загрузка...
загрузка...
На головну

Пиелонефриттер

  1. Созылмалы пиелонефриттер

Баланың бүйрегі мен зәр жолдарының иммундық жүйесінің жақсы жетілмегендігінен, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бүйрек зақымдануына оның өзінің және зәр жолдарының әр түрлі іштен біткен ақаулары қолайлы жағдай туғызады.

Жедел ағымды пиелонефрит - микробтар туғызатын бүйректің астауша - тостағанша жүйесі мен өзекшенің интерстиций тініндегі қабыну.

С е б е п т е р і.Аурудың қоздырғыштарына ішек таяқшасы, протей, стрептококк, стафилококк, энтерококк, клебсиелла вирустар, т.б. қоздырғыштар жатады. Жедел пиелонефриттің дамуына үш жағдай әсер етеді: иммунитеттің төмендеуі, белсенді және көп мөлшердегі жұқпалар, бүйрек микроайналым арнасының бұзылысы.

П а т о г е н е з і:Жұқпа жұғу жолдары: уриногендік, гематогендік, лимфогендік. Жұқпаның төменнен жоғары қарай зәр жолдарымен көтерілуі немесе қан арқылы түсуі алғашқы айлардағы сәбилерде дамиды. Жұқпаның лимфогендік жолмен жұғуы сирек кездеседі. Барлық жағдайда да уродинамиканың бұзылуы шарт. Пиелонефриттің дамуына баланың жалпы жағдайы, иммундық қорғаныс жағдайы бұзылу әсері зор. Нәрестелерде пиелонефрит ананың жұқпаларынан, сепсистен, асфиксиядан пайда болуы мүмкін. Бір жасқа дейінгі балаларда пиелонефриттер туа біткен ақаулар, зәр бөлу жүйесінің жүйкелі реттеуі бұзылыстары, іш ауруы, эксикоз, гипокалиемия, пневмония, рахит, гипотрофия, Д-гипердәрумендігі әсерінен де дамиды. Үлкенірек балаларда құрттар инвазиясы, дәрі-дәрмек, аллергия салдарынан болады. Қыз балаларда аурудың дамуы зәр жолының қысқалығына байланысты.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і.Пиелонефриттіңбіріншілік және екіншілік түрлерін ажыратады. Біріншілік пиелонефрит өздігінен пайда болады. Екіншілік пиелонефрит туа біткен бүйрек және зәр бөлу мүшелер ақауларына байланысты туады. Клиникалық ағымы бойынша жедел (ұзақтығы 6 айға дейін) және созылмалы ((ұзақтығы 6 айдан астам) пиелонефрит болады. Созылмалы пиелонефрит клиникалық көріністеріне байланысты толқын тәрізді және жасырын түрлі болады.

Нәрестелерде және алғашқы айлық балаларда пиелонефрит өте ауыр түрде өтеді. Оның ағымында келесі негізгі синдромдар кездеседі: жалпы уытталу, ауырсыну, дизуриялық және зәрлік. Ж а л п ы у ы т т а л у б е л г і л е р і н е баланың дене қызуы 38-40º жетуі, басы ауыруы, жүрегі айнуы, құсу және диспепсиялық бұзылыстары жатады. А у ы р с ы н у с и н д р о м ы сәбилердің іші, оң немесе сол бүйірі ауыруымен, ересек балаларда жағымды Пастернацкий белгісімен сипатталады. Д и з у р и я л ы қ б е л г і л е р і жиі, көп мөлшерде және ауырсынып бөлінетін зәрмен, никтуриямен зәрді ұстай алмай қалумен, қалыптасады. Үлкенірек балаларда дизуриялық белгілер білінбейді, болса да байқау қиын; жалпы белгілері азырақ, хал-жағдайы жеңілірек. Негізгі белгісі - лабораторлық тексерістен табылатын өзгерістер.

З ә р л і к с и н д р о м бойынша зәрдің түсі ақшыл тартып, мөлдірлігі бұзылады. Көптеп лейкоциттер, аздап ақүыз, жеткілікті мөлшерде эпителий жасушалары табылады. Сонымен қатар, эритроциттер көбейіп, макрогематурия да орын алуы мүмкін. Бактериялар да көп. Зимницкий сынағы зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендегенін көрсетеді. Қандағы өзгерістерге ЭТЖ-ның жоғарылауы, нейтрофилді лейкоцитоз жатады.

А с қ ы н у ы: бүйрек абсцестері, паранефрит, карбункул т.б.

Д и а г н о з ы: Кішкентай балаларда жедел ағымды пиелонефрит диагнозын қою қиын. Оларда түсініксіз уытталу, себепсіз дене қызуы көтерілсе - бала зәрін тексеру қажет. Ересек балаларда іш, бел ауруы, дизурия белгілері диагноз қоюға көмектеседі. Диагноз лейкоцитурия, бактериурия дәрежелері табылғаннан кейін анықталады. Әрі қарай аномалия, тас, рефлюкс т.б. жағдайлар тексеріледі (урография, цистография, т.б.)

А ж ы р а т у д и а г н о з ы: Сәбилерде - сепсистен, жедел ағымды аппендициттен, жедел ағымды гломерулонефриттен ажырату керек.

Е м і: аурудың жедел ағымында баланы емханаға жатқызу абзал. Балаға төсек тәртібі белгіленеді. Баланың белін, қуығын, аяқтарын жылуда сақтау керек. Диетаға ащы, бұрышталған, қуырылған, экстратті заттары көп тағамдарды еңгізбеу. Алғашқы күндері тұзы аз, сүт және өсімдік тағамдар беріледі. Балаға аурудың жедел кезеңінде жетінші, жағдайы жақсарғаннан кейін бесінші диета белгіленеді. Тәулікті сұйықтықтар көлемі қалыптыдан 2,5 есе жоғары болу тиісті. Қосымша сұйықтықтарды балалар қарбыз, шырындар, сілтілі минерал сулары бойынша алады.

Аурудың негізгі емі ұзақ уақытқа (бірнеше ай) созылады. Негізгі емі -антибиотикотерапия. Антибиотиктерді зәрден бөлінген қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығын белгілегеннен кейін балаға береді. Көбіне, пенициллиндерді, аминогликозидтерді, цефалоспориндерді қолданады. Сульфаниламидтер арасында - бисептолға және сульфаленге артықшылық беріледі. Диспепсиялық жағдайларды азайту үшін нитрофурандық дәрілер қолданылады (фурагин, фураднин, фуразолидон). Оларды А,С, Е, В6 дәрумендермен бірге беру керек. Пиелонефриттің ауыр түрінде тамыр арқылы солафур, фурокример белгілейді; налидоксин қышқылының препараттарын беруге болады (невиграмон 50-60 мг/кг тәулігіне, неграм), никодин, 5-НОК (8-10 мг/кг тәулігіне). Шаншып ауырған кезде но-шпа, папаверин сияқты спазмолитиктер беріледі. Токсикоз белгілері болса, инфузиямен ерітінділер жіберіледі. Емнің ұзақтығы 2 айдан кем болмауы жөн.

 



  60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   Наступна

Теміртапшылық анемиялар | Лейкоздар | ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ДИАТЕЗДЕР | Геморрагиялық васкулит | Гемофилия | Стоматиттер | Дискинезиялар | ГЕЛЬМИНТОЗДАР | ЗӘР БөЛУ ЖӘНЕ ЗӘР ШЫҒАРУ МүШЕЛЕР АУРУЛАРЫ | Гломерулонефриттер |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати