық кезiнде балалар вирусты 1,5 жас бойы бөледi. Вирус осы кезде тұрақты түрде тыныс жолдарының шырышты қабығында, ауызда, конъюнктивада, қанда, зәрде, нәжiсте болады

П а т о г е н е з: Қызамық вирусы адам ағзасына жоғарғы тыныс алу мүшелердiң шырышты қабықтары арқылы енiп, көбейе бастайды. Осынан вирус қанға түсiп, лимфа тiнiн және дер кезеңде терiнi де зақымдайды. Туа бiткен қызамықтың дамуында өзгешелiктер бар. Бала ағзасында вирус анасының қан ағымымен түсiп, хорионның эпителийлерiн және бала жолдасының қан тамырлар эндотелиiн зақымдайды. Сол жерден вирус эмбол түрiнде ұрықтың жасушаларына еңіп, қалыптасып жатқан мүшелердiң және жүйелердiң ақауларын пайда қылады.

Инкубациялық кезеңі орташа алғанда 18-23 күнге дейін болады.

К л и н и к а л ы қ к ө р i н i с т е р i. Продромалық кезең бiрнеше сағаттан 3 тәулiкке дейiн созылады және келесі көріністермен сипатталады: дене қызуы субфебрилдi цифрларға дейiн көтерiледi. Жалпы жағдайы өзгередi: әлсiздiк, бас ауруы, тәбетi төмендеуi, ұйқысыздық, бұлшық еттердiң ауырсынуы пайда болады. Тұмау, құрғақ жөтел, жұтқыншақ қышуы, көз жасы ағуы, конъюнктивит та қатар жүреді.

Д е р к е з е ң і н i ң к ө р i н i с т е р i. 1-2 тәулiкте бөртпе пайда болады: дөңгеленген түрлi, дақты, ұсақ, қызғылт түстi, терi түсi өзгермеген. Осы бөртпе әуелi бетте, құлақ артында пайда болып, он екi сағат арасында бүкiл денеге тарайды, көбiне қол-аяқта, арқада, жамбаста. Бөртпе бiрнеше сағаттан 4 күнге дейiн болады.

Балада катаралдық көріністер кездесуі мүмкін: мұрынның бітелуі, жұтқыншақтың қызаруы, құрғақ жөтел. Лимфоаденопатия байқалады - жүйке және құлақ артындағы лимфа түйiндері шошиды. Лимфоаденопатия 2-3 жұмаға дейін созылады. Реконвалесценция кезiнде баланың жалпы жағдайы жақсарады, катаралдық көрiнiстер жойылады. Асқынулар өте сирек кездеседі, ал кездессе асқынудың ең ауыр түрі - энцефалит және менингоэнцефалит.

Б о л ж а м ы: Туа бiткен қызамықтың болжамы қолайлы.

Л а б о р а т о р л ы қ н а қ т а м а с ы. Диагнозын қою үшін келесі әдістер көмектеседі: перифериялық қан анализі (лейкопения, лимфоцитоз, жоғары ЭТЖ), вирусологиялық әдіс (вирусты тiн культурасынан бөлiп шығару), серологиялық әдіс (антиденелердi айқындау).

Е м д е у д i ң н е г i з д е р i: балаларды көбiне уйден емдейдi, оларға 3-5 күн бойы жалпы жағдайы жақсарғанша дейін төсек режимiн тағайындайды. Арнайы емі жоқ, қажет болса симптомдық ем белгіленеді. Балаға дәрумендер, аяғы ауыр әйелдерге интерферон қатарының дәрi - дәрмектерi (лейкинферон) беріледі. Асқынулар кезiнде - антибиотиктер, гормондар көп мөлшерде, детоксикалық, тырысуға қарсы ем тағайындалады.

А л д ы н а л у ж ә н е э п и д е м и я ғ а қ а р с ы ш а р а л а р: аурған адамды үйден де емдеуге болады, ауру басынан оны 5 күнге оңашалау керек. Соңғы зерттеулерге байланысты оңашалау мерзiмдi туа бiткен қызамықта 1 жылға дейiн созылуы мүмкін. Қарым - қатынаста болған адамдарды 21 күн бойы жабық балалар мекемелерiне кiргiзбеу (бала бақшалары, санаторийлер, бала үйлерi). Аяғы ауыр әйел қызамықпен ауыратын адаммен қарым-қатынаста болса - қызамыққа тән антиденелерге зерттеу тиіс. Антиденелердің болуы - әйел қызамыкпен ауырып шыққанының белгісі, сондықтан қазіргі кездесу әйелге де, ұрыққа да қауыпсыз. Қызамыққа сезімталдықты төмендету үшін - балаларға белсендi иммунизация "Биавакс", "Тримовакс" вакциналарымен өткiзiледi.



  66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   Наступна

Дискинезиялар | ГЕЛЬМИНТОЗДАР | ЗӘР БөЛУ ЖӘНЕ ЗӘР ШЫҒАРУ МүШЕЛЕР АУРУЛАРЫ | Гломерулонефриттер | Созылмалы гломерулонефрит | Пиелонефриттер | Созылмалы пиелонефриттер | БАЛАЛАРДЫҢ Ж¦ҚПАЛЫ АУРУЛАР | Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар | Тұмау |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати