загрузка...
загрузка...
На головну

ГЕЛЬМИНТОЗДАР

Гельминттер - ол адам және жануарлар денесінде паразиттік өмір суретін құрттар. Олардың тарауында негізгі рөл қанағатсыз санитарлық жағдайға және төмен тұрмыстық мәдениетке беріледі. Бұл кұртардың қоздыратың ауруларын "гельминтоздар" дейді. Гельминттер өздерінің улы заттарын бөлу арқылы аурушаңдық жағдайларға ұшыратады: ішектің қызметін бұзады, зат алмасуын бүлдіреді, аллергия жағдайды туғызады, кейде ішек туйілуі мумкін. Гельминтоздар негізгі үш топқа бөлінеді:

Биогельминтоздар - қоздырғыш ағзасында гельминттердің жұмыртқалары дамитын жануарлардан адамға жұғады (тениоз).

Геогельминтоздар - қоздырғыш адам ағзасына қоршаған ортадан еңіп, ауруға шалдықтырады(аскаридоз).

Жанасуға байланысты гельминттер - қоздырғыш ауру адамнан немесе заттар арқылы дені сау адамға жұғады (энтеробиоз). Балаларда ең жиі кездесетіні - аскаридоз және энтеробиоз.

Аскаридоз

А с к а р и д о з - жұмырт, узындығры 25-40 см болатын ақ құрттармен қоздырылады. П а т о г е н е з і. Аскаридтер аш ішекте өмір суреді, тәуілік бойы ішекке салынған 200000 жумыртқасы нәжіспен сыртқа шығып, топырақта дамып жетіледі. Баланың аузына лас қол, су, жеміс - жидектер, көкөністер арқылы түсіп, ішекке жетеді. Адамның ішеғіне түскенде жұмыртқаның қабығы түсіп, ішінен личинка шығады. Ол ішектің қабырғасын тесіп, қақпалық көк тамырға, бауырға, төменгі бос көк тамырға түсіп, қан ағымымен өкпеге жетеді. Альвеолалар қабырғалары арқылы личинка бронхиолдарға және бронхтарға жетіп, соңынан қақырықпен бірге ауыз қуысына түседі. Жұтқаннан кейін олар қайтадан аш ішекке түсіп, ересек гельминттерге дейін дамып жетеді. Жұмыртқаны жұтқаннан кейін ересек аскаридаға дейін дамығанына дейін 75-90 күн өтеді.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Аскаридтың даму циклында миграциялық (ерте) және ішектік (кеш) фазаларын айырады. Миграциялық кезеңде личинкалар сенсибилизациялық және механикалық әсерлер туғызады, осы әсерлерге байланысты теріде бөрітпе, кеуденің ауырсынуы, жөтел пайда болады. Бронхиттер, пневмониялар, өкпеде эозинофилдық инфильтраттар пайда болады. Дене қызуы сәл көтерілуі мүмкін. Ішектік түрі белгісіз өтуі мүмкін немесе түрлі-түрлі клиникалық көріністермен: көп мөлшерде сілекей бөлініп, баланың жүрегі айнып, қүсу, кіндік аймағында толғақ тәрізді аурсыну пайда болады. Бұл аурсыну тамақтанғаннан кейін пайда болғаннан, бала құсып қоюға қорқып тамақ ішпейді, жүдейді. Бала шаршағыш, әлсіз, қан қысымы төмендейді, дүрыс ұйқтамағаннан басы айналады, ауырады; бала уйқтап жатып тісін қайрайды. Қанында анемия, эозинофилия, ЭТЖ жоғарлауы. Нәжіс жақпасында- аскарид жұмыртқалары табылады. Аскаридтар көп болғанда ішектің өткізгіштігін бұзады.

Е м і. Миграциялық фазасында димедрол, кальций хлорид, кальций глюконат белгілейді Әдейіленген емге гельминттерге қарсы дәрі-дәрмектер белгіленеді: комбантрин, пиперазин, вермокс, нафтамон, дифезил, декарис, ас қабақ дәні.

Энтеробиоз

Э н т е р о б и о з - кішкене, жұмыр, ұзындығы 4-12 мм құрттары - острицалармен қоздыралады. Аурудың көзі болатын тек адам. Олар аш ішектің төменгі бөлігінде және тоқ ішекте өмір суреді, аналық құрттары тунде тік ішектен шығып айналасындағы қатпаларға жұмыртқа салады, 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп жетіледі. Острицалардың белсенді қимылдары анус аймағының қатты қышуын қоздырады. Бала перианалдық аймағын қасыған кезде тырнақ астына жұмыртқалар жиналады, бала жеке бас гигиенасын сақтамаған кезде өзіне - өзі қайтадан гельминттерді жүктырады (аутоинвазия). Энтеробиозды киім, төсек, ойыншақ, қыш құмыра арқылы жұқтыруға болады. Острицалардың өмір ұзақтығы үш-төрт жұма, бірақ реинвазия кезінде ауру ұзаққа созылуы мүмкін.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Баланы анус аймағындағы қышу мазалайды, бала нашар ұйықтайтын болады, мазасыз, тынышсыз, жиі іш ауруы мазасыздайды, тәбеті төмендейді, түнгі зәр ұстамауы пайда болады. Острицалар қыз баланың жыныс мүшелеріне кіріп кеткенде - қынабының қабынуы пайда болады. Қышынуға байланысты қажырлы ағымды дерматиттер пайда болады. ¦зақ уақытқа созылатын энтеробиоз баланың жүйке-психикалық дамуына теріс әсер етеді, бала оқуы қалып қояды. Энтеробиоздың диагнозын қою үшін анус қатпарларынан жақпа алады.

Е м д е у . Энтеробиоздың емі барлық ауыратын адамдарға белгіленеді. Берілетін дәрілер арасына келесі дәрі-дәрмектер кіреді: комбантрин, пиперазин адипинат, вермокс (мебендазол), нафтамон, дифезил, пирантел, фенасал, декарис, ас қабақ дәні, пирвиний памоат, минтезол. Содалы клизмалар қолдануға болады.

Гельминтоздар терапиясының негізі - жеке бас гигиеналық ережелерін сақтау болып тұр. Емделіп жатқан бала бар жерде: бала бақшаларында, мектептерде, от басында - күнде сабынды-содалық ерітінді қосылған ерітіндімен ылғалды жинастыру өткізу керек. Ол үшін кілемдерді, жұмсақ ойыншақтарды шаң сорғышпен өндеу керек, бөлмеде көрпелерді, ақжаймаларды қағуға болмайды, ақжаймаларды ыстық үтікпен үтіктеу абзал. Баланың емі біткен соң шымылдырықтарды және дастархандарды ауыстырған жөн. Таңертен, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін міндетті түрде қолды сабынмен жуу керек. Энтеробиозбен ауыратын баланың тақымын түнге қарата жуып, анусына вазелин майын жағып, анус ішіне құрттар шықпас үшін мақта тампонын тығып қою. Бала денесіне тығыз жапсарласатын таза дамбал кигізу керек. Таңертен тампонды алып тастау, баланын тақымын қайтадан жуу, дамбалын ауыстыру керек. Бала қолын сабындап жуу. Тырнақтары қысқа қиылғаны абзал.

А л д ы н а л у. Ауру балаларды анықтап, емдеу; балалар және ата-аналар арасында санитарлық-ағарту жұмыс өткізу, жеке бас гигиенасының шараларын қатаң түрде сақтау

 



  56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   Наступна

Іштен біткен жүрек ақаулары | Іштен біткен жүрек ақаулары | Ревматизм | АН ТүЗУ МүШЕЛЕР АУРУЛАРЫ | Теміртапшылық анемиялар | Лейкоздар | ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ДИАТЕЗДЕР | Геморрагиялық васкулит | Гемофилия | Стоматиттер |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати